Қараша 10, 2008, 4:38 pm | Posted in Адам психикасының құпиялары | 3 пікір
Ілмектер: Add new tag
Практикалық психологияда және коучингте сауал қоя білу әңгімелесу барысында зор рөл атқарады. Жалпы жабық сауалдан гөрі ашық сауалдарды пайдалану жақсы нәтижеге жеткізеді.
а) Жабық сауалға «иә», «жоқ» немесе басқа бір сөзден тұратын деген жауап қайтарылады.
ә) Ашық сауалдарға: қалай?, қалайша?, қашан?, қандай?, қай жерде?, неге?, неліктен?, не үшін?, қанша? және т.б. сұрақ сөздері жатады.
б) Бағыттаушы: мүмкін, бәлкім…
в) Қайтымды сауал: «Мен Сізді дұрыс түсінсем»
г) Қарапайым: Сіздің мүмкіндігіңіз бар ма?
д) Риторикалық (шешендік) сауалдар: Егер адамдар барлығына риза болса, онда өзгеріс іздей бастамай ма?
ж) Жасырын сауал: Мұны Сіздің қалай қолдануды қалайтындығыңыз маған қызықты.
з) Жалған таңдау: Сіз бұл білгенді бірден немесе біртіндеп пайдалана бастайсыз ба?
Менің бір аңғарғаным: қазақ билерінің және шешендерінің сөздерінде мол қазына жатыр. Оны қазіргі заман талабына лайықтап қолдану мүмкіндігі шексіз.
Қараша 7, 2008, 3:56 pm | Posted in Адам психикасының құпиялары | Пікір қалдыру
Тұрмыстық химиялық бұйымдармен болатын уытқұмарлық кәмелетке жасы толмағандар жиі тұтына бастайтын негізгі токсикалық агенттер, хош иісті көмірсутектері бар тұрмыстық химия бұйымдары болып табылады.
Бүгінде ең кең тараған уыттық зат ретінде «Момент» желімі белгілі. Жасөспірімдердегі еліту сезімі бұл бұйымдардың буын иіскеу жолымен пайда болады. Осы мақсатта олар бес-он адамнан топқа бастарын біріктіріп, әр түрлі орындарда (жертөледе, шатырда, лифтте) жиналады.
Желімді тұтынуға жетелеуші күш сананың әртүрлі деңгейдегі күңгірттену жағдайына жету. Бұл кезде аяқталған сюжеттік сипаты бар әрқилы және басқаруға көнетін елестік (галлюцинаторлық) көріністер, қайғырулар пайда болады. Өзара жасырын тілдесуде (сленг) бұл мультик көру деп аталады.
Көбіне қанды шайқас, порнографиялық фильмдерден көріністер пайда болады. Бір ерекшелігі елітіп мас болған адам бұған белсене қатысып, араласа алады.
Тұрмыстық химиялық бұйымдармен жедел улану белгілері: терінің қызаруы, беттің ісінуі, мұрын арқылы қиналып дем алу. Тілді көбіне сарғыштау тұнба басқан, көздері ойнақшып, қарашықтар үлкейеді. Қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы және қолдардың дірілдеуі байқалады. Сөздер бөлініп, қойылған сауалға әдетте қысқа жауап қайтарылады.
Жасөспірімдегі белгілі белсенділікке қарамастан, онда аздап оқшаулану, өзіне келе алмау жағдайы көзге түседі. Көңіл-күйі көтеріңкі көңілді, немесе ызалы – тұнжыр болуы ықтимал. Кейде жасөспірімнен өткір химиялық иіс, бетінен, киімінен желімнің ізі байқалады.
ГАШИШТІК НАШАҚОРЛЫҚ
Гашишке қауіпсіз есірткі даңқы еріксіз таңылған. Гашишті шегу түрінде тұтыну жастар арасындағы кең тараған құбылысқа айналды. Кейбір жастар тобында дәстүрлі алкоголъді марихуана алмастырады.
Гашиштік мастануға шексіз көңілдену, қарқылдап күлу, қисынсыз (адекватты емес) оқиғалық жағдайлар тән. Қозғалыс үйлесімділігі ауытқыған, заттардың көлемі мен олардың кеңістіктегі ара-салмағын түйсіну бұзылады.
Мәселең, мас адам кеңдеу есіктен бір қырымен өтсе, төбесі биік бөлмеде еңкейіп отырады. Гашиш тұтынғанда жалпы вегетативтік реакциялар әрқилы болуы мүмкін: қарашық кенет ұлғайып, кейде шұғыл кішірейеді, тері қызарып немесе бозарады.
Егер есірткіні шегу нашар желденетін, қапырық бөлмеде өтсе, онда киімнен күйген шөпке тән өткір иіс білінуі ықтимал. Гашиш тек организмді күйретіп қана қоймай, сондай – ақ кейде ең қауіпті есірткілерді тұтынуға итермелейді.
ГАЛЛЮЦИНОГЕНДЕРМЕН УЛАНУ
ЛСД (лизергин қышқылының диэтиламиді), фенциклидин, мескалин сияқты психоделикалық есірткілермен немесе мұндай әсерге ие дәрілік заттармен (калипсол және циклодол) улануға төбеден ұрғандай жағдай және сананың күңгірттенуі тән.
Коршаған әлем жалған күйде қабылданады.Улану (интоксикация) жағдайындағы адам айтылған сөзі қабылдамауы немесе қойылған сауалдарға сәйкес емес жауап беруі мүмкін. Бет-әлпетінде таң қалу, қызығу белгісі, алайда кейде қорқыныш, үрей эмоциялары болуы, білінуі ықтимал.
Елестің (галлюцинацияның) болуы дүниеде жоқ заттарды ұстауға, жоқ адамдармен сөйлесуге талпыныс білдіру көрсетеді. Мінез – құлықтағы жалпы пассивтік байқалып, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады. Қарашық ұлғайып, тері бозарып, кілегей қабықтар құрғақ болады.
АПИЫНДЫҚ НАШАҚОРЛЫҚ
Апиынның әртүрлі тармақтары салыстырмалы алғанда арзан және қолдан дайындалатын есірткі қарамықша (черняшка), елімізге жасырын жеткізілетін героиннің тарауы асқан қауіптілік тудырады.
Апиын туындылары нашалық тәуелділік қалыптасу бағытында өте қатерлі болып табылады. Апиындық топ заттарымен улану жөнінде терінің бозаруы, кілегей қабықтың құрғақтығы, жарыққа реакциясы күрт төмендеген қарашықтың кішіреюі хабардар етеді.
Сана, егер мөлшерден тыс есірткі тұтынылмаса, айқын болады. Көңіл-күй тәтті дене босаңсуымен, елту бей-жайлығымен, эйфориямен сипатталады. Қозғалыс, қимыл үйлесімділігі, басқа да апиын препараттарын пайдаланғандағы өшпенділік, ыза мүлдем болмайды.
Есірткілердің бұл тобына көктамырға (венаға) енгізіп қолдану, сонымен қатар героиннің ұсақ кристалды ұнтағын мұрын арқылы иіскеу тән.
Апиындық нашақорлықта қалтырап тоңумен алмасатын тершеңдік, жас ағу, түшкірумен бірге өтетін абстиненция синдромының аса айқын көріністері болады.
Ал кейде іш өту, көбіне бұлшық еттердегі әртүрлі ауырсыну сезімдері, бір орында ұзақ отыра алмауымен қатар күйде байқалады.
ПСИХИКАЛЫҚ КҮШЕЙТУШІ ЗАТТАРМЕН УЛАНУ
Сексенінші жылдардан бастап бұрынғы КСРО-да (кеңестік социалистік республикалар одағы) эфедрон және первитин сияқты амфетаминдер тобына жататын психикалық белсенді заттар кең тарады.
Соңғы 2 – 3 жылда Ресейде және біздің елімізде шетелдерден келетін кокаин мен синтетикалық (жасанды) амфетаминдерді тұтыну артып келеді.
Алайда первитин мен эфедронды қолдану өзектілігі олардың арзандығы және синтездеуінің салыстырмалы түрдегі жеңілдігіне сәйкес сақталуда. Психикалық ынталандырушы заттарды қабылдаудағы нашақорлық өту ауырлығы және зардаптарының қауіптілігімен ерекшеленеді.
Психикалық ынталандырғыштармен жедел улануға терінің бозаңдығы, қарашықтың ұлғаюы, көздің ойнақшуым тән. Бұл есірткілерді қабылдаған адамдар көңілді де ойнақы. Олардың жоғары қимыл белсенділігі, айналасындағыларға жабысу байқалады. Сөйлеу жылдамдығы тез, ой түюлері беткейлі және жүйелі емес.
Психикалық ынталандырушы (психостимуляторды) венаға енгізгенде әдетте қолдардағы көктамыр бойынан көптеген жасалған инъекциялардың орындары байқалады.
Есірткі заттарын жүйелі ұдайы қабылдау дене массасы тапшылығының артуымен, ұйқы бұзылуымен, неврологиялық ауытқулармен қоса қабат жүріп, орталық нерв жүйесінің диффузды зақымдалуын көрсетеді.
ЭКСТАЗИ ПАЙДАЛАНУ
Экстази сияқты модаға біртіндеп енген есірткі туралы бөлек сөз қозғаған жөн. Оның тарауы елімізде көңіл көтеру индустриясының дамуымен сабақтас.
Ол қабылдауға ыңғайлы түймедақ (таблетка) күйінде өндіріліп психостимулятор және галлюциноген қасиеттерін иеленеді. Экстази көбіне дискотекалық есірткі ретінде қолданылады.
Ол қазіргі заманғы жоғары ырғақты музыканы қабылдауды жеңілдетуге арналады және көптеген сағаттар бойына шаршағанды сезбей билеуге мүмкіндік береді.
Экстази қымбат тұрады және оны тұтынушылар одан арзандау кокаин немесе героинді жүйелі қабылдауға жеткілікті қысқа мерзімде тез ауысады.