ЖАРНАМАДАҒЫ ДӘРІ – ДӘРМЕКТЕР

Желтоқсан 8, 2008 at 7:03 тк | In Uncategorized | 6 Comments

Теледидардан, радиодан, газет пен журналдардан кейбір дәрі-дәрмекті кереметтей мадақтап, қасиетін жарнамалап жатады. Маған бұл адамға ауру «тілеп» тұрғандай көрінеді. Сіздіңше қалай?

АДАМДАҒЫ ЕКІ «МЕН» СЕЗІМІ

Желтоқсан 8, 2008 at 7:02 тк | In Uncategorized | 3 Comments

Кез-келген адамның ішкі дүниесінде екі «мен» өзара таласып күн кешеді. Бірінші «мен» жасаған іске, тірлікке қарсы болып тұрса, екінші «мен» оны қалайды. Мұны коучинг ғылымында «ішкі ойын» деп атайды. Сіздің «ішкі ойыныңыз» қай дәрежеде?

АДАМНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ КҮШТЕРІ

Желтоқсан 8, 2008 at 6:45 тк | In Uncategorized | 4 Comments

Адам сыртқы күшін көрсету үшін бұлшық еттерін шынықтырып, денесін сәндейді, немесе семіреді. Біреулері орасан зор «джип» тәрізді көлік мініп, басшы орында, жоғарыда отырғанды қалайды. Ал оның ішкі күші қандай деген сауал туады. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Жеті негізгі рухани сауал.

Желтоқсан 4, 2008 at 11:19 тд | In Uncategorized | 8 Comments

Жеті негізгі рухани сауал.

[Тимоти Лири "Құдайдың жеті тілі"]

1.Құдірет күш туралы.
Ғаламдағы әсер етуші негізгі қуат, галактика мен атомдық ядроларды қозғалысқа келтіретін жоғарғы күш қандай? Мұның бәрі қай жерде және қалай басталды? Ғарыштық жоспар қандай? Космология.

2. Өмір эволюциясы туралы сауал.
Өмір деген не? Ол қай жерде және қалай басталды? Ол қалай эволюцияға ұшырайды? Қайда бағытталады? Биология, эволюция, генетика.

3. Адам туралы сауал.
Адам деген кім? Ол қайдан келді? Оның құрылымы қандай? Оның қызметі неде? Анатомия және физиология.

4.Сана туралы сауал.
Адамның дүние танымы қандай, ол қалай сезінеді, ойлайды? Гносеология, нейрология.

5. Эго туралы сауал.

Мен кіммін? Бұл ғарыштық жоспарда маған қандай рухани, психологиялық, социалдық рөл берілген? Менің не істеуім керек? Социалдық (әлеуметтік) психология.

6. Эмоциялар туралы сауал.
Бұған байланысты менің не сезінуім керек? Психиатрия. Тұлғалық психология.

7. Финалдық (ақырғы) дүниеден өту туралы сауал.
Бұл жерден мен қалай кетемін? Анестезиология (қызығулық және кәсіби). Эсхатология.

 

Тимоти Лиридің бұл сауалдарында өмірлік маңызды мәселелер жатыр. Және де бұл сауалдарға жауап беретін ғылымдар сауал соңында келтірілген. Ал сіздің бұл тұрғыдағы өз пайымдауларыңыз қандай?

Стресіңді табысқа айналдыр!

Желтоқсан 1, 2008 at 3:26 тк | In Uncategorized | 10 Comments

d181d182d180d0b5d181d181

Стресіңді табысқа айналдыр!  

“Досың” сенен басында келісілгеннен көбірек ақша алып қалғысы келеді. Отбасыңыздың мүшесі қатты ауырып, бірнеше айға ауруханаға түседі. Жауапкершілік жүгі ауырлай береді. Бағалар да қалысар емес. Сонымен бірге сіз бюджеті жарты миллионға тең құрылыс үшін жауаптысыз, ал сіздің банктегі есепшотыңыздағы ақша жуырда бітейін деп тұр (сіз банкрот болудың сәл алдында тұрсыз). Осылардың ақыры неге әкеліп соғады? Стресске!

Стресс өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біздің бәріміз соның әсеріне ұшырап жүрміз. Егер оған назар аудармай жүре беретін болсаң, стресс өміріңнің бірнеше жылын жалмап қоюы да мүмкін. Ал егер соның бар екендігін мойындап, оны егжей-тегжейлі талдайтын болсаң, стрессті табысқа да айналдыра аласың. Соны қалай істеу керек?

1. Стрессті табысқа айналдыру үшін, ең алдымен өзіңе жүктелген ауыр жүкті жеңілдету керек. Егер сен өзіңнің міндеттеріңді қағазға жазып, солардың  маңызсыздарын алып тастайтын болсаң, жағдайлардың 80%-ында дұрыс шешімге келуге болады. Егер сен өз міндеттеріңнің тізіміне тағы бір міндетті қосатын ойың болса, онда соның орнына сол тізімнен бір онша маңызды емес міндетті алып тастау жақсы болар еді. Тізімді зер сала қарастырып, сондағы бірқатар істер үшін уайымға салынудың еш керегі жоқ екенін де көре аласыз!

2. “Супермендер” тек кино немесе комикстерде ғана болады. Әр адамның күш-қуаты өлшеулі екенін, өзіңіздің де күш-қуатыңыздың өлшеулі екенін естен шығармаңыз. Керек кезде демалыс жасап отырыңыз, күш-қуатыңыздың шегіне жетпеңіз.

3. Стресспен бірге жасырын сезімдер де келеді. Сенетін досыңыздан немесе кеңесшіңізден көмек сұраңыз. Басында бұл мүмкін емес сияқты болып көрінеді, бірақ егер сіз өз сезімдеріңізді біреуге сөзбен айтып жеткізуге тырысатын болсаңыз, бұл сізге өз жағдайыңыздан арылуға көмектесіп, дұрыс ойлап, жоспарлауға көмектеседі.

4. Сізде өзгертуге келмейтінді өзгертуге тырысып жүрмін деген сезім бар ма? Онда тоқтаңыз. Ол не болса да, сіз оны бәрібір өзгерте алмайсыз. Оның есесіне, сіз енді бұрын стресске жұмсалған уақыт пен күш-қуатты пайдалы нәрселерге жұмсай аласыз. Бір жасөспірімге әкесі былай деп үйреткен екен: “Егер сен өмірдің күрес екенін түсінсең, онда көптеген нәрселер сен үшін оңайырақ болады”. Өмірдің қиындықтарына қарамастан өмір сүруді, оларға мойымауды үйрену арқылы біз рухани өсіп, кемелдене түсеміз.

5. Бір жылдың ішінде тым көп өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдаудан аулақ болыңыз. Томас Холмс стресс туралы зерттеулермен шұғылданың нәтижесінде  мынаны анықтады: стресстің ең көп тарауының себебі — аз уақыттың ішінде көп өзгерістердің болуы екен. Егер бір жылдың ішінде өмірлік маңызы бар шешімдердің ұпай саны 300-ден асса, онда соның стресі бір адамның төзе алатынынан көп болады екен. Бұл кесте бойынша, жақын адамыңыздың қайтыс болуы 100 ұпай, ажырасу 73 ұпай, жақын адамдарден айырылысу 65 ұпай, үйлену 50 ұпай, т. с. с.

6. Егер сіз бір адамға өкпелеп жүрсеңіз, ондай сезімнен бас тарту мейлінше тиімді болар еді.

7. Демалуға уақыт тауып тұрыңыз. Қатты шаршағандық көп зиян келтірмей тұрып, демалып отыру пайдалы.

8. Өз тамағыңыз бен тамақты қалай жейтініңізді қадағалап жүріңіз. Стресске ұшыраған адам тым көп тамақ жеп қоюға бейім келеді. Әсіресе денсаулыққа пайдалы емес тағамдарды көп жеп қоятын әдет бар. Ақуыз, витамин, талшығы көп тағамдарды көбірек жеңіз. Стресстің әсерін жеңілдету үшін ақ қант, кофеиндерді ас мәзіріңізден мүлдем алып тастаңыз, май, алкоголь және никотинді қолданбауға не азырақ қолдануға тырысыңыз.

9. Дене жаттығуларын жеткілікті мөлшерде жасап тұрыңыз. Бұл сізге денсаулықты күшейтіп, стресстен және оның серігі — уайымдаулардың нәтижесінде пайда болатын адреналиннен арылуға көмектеседі.

 

 

Аяқтар және мінез

Желтоқсан 1, 2008 at 3:19 тк | In Uncategorized | 7 Comments

 d0b0d18fd0ba1

 

АЯҚТАР ЖӘНЕ МІНЕЗ

 

1. Әдетте сiз тура, аяқтарыңызды бiрiктiрiп тұрасыз. Сiз ұстамдысыз, практикалық бағыттасыз, шыдамдысыз. Барлығы сiздiң жақсы дос екендiгiңiздi мойындайды. Көбiсi сiзге арқа сүйейдi. Бiрақ сыртқы пiшiнiңiздегi кейбiр суықтық сiзге кейде айналадағылармен контактты реттеуге бөгет болады.

2. Әдетте сiз көбiне бiр аяғыңызға сүйенiп, екiншiсiн аздап оңға шығарып тұрасыз. Сiз зейiн орталығында болуды ұнатасыз. Сiзде белсендi темперамент бар, ненi қалайтыныңызды бiлесiз, оған қол жеткiзуге күш саласыз, икемдiлiк пен көзқарастарды қажеттi саламаттылықты көрсете отырып, өзiңiзге сенiмдiлiк сiзге билiкке қол жеткiзуге күш бередi.

3. Әдетте сiз аяғыңызды кең қойып тұрасыз. Сiзге қандай да бiр ниеттi немесе идеяны жүзеге асырудан бас тарту қиын. Абай болыңыз, егер сiз айналадағылармен қатынаста икемдiлiк таныта бiлмесеңiз, өйткенi мiнездiң берiктiгi сiзге зиянға айналуы мүмкiн.

4. Әдетте сiз аяғыңызды айқастырып, қайшылап тұрасыз. Сiз адалдықты сүйесiз және өз ойларыңызды жүзеге асыруда жиi шыдамсыздық танытасыз. Құмар, барынша қызбалы темперамент сiздi алдын ойлауға бастайды. Қатынас әдiстерi үлкен қуаттылық пен динамизм – сiздiң көзiрлерiңiз, бiрақ уақыт сайын өз темпераментiңiздi оған барынша үлкен ерiк бермей ауыздықтау керек.

5. Әдетте “аяқты аяққа қойып” бiр аяқты екiншiсiмен iлiп отырасыз. Аяқты былайша қоюды өте ұстамсыз, өзiне жеткiлiктi сенiмсiз және тiптi шешiмсiз адамдар жасайды. Айналаңыздағылар сiздi күрделi тұлға деп есептейдi. Өзiңiздiң тартымдылығыңызбен және тактке байланысты сiзге, өзiңiздi дұрыс бағалауға және көмектесуге қол жеткiзесiз.

6. Әдетте сiз тек қандай аяқты жоғары қоятындығыңызға қарамастан, “аяқты аяққа қойып” отырасыз – сiз өзiңiзге сенiмдiсiз. Сiз өмiр сүрудi және бұл ептiлiктi қолдана бiлетiн адамсыз.

7. Әдетте сiз аяқтарыңызды бiрге қосып, оларды аздап алға шығарып және бар өкшеңiзге сүйене отырып тура отырасыз. Сiз ақ жарқынсыз, адалсыз және де сондықтан сiздiң тiк мiнездiлiгiңiз айналадағыларды ызаландырмайды. Сiз үшiн мынадай, дәлдiк, әдiскерлiк, педантизм (тақуалық), туа бiттi тәртiпке, жинақылыққа ұмтылу, кейде маниямен шектесiп жататын қасиеттер тән. Сырттай сiз аздап салқындау көрiнесiз, бiрақ бұл  алдамшы көрiнiс, сiздiң жүрегiңiз алтын.

8. Әдетте сiз аяқтарыңызды бiрге қосып және өкшеңiзге сүйенiп, тобығыңызды көтерiп отырасыз. Сiз ұстамдысыз және томаға-тұйықсыз. Күту позициясын ұстанасыз және көбiне көп қорғаныста боласыз. Сiз тiптi аздаған ескертудi көтере алмайсыз, сiздiң тұлғаңыздың сезiмталдығы соншалық сiзде адекватты емес реакцияны тудыру қаупiнен айналадағылар сiзбен шымшымалы тақырыптарды талқылаудан қашады. Бұл сiзде оқшаулану сезiмiн тудырады.

9. Әдетте сiз тобығыңызды бiрiктiрiп және өкшеңiздi кең қойып отырасыз. Сiз тым батыл емессiз, барынша кiрпиязсыз. Бұл сiздi күйзелтедi, бiрақ сiз өзiңiзбен ештеңе iстей алмайсыз. Сіз жиi оңашада боласыз, негiзiнен тек сiзге жақын адамдармен араласасыз. Алайда сiз өзiңiздiң және адамдардың ақ-қарасын жақсы ажыратасыз. Адамның мiнезiнiң өте дәл талдауын жасай аласыз. Кейде сiз өз қабiлетiңiздi артық бағалайсыз.

10. Әдетте сiз аяқтарыңызды сәл алға шығарып және оларды айқастырып отырасыз. Сiзде өмiрлiк, қызғанышты тұлға бар. Сiз әрқашан билiк етудi ұнатасыз.

« Алдыңғы бет

WordPress.com -дағы блог. | Theme: Pool by Borja Fernandez.
Entries and comments feeds.