Адамдардың әлемді тануы

Қараша 6, 2008 at 8:56 тк | In Uncategorized | Leave a Comment

«Зағиптар мен піл»

 

«Таулардың арғы бетінде барша тұрғындары зағип үлкен қала  болды. Бір күні әлдебір жат жұрттық патша өз әскерлерін қаладан қашық емес жазықтыққа лагерь ретінде орналастырды, оның әскерінде көптеген шайқастарда даңққа бөленген ірі әскери піл болды. Ол өзінің түрімен ғана жаулардың зәре-құтын қашыратын. Қала тұрғындарының бәрі: бұл не піл дегенді білуге шыдамсызданады. Және де көп кешікпей соқырлар қауымының бірнеше өкілдері бұл мәселені шешу үшін, патша лагеріне баруға асықты. Пілдің қандай болатындығы туралы титімдей түсінік иеленбеген олар пілді жан-жағынан сипалауға кірісті. Бұл кезде әрбірі оның бір бөлігін сипалау арқылы енді бұл мақұлық жөнінде барлығын білемін деп шешті.

Зағиптар қайтып оралғанда, оларды тағатсыздана күткен қалалықтар тобыры қоршап алды. Терең түсініксіздікте болған зағиптар қателескендерден шындықты білуге ынтықты. Соқыр сарапшылардан бір-бірімен киліге пілдің түр-сипаты туралы сұрастырып, олардың түсініктерін тыңдады. Пілдің құлағына қол тигізген адам: «Піл – бұл кілем сияқты үлкен, кең және түкті»,- деді. Тұмсығын сипаған адам: «Піл туралы менде нақты мәлімет бар. Ол тура іші қуыс, қорқынышты және күйреткіш құбырға ұқсайды»,- деді. Аяғы мен табанын сипаған үшіншісі: «Піл бағана сияқты күшті де мықты» деп қарсылық білдірді. Олардың әрқайсысы пілдің көптеген мүшелерінің тек біреуін ғана сипап байқады. Және әрқайсысы оны қате қабылдады. Тұтасты қамтуға олардың ақылы жетпеді, өйткені білім зағиптардың серігі бола алмайды. Олардың барлығы піл туралы елестетіп көрді, және де барлығы бірдей ақиқаттан алыстады. (Идрис Шах)».

Адамдар неге “пси” деген жалғауы бар сөздерден қашады?

Қараша 6, 2008 at 8:46 тк | In Практикалық психология | 7 Comments
Tags:

Басқаларды білмеймін, жалпы қазақтар “пси” деген жалғауы бар сөздерден қашатын сияқты. Мәселен психиатрға, психотерапевтке немесе психологқа ынталана барып жүрген адамдар некен-саяқ. Мұның себебінің бірі егер оларға барсам, демек мені есі ауысқан, не жынды деп санайды деген ой болса керек.

Медицина қазақша сауатты сайрап тұратын кез болар ма екен?

Қараша 6, 2008 at 8:44 тк | In Өмірден түрткендерім | Leave a Comment

Қазір елімізде медицинадағы әр салаға байланысты өз кәсіби журналы не газеті жарық көреді. Арасында бірен-саран қазақ тіліндегі мақалалар, немесе ғылыми зерттеулер болмаса, қалғандары түгелдей орысша. Медицинадағы қазақтың тілі қашан көгереді? 

Қазақтар әлі де бақсы, балгерге баруын тияр емес.

Қараша 6, 2008 at 8:41 тк | In Өмірден түрткендерім | 6 Comments

Қазағым жиырмасыншы ғасырды соңына тастап, жиырма бірінші ғасырға капитализммен аттады. Медицина ғылымының жетістіктері де жеткілікті. Соған қарамастан әлі де бақсыға, балгерге, құмалақшыға, тәуіпке, емшілерге сенетін адамдар табылады. Таң қаламын.

Сүлеймен Пайғамбардың сиқырлы жүзігі

Қараша 6, 2008 at 8:19 тк | In Uncategorized | 6 Comments
Tags:

Сүлеймен Пайғамбар ашуланып, ызаланған кезде, шыдамсыздық танытқанда “Не істеймін?” деп бір данышпаннан сұрапты. Ол жазу бар жүзік берген екен, онда: “Бәрі де өтеді” деп жазылыпты. Пайғамбар осы жүзікке қарап сабасына түседі екен. Бірде шыдамсызданған ол жүзікті лақтырып жібереді, бірақ ішкі бетіндегі жазуға назар аударады. Онда: “Бұл да өтеді” деп жазылған. Ал Сізді ыза буғанда не істейсіз?

Менің блогтағы жазбаларым туралы

Қараша 6, 2008 at 4:24 тк | In Uncategorized | 6 Comments

Менің блогтағы жазбаларым туралы айтар болсам, белгілі бұқара жыршысы Өмір КӨШЕКБАЙҰЛЫНЫҢ жырынан үзінді келтіргелі отырмын.

 Керегің болса өзің ал,

Ынтаменен назар сал,

Артық-кемін қаралық.

WordPress.com -дағы блог. | Theme: Pool by Borja Fernandez.
Entries and comments feeds.