Сүлеймен Пайғамбар ашуланып, ызаланған кезде, шыдамсыздық танытқанда “Не істеймін?” деп бір данышпаннан сұрапты. Ол жазу бар жүзік берген екен, онда: “Бәрі де өтеді” деп жазылыпты. Пайғамбар осы жүзікке қарап сабасына түседі екен. Бірде шыдамсызданған ол жүзікті лақтырып жібереді, бірақ ішкі бетіндегі жазуға назар аударады. Онда: “Бұл да өтеді” деп жазылған. Ал Сізді ыза буғанда не істейсіз?
akzere айтты,
Қараша 10, 2008 at 4:33 тд
Осы сөз әрдайым жадымда жүреді. Көңілімді түсірген бір жағдайлар болып жатса, “Бұл да өтеді” деп өзімді сабырға келтіремін.
Ал көңілімді көтеру үшін бір жақсы кино немесе Комеди клаб сияқты әзілді бағдарламаларды көремін.
aral53 айтты,
Қараша 10, 2008 at 3:02 тк
Бұл сөзді пайдаңызға жаратқаныңыз қандай жақсы. Өйткені бізден бұрын да бұл өмірде адам болды, кейін де болады. Олардың тағылым қылар нақылдарынан өнеге алып өмірді барынша нұрландырған жөн.
Ника айтты,
Қыркүйек 28, 2009 at 4:23 тд
Ашуланып-ызыланган саттерде 1-2 саг. унсіз, сойлемей отыратын адетім бар. Сонда аздап ашуым басылатындай корінеді.
))
Бірак кейде ренішімді достарыма айтып, уйдегі ыдыс-аякты сындырып, жумыста болсам, кагаз-каламды лактырган дурыс па деймін…
aral53 айтты,
Қыркүйек 28, 2009 at 6:46 тк
Сабыр түбі – сары алтын дегендей. Ашу-ызаны тізгіндеудің басқа жолдарын қарастырған жөн сияқты. Оны тренингке белсене қатысып және арнайы психологиялық кітаптарды оқып үйренуге болады.
Жанагуль айтты,
Қазан 9, 2009 at 11:35 тд
Менин де осы соз ардайым жанымда журеди. Кейде достарым ренжиген кезде немесе шаршаган кезде осы созди айтатынын. Мына блог оте маган унады.
aral53 айтты,
Қазан 14, 2009 at 1:46 тк
Жаңагүл, пікіріңізге рахмет. Өміріңізде сәттілік тілеймін.