1. Үш жасқа дейін баламен ұзақ ажыраудан бойды аулақ ұстаңыз (әдетте бұл мамаларға қатысты).
2. Баланың барлық сауалдарына шыдамдылықпен және мәні бойынша жауап беріңіз.
3. Бала тұлғасын шартсыз теріс бағалаудан өзіңізді тежеңіз («Сен нашарсың», «Сен топассың»), тек жеке қылықтарын сынаңыз. Балаға тиімсіз басқа балалармен салыстыру жасамаңыз.
4. Сіз балаға қанша ызалансаңыз да физикалық жазалауды қолданбаңыз, қышыған қолыңызды тежеңіз.
5. Өз сөздеріңізде және қылықтарыңызда реттілік сақтаңыз. Өз балаңызға жақсы өмірлік мысал болыңыз.
6. Барынша көптеген тыйым жасамаңыз. Тиымдар негізді, мықты және өзгеріссіз болсын.
7. Баламен бірге оның жетістіктеріне қуаныңыз, оның жеке болуға ұмтылысын марапаттаңыз.
Мұның барлығы, шын мәнінде қарапайымжәне өте маңызды. Ал басты тілекті үлкен әріптермен жазғым келеді: БАЛАЛАРДЫ СҮЙІҢІЗДЕР!
http://qazpsi.ucoz.kz/ cайтынан