ҰЛЫЛЫҚҚА БАСТАР ҚАДАМ
Егер қаласа әркім де ақылды бола алады. Әрине төменде келтірілген ұсыныстар ақылсыз адамды Эйнштейн қыла алмайды.
Дегенмен Денверлік психолог Лесли Стэнланд, бұл тәсілдердің қайсысы болса да ақыл-ой мүмкіндігін арттырып, интеллектті күшейтеді деп санайды.
Стэнландтың айтуынша икемділік күн санап жиналады. Сондықтан күнделікті тәсілдердің бірін болса да ұдайы қолданыңыз.
Классикалық музыканы, әсіресе Моцартты көп тыңдаңыз. Психологтың ойынша бұл әуез шығармасын күнде 20 минут тыңдағанда арта түседі.
Көк және дәрілік шәй ішіңіз. Олар ми қан айналысын жақсартады, есте сақтау қабілетін арттырады және ақыл-ойлау мүмкіндігін күшейтеді.
Күнделікті 20-30 минут таза ауада қыдырыңыз. Ғалымдардың бақылаулары рекорд үшін емес әрекеттер, мысалы жүру жеңіл жүгіру немесе велосипед тебу интеллект жақсаруына қозғау салады дейді.
Көбірек белогы бар ас ішіңіз. Балықтың ми үшін басты тағам екендігі бұрыннан белгілі.
Сонымен қатар протеинге бай ас (сиыр еті, тауық, ірімшік) ми қызметіне оңды ықпал етеді. Күнбе-күн жарты таблетка аспирин ішіңіз. Кейбір адамдарда аспиринге қарсы аллергия болуы мүмкін. Егер дәрігер рұқсат етсе. Аспирин миға қанның келуін күшейтіп, сіз жақсырақ түсіне бастайсыз.
Сөзжұмбақ шешіңіз. Бұл іс сізге жазумен қатар ой жүйесін жақсартады.
Алкоголь мен шылымды тұтынуды азайтыңыз.
urimtal айтты,
Қараша 8, 2008 at 6:17 тк
1. Моцарт шығармаларын онша түсіне алмаймын. Күнде тыңдамасам да кейде мәжбүрліктен (бір ағамыздың машинасында үнемі классика ойнап тұрады) тыңдаймын
2. Көк шәй қан қысымымда түсіріп жібереді. Дәрілік шөптің орнына қызыл шай немесе қайнаған су ішкенді жөн көремін
3. Алматыда таза ауа табу қиындау
4. Тырысып көру керек.
5. Алкоголь мен шылымнан аулақпыз. Бірақ кейді шылымның түтінін жұтуға мәжбүр болатын кездер болады.
Көп сылтау айтып кеттім, шамасы ақылды болғым келмейді-ау
aral53 айтты,
Қараша 9, 2008 at 8:42 тд
Кез-келген адам өз ішкі әлемінде ұлы және де өз жасағандарын дұрыс деп санайды.
ansar08 айтты,
Қараша 16, 2008 at 4:09 тк
//Сөзжұмбақ шешіңіз. Бұл іс сізге жазумен қатар ой жүйесін жақсартады.// Қазақша сөзжұмбақтарды бір аптаның ішінде жаттап алуға болады
Одан көп уақытқа азық бола қоймас. Ал орыс тілділер керемет. Адамның білім кеңістігін кеңейтеді.
мен айтты,
Шілде 18, 2009 at 5:31 тд
Сонғы уакытта жанды классикалық музыканы естісем, біртүрлі болып, козіме жас келетін болып жур… неге екен, а?!
aral53 айтты,
Шілде 18, 2009 at 6:13 тд
Көңіл-күйдің тәулік сайын құбылуы кез келген адамға тән. Егер сіздегі белгі ұдайы қайталанатын болса, онда маманға қаралған жөн. Әрине, әуен оның ішінде классикалық музыка адам жанына терең ықпал етеді.
Ақмаржан Ақтаудан Алмас айтты,
Қараша 12, 2009 at 8:01 тд
aral53, сізге жеке хат жазуыма бола ма? Мені де психологиялық ауытқушылықтарым мазалап жүр, маған срочно көмек керек!
aral53 айтты,
Қараша 12, 2009 at 3:03 тк
Алмасқа. Маған жеке хат жазып, кеңес алуға болады. Тегін және құпиялық сақталады. Бастысы психологиялық ауытқушылықты толығырақ, мұқият жазыңыз. Маңызды дегендерді ескерусіз қалдырмаңыз. Менің эл. поштам: serik_smagul.kz@mail.ru. Серікбай Смағұлұлы, Қызылорда қаласы.