АШЫҚ, ЖАБЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА САУАЛДАР ЖӨНІНДЕ

Практикалық психологияда және коучингте сауал қоя білу әңгімелесу барысында зор рөл атқарады. Жалпы жабық сауалдан гөрі ашық сауалдарды пайдалану жақсы нәтижеге жеткізеді.

 

а) Жабық сауалға «иә», «жоқ» немесе басқа бір сөзден тұратын деген жауап қайтарылады.

ә) Ашық сауалдарға: қалай?, қалайша?, қашан?, қандай?, қай жерде?, неге?, неліктен?, не үшін?, қанша? және т.б. сұрақ сөздері жатады.

б) Бағыттаушы: мүмкін, бәлкім…

в) Қайтымды сауал: «Мен Сізді дұрыс түсінсем»

г) Қарапайым: Сіздің мүмкіндігіңіз бар ма?

д) Риторикалық (шешендік) сауалдар: Егер адамдар барлығына риза болса, онда өзгеріс іздей бастамай ма?

ж) Жасырын сауал: Мұны Сіздің қалай қолдануды қалайтындығыңыз маған қызықты.

з) Жалған таңдау: Сіз бұл білгенді бірден немесе біртіндеп пайдалана бастайсыз ба?

Менің бір аңғарғаным: қазақ билерінің және шешендерінің сөздерінде мол қазына жатыр. Оны қазіргі заман талабына лайықтап қолдану мүмкіндігі шексіз.        

3 Пікір

  1. urimtal айтты,

    Қараша 11, 2008 at 11:44 тд

    Жақсы сауалдар екен. Әдетте бір кісіден сұхбат алғанда осы тәсілді қолдануға тырысамын. Кең қолданатыным адамды әңгімеге жетелейтін сауал. Қайтымды сауал, ашық сауал, жасырын сауал. Осы үшеуін жұмыс барысында жиі қолданамын. Сіз де жиі қолданатын боларсыз деп ойлаймын. Бұл орайда Сіздің де пікіріңізді білу қызықты болар еді :)

  2. aral53 айтты,

    Қараша 11, 2008 at 12:15 тк

    Әрине. Бұл сауалдарды ретті жерінде қоя білу табысқа жетелейді. Кімнің табысты болғысы келмейді? Өкінішке орай адамдардың көбісі мұны білмейді және білгісі де келмейді.

  3. 666aiko999 айтты,

    Қараша 18, 2008 at 10:20 тд

    қызық екен бірнеше түрге бөлетіндігі да сауалдардың. жабық сауалдың қолданғанын қалармын реал өмірде :)


Пікір жаз