ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ: ӨЗІҢЕ БАСҚА КӨЗБЕН ҚАРА
Ақпан 21, 2010, 3:54 pm | Posted in 1 | 10 пікір
Өкінішке орай, бүгінде жас адамның кейбіреуі есірткі тұтынатын ең кемі бір танысының есімін атай алады. Олардың көбісі енді тірілер санатында емес. Мұның бәрі қалай басталған еді? Сіз бірге өстіңіз, оқыдыңыз немесе тек қана көрші болып тұрдыңыз. Уақыт өте келе адамда алдымен стресске, шаршауға жатқызуға болатын кейбір оғаш қылықтарды байқай бастайсыз. Бірақ кейін мұның бәрінің қарапайым еместігін түсінесіз. Адамға тереңірек үңілсеңіз, оның бұрынғы дос және жолдас еместігін аңғарасыз. Ол ызақор, көңіл-күйі жиі өзгеріске ұшыраған, көбіне аса озбыр адам. Сен онымен мұндай нәрсенің неге болғанын түсінбейсің. Оның өтілі бар нашақор екендігіне сену қиын.
Есірткінің зияны жан түршігерлік, оны алдын ала болжауға болады. Мұндай нәрсе қай кезде және қалай болды? Жастарды есірткі еліткішіне жетелейтін негізгі түрткі қызығушылық және еліктеу болып табылады, ал кейде есірткі тұтынуға оны барынша тәжірибелі достары үйретеді және мәжбүрлейді, олар бағалы қымбат у «сыйлап» жаңа адамдарды өз торына түсіреді. Жастар арасында мынадай кереғар пікір қалыптасқан: егер есірткіні сынап көру үшін бір рет қабылдасаң, онда тұрған ешқандай қауіп жоқ. Алайда бұл қатерлі қателесу, өйткені есірткі зиянының негізгі проблемаларының бірі бойдан кешірген есіру сезімін қайталау тілегі. Бұл оны есірткіге құлдық тәуелділікке жетелейді. Жасөспірімде бұрыннан бар қызығушылықтар мен әуестіктер жоғалады. Әлсіздік, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, жүдеу пайда болады. Есірткі уын тұрақты тұтынатын адамның бет-бейнесі тартымдылықтан аулақ жатыр: шіріген тістер, ерте шаш түсу, сарғыш-сұрғылт тері, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән портрет.
Есірткінің зияны міндетті түрде адам психикасының өзгеруімен сабақтас, ол дөрекіліктен, айналысындағыларға бей-жайлықтан, қатыгездіктен, қарым-қатынас қиындығынан білінеді. Нашақордың қылығы бұл осы сәттегі ләззатқа тәуелді болғаны соншалық, оны төніп келе жатқан қатерді ойлауға мәжібүрлеу мүмкін емес. Белгілі бір уақыттан соң есірткі оған көтеріңкі көңіл-күй үшін емес, салыстырмалы түрдегі қалыпты өзіндік сезімді ұстап тұру үшін қажет болатын сондай сәт туады. Оларсыз өмір мүмкін емес болады. Өйткені есірткіге бойы үйренген бейшара ауру адамдар бір мөлшер (доза) үшін кез-келген ақша беруге әзір. Есірткіге жан-түршігерлік тәуелділік адамды тек қана есірткі іздеп табу үшін бәріне – алдауға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге итермелейді. Бұл тек есірткінің көзге көрінер зияны.
Есірткі заттарының адам организміне, оның тіршілігіне және қызметтеріне әсері үш әртүрлі аспектілерден көрінеді.
Біріншіден, есірткі тәуелділік синдромының дамуын шақырып белгілі бір жүйелер мен ми құрылымына спецификалық ықпал етеді.
Екіншіден, олар организмінің барлық ішкі азғалары мен жүйелеріне спецификалық әсер қылады.
Әр түрлі ағзалардың токсикалық зақымдалуы тәуелділік синдромының білінуімен тікелей сабақтас еместігін атап көрсету керек. Алайда бұл есірткінің зиянының ең күйретер аспектісі. Адам іштей іріп-шіри бастайды, бауыр, жүрек, ішек және басқалары сияқты барлық маңызды ағзалар зақымданады. Адам организмінің ең қажет қызметтері (функциялары) қалыпты жұмыс істеуін тияды, алайда нашақорға «кәйіпте» жатып бұл проблемаларды ойлауға еш уақыты жоқ. Сондықтан оны өзінің сыртқы бейнесі аз қызықтырады.
Сонымен бірге, ақыр соңында, үшіншіден, ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері еш талас тудырмайды.
Көптеген медициналық-генетикалық зерттеулер арқылы ата-аналары араққұмарлыққа және нашақорлыққа шалдыққан балаларда аталған кеселдердің даму қауіпінің барынша жоғары екендігі дәлелденген. Сондай-ақ мұндай балалардың көбісінде сол немесе басқа мінездік және қылықтың ауытқулар болады! Жоғары қозу, озбырлық, торығу (депрессивтік) жағдайлардың дамуына бейімділік және басқалары. Әйелдің жүктілік кезінде есірткі тұтынуы қалыптасқан есірткі тәуелділігі бар баланың дүниеге келу себебі болуы мүмкін.
Есірткінің зиянының мынадай заңын құрастыруға болады: нашақор кезекті есірткілік мастануды күтумен ғана айналысатын қатігез менменге (эгоистке) айналған тұлға ретінде азып-тозады.
ҮШ СЕНСОРЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУДІҢ ҮШ ТӘСІЛІ
Ақпан 21, 2010, 11:46 am | Posted in Практикалық психология | 2 пікірІлмектер: Практикалық психология
Адамда, сіз бәлкім білетіндей, сезімнің бес ағзасы: көру, есіту, сезіну, дәм мен иіс болады. Әдетте оларды ақпаратты қабылдау мен өңдеудің үш сенсорлық жүйесіне біріктіреді:
1. Визуалдық (В).
Бұл біздің нені көретініміз. Бейнелер (образдар), суреттер, кино. Визуалдық жүйе сыртқы сигналдарды (сіз қазір мониторға қарап және сөздер мен әріптерді көресіз), сондай-ақ ішкі бейнелерді (сіз өзіңіздің көз алдыңызға үлкен пілді келтіре аласыз) де өңдей алатындығына назар аударуға болады. Визуалдық жүйе бір қатар қайталамас сипаттамалар мен қасиеттерді иеленеді. Біріншіден, ол өте жылдам. Сіз енді бұл сөйлем қатарын аяғына дейін оқып үлгірмейсіз. Сонымен қатар баста әр түрлі суреттердің орасан мол саны жылт етіп көрінеді, мысалы, сол піл, пілдің балалары, жираф және тағы бірдеме. Екіншіден, бейнелерді қабылдау параллельді (бір мезгілде) жүруі мүмкін. Сіз өзіңізге жайлы түрде өзіңізге алманы да, алмұртты да, жүзімді де, шарап бөтелкесін де және тағы бірдеңені бір мезетте көз алдыңызға келтіре аласыз. Бұл екі қасиет нәтижесінде визуалдық жүйе ақпараттың үлкен көлемін өңдей алады.
Үшіншіден, визуалдық жүйе құрастырмалы (конструктивті), яғни біз тіпті бұрын көрмеген суреттерді де көре аламыз. Мысалы, симультивті тринклюкатор қандай болуы мүмкін? Оны елестеттіңіз бе? Ал күлгін теңбілдері, көгілдір құлақтары және құйрығында жасыл бантигі бар қызғылт піл ше? Визуалдық жүйенің тағы бір ерекшелігі бар – диссоциацияға бейімділік. Бұл жөнінде біз сізбен өткен шығарылымда әңгімелестік. Сіз бір кездері америкалық төбешіктерде сырғанадыңыз ба? Немесе төбелеске қатыстыңыз ба? Эмоциялар қандай? Көп пе? Бұл ақпаратты, оның ішінде көру ақпаратын ассоцирленген (тікелей) қабылдау. Ал енді америкалық төбешіктерді сырғанағандарды немесе төбелескендерді сыртынан қарап тұрсыз деп елестетіңіз. Енді эмоцияларға не болды? Аз ба? Ал мүмкін мүлдем жоқ шығар? Бұл диссоциация дегеніміздің нақ өзі.
2. Аудиалдық (А)
Бұл біздің не есітетініміз. Тіл, желдің ысқыруы немесе тамған судың дыбысы сияқты. Және сәйкесінше, дыбыстың интонациялары, тембрі, биіктігі. Және де әрине біздің сүйікті ішкі дауысымыз – біздің өзгермейтін сыншымыз және жағыпазымыз. Аудиалдық жүйе сыртқы дыбыс сигналдарын да (сіз, ең кемі қазір жұмыс істеп тұрған процессордың және желдеткіштік дыбысты) және ішкі сигналдарды да (көбісі, мысалы, не оқығандығын іштен сыбырлап айтады) естисіз. Аудиалды жүйенің өз қасиеттері бар. Олар ретті және барынша баяу. Мен сәл жоғарыда жазған сол барлық жемістерді атап шығу үшін барынша көбірек уақыт қажет және сіз бір мезгілде оларды санап шыға алмайсыз. Бір мезетте үш сөзді айтып көріңіз. Кәні, қалай, орындалды ма? Иә, солай. Сондықтан аудиалды жүйе ақпараттың аздау көлемін өңдейді, оның орнына ол өте ойға қонарлық (логикалық) және ретімен келеді. Құрастыру аудиалды жүйеге де тән, әйтпесе бізде осыншама әр түрлі музыкалық жанрлар, композиторлар мен әншілер болмас еді.
3. Кинестетикалық (К).
(«Кинес» – грекше «дене» деген сөзден. Біздің нені сезінетініміз. Бұған Иіс пен Дәм жатқызылады. Кинестетиканы 3 бөлікке: тактилдік – терінің сезінуі; ішкі (немесе пропреоцептивтік) – бұлшық еттік, қарындағы сезім, жылу; мета-сезінулер (немесе эмоциялар мен сезімдер) – қатынас: қуаныш, махаббат, бақыт, қайғы және басқалары туралы бағалаушы сезімдерге бөлуге болады.
Мета-сезінулер әдетте кеуде аумағында орналасқан және кейде мойын мен басты қамтиды. Бұл ең баяу жүйе, бірақ оның орнына ең шынайы (ассоцирленген қабылдау) сезімдер ешқашан сіздің сыртыңызда болмайды. Сіз отырған орындықтың аяғы ауырмайды.
Кез-келген сезімдер бізден тікелей бізбен тікелей толғаныста болады, және сіз өзіңіздің соңғы демалысыңызды немесе тағы қандай да бір жағымды оқиғаны еске түсірсеңіз, онда сол кезде болған сол эмоцияларды қайтадан сезіне аласыз. Бірақ оларды сіз дәл қазір сезіне аласыз!
Алайда ең қызықтысы мынада, адам қалған басқалардан артық көріп бір каналды таңдайтын сияқты бұл визуал барынша ештеңе естімейді немесе сезінбейді дегенді білдірмейді. Бұл тек ол үшін көру бәрінен маңызды дегенді білдіреді. Бұл үш есіктің болғаны сияқты: бірі айқара, басқасы жартылай, ашылған, ал үшіншісінің тар тесігі ғана бар. Өз клиентіңіздің сөзіне құлақ салыңыз, оның тұрпатына (позасына), ишараттарына, тыныс алуына, қатынас сипатына назар аударыңыз. Бұл сізге раппорт орнатуға және барынша сапалы нәтиже алуға көмектеседі.
НЕЙРО-ЛОГИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ
Ақпан 21, 2010, 11:39 am | Posted in Адам психикасының құпиялары | 2 пікір
ЖТБ-да антрополог Грегори Бейтсонның жұмысы-нейрологикалық деңгейлерден бейімдеп алып ЖТБ «майталмандарының» бірі Роберт Дилтс жасаған бір өте қызықты жүйелі модель бар. Логикалық деңгейлер моделі адам, фирма немесе қоғам сияқты тірі жүйенің ұйымдастырылу құрылымы сипаттап жазады. Егер логикалық деңгейлер моделін толығымен қарайтын болсаң, онда ол әрбір жоғарғы қабаты «иерархиялық төмендегісінен» жоғары тұратын және оларды басқаратын пирамида сияқты көрінеді:
- миссия (руханилық)
- сәйкестілік (тұлғалық өзінділік)
- сенімдер мен құндылықтар
- қабілеттер, мүмкіндіктер
- мінез-құлық (әрекет)
- айнала (заттар, адамдар, мекендер, уақыт).
Миссия (Мен не үшін өмір сүремін? )
Сәйкестілік (Мен кіммін?)
Құндылықтар (Не маңызды?)
Қабілеттер мен мүмкіндіктер (Қолымнан не келеді? Қалай?)
Мінез-құлық (Не істеу керек?)
Айнала (Қайда? Қашан? Кіммен?)
Мұны түсіну қарапайым болуы үшін көз алдыңызға есептеу нүктесі ретінде алынған адамды, жүйе ретінде елестетіңіз. Адамның қоршаған айналасы, бұл заттар, адамдар, мекен-жайлар, мезгілдер, мерзімдер, және бізді қоршағандардың барлығы.
Бұлар біздің күнделікті әрекетімізде бізді қоршайтындардың барлығы. Мінез-құлық (әрекет-қылық) – бұл турасын айтқанда адамның әрекетінің өзі.
Әрекет бірдеменің үстінен жасалатын болғандықтан (әлдекіммен, бір жерлерде немесе бір кездері), бұл логикалық деңгей өн бойына ажырамас құрамдас ретінде төменгі деңгейді – айналаны біріктіреді.
Ақыр соңында, мінез-құлық және айнала деңгейінде біздің өміріміз өтеді. Бұл деңгейде қорыта келгенде біздің барлық мақсаттарымыз (ақшалар, ләззат-алу, эмоцияларды бастан өткеру, қатынас, қандай да бір қызықтыны оқу) тұжырымдалатын болады.
Қабілет деңгейінде біз мінез-құлықты барынша жалпы контексттер үшін таңдап, өзгертіп және бейімдей аламыз.
Сенімдер мен құндылықтар деңгейінде біз мінез-құлықтың жаңа формаларын мадақтап, тиым салып немесе құрастыра алатын боламыз. Бұл біздің нанымдар мен критерийлер деңгейі. Бұл нені маңызды, құнды деп санайтын, адамның сенетіні мен нанатыны.
Тұлғалық өзіншелік немесе сәйкестілік, әрине сенімдердің барлық жүйесін, оның ішінде адамның өзі туралы пайымдауларын қамтиды. Бұл адам өмір бойына ойнайтын / тіршілік ететін рөлдер.
Рухани деңгейде біз өзімізді бізді қоршаған үлкен жүйенің: отбасының, кәсіби қауымдастықтың жер деп аталатын планета тұрғындарының, ғарыш тіршілік иелерінің бір бөлігі ретінде қабылдаймыз. Бұл деңгей біздің миссиямызбен және пешенімізге жазылғанымен сәйкес келеді.
Мақсат қою ережесі.
Ақпан 6, 2010, 12:24 pm | Posted in Адам психикасының құпиялары | 8 пікірІлмектер: Адам психикасының құпиялары
Психологтардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген проблемалар адамдардың өз алдына мақсатты дұрыс қоя білмегендегінен туындайды. Демек, егер мақсат нашар анықталса, оған қол жеткізу тым қиын. Әзірше, мақсат қоюдың екі ережесі беріледі, толық нұсқасында бұл тоғызға жуық.
1. Мақсат оңды құрастырылуы қажет – яғни бұл сіздің қаламайтыныңыз емес, алғыңыз келетініңіз болуы міндетті. Мысалы, «мен өзімді мазақ еткенді қаламаймын» емес «мен өзімді өзіме сенімді адам ретінде көрсеткім келеді». Демек, мақсатты құрастыру аз, оны дұрыс құрастыру маңызды.
Кезінде генерал Эйзенхаур өз жауынгерлеріне «Егер бізге ештеңе бөгет болмаса» емес, «Біз табысқа жеткен кезде» дейді екен.
2. Сіз мақсатты көз алдыңызға жақсы елестетуіңіз қажет. Өзіңіздің бұл мақсатқа қол жеткізуіңіз нені білдіреді? Сіз нені сезінетін, сіз нені көретін, сіз нені еститін боласыз. Өзіне сенімді… (есіміңізді қойыңыз) қалай көрінетінін елестетіңіз, ол қалай сөйлейді, қалай қозғалады, мұнда не сезінеді. Егер өзіңізге қажетті нәтижеге басқа адамдарға байланысты болса, олардың реакциясы қандай: олардың бет-әлпеттерінің қандай болуы қажет, олар не дейді, қандай интонациялар болады және с.с.
Алғашқы бапты – барынша саналы, вербалдық бөлік, ол екіншісін – бейсаналық, вербалдық емес бөлік деп айтуға болады.
Сезімталдық. Сізге өзіңіздің мақсатыңызға жылжығаныңызда немесе жылжымағаныңызды білу үшін барынша аңғарымды және сезімтал болуыңыз қажет. Мысалы, сізге өзіңіздің әрекетіңізге жауап ретінде өзіңізде немесе басқа адамдарда болатын өзгерістерді оларды өзіңіздің мақсат туралы пайымдауларыңызбен салыстырып көру үшін байқай білу қажет.
Икемділік. Өз мінез-құлқыңызда жеткілікті икемді болыңыз. Әрбір жағдайда сізде әрекет ету нұсқалары көбірек болса, мақсатқа жету ықтималдылығы соншалықты үлкен. Ал егер мақсат бағыт, ал сезімталдық ең алдымен кері байланыс берсе, онда икемділік – бұл мүмкіндіктердің кеңдігі.
Сонымен, мақсатқа қол жеткізу үшін мыналар қажет:
- мақсат ептілігі;
- сезімталдық;
- икемділік.
Табысқа жету сырлары
Ақпан 5, 2010, 1:18 pm | Posted in Uncategorized | 9 пікірҚандай адам болмасын табысқа жеткісі келеді. Бұл тұрғыда практикалық психологтар мынадай нұсқау береді. Оны қабылдау, қабылдамау әркімнің өз еркі. Кез-келген арман жоба болып табылады. Сонымен, жобамен жұмыс істеу кезінде негізгі 4 аспектті бөліп қарастырылады:
1. Мақсатты құру. Оның талдануы мен визуалдануы, бұл мақсатты қол жетімділігіне, анықтығына (реалдылығына) және экологиялығына тексеру.
Бұл кезеңде ең маңызды коучингтік сауал деп мынаны есептеуге болады.:
Мен шын мәнінде нені қалаймын?
Бұл шабытты құру үшін қажет, бұл армандау кезеңі. Өйткені егер нені қалайтыныңды білмесең, қайда тап болатының белгісіз! Сіз мүмкін ешқашан ештеңеге қолы жетпейтін, өйткені қарапайым нақты мақсатты жоқ адамдарды білетін боларсыз. Екінші жағынан алғанда, біздің бәрімізге күнделікті, апта сайын, ай сайын алдына нақты мақсат қойып және барынша сезілетін нәтижелерге қолы жететін адамдар белгілі. Олардың табыстары нақты сызылған қол жетер мақсаттарға көңіл бөлу бейімділігімен түсіндіріледі. Адамдар көбіне тек қана өздерінің армандауына тиым салады. Көбісі нақты мақсаттарды қоюға қорқады. Және бұл кезеңде коучтың міндеті – клиентке бұл күйреткішті – шабыттану қорқынышын жеңуге және мақсаттарды қоюға үйренуге көмектесу.
2. Жобаны жүзеге асыру.
Бұл әрекет ету жоспарын құру кезеңі, бұл сонымен жылжу қажет болатын жол. Бұл кезеңдегі маңызды сауал:
Менің бұған қалай қолым жетеді? сұрағы болып табылады.
Адамды бұл кезеңде екінші күйреткіш – жеңілу қорқынышының күтіп тұруы мүмкін. Кейде адамдар өздерін басқалармен салыстыра бастайды. Және көбіне бұл салыстыруда жеңіліске ұшырайды. Бұл кезеңдегі коучтың міндеті клиентке өз күштеріне сенуге көмектесу, қажетті қабілеттердің барлығын табуға жәрдемдесу (ал олар онда бар!). Бұл жерде мінез-құлықтық икемділікті дамыту өте маңызды. Өз мақсаттарымызға қол жетудің көбірек тәсілдерін білген сайын, біз соншалықты тез және қарапайым оларға жетеміз!.
3. Түрткі (мотивация). Бұл жобаны өмірге ретімен енгізу кезеңі. Бұл жерде өте маңызды сауал:
Бұл сізге неге керек?
Бұл сарапшыларды және командамен жұмысты модельдеу, өзіңізді және басқаларды одан арғы жұмыс үшін ынталандыру. Бұл кезеңді жобаның жұмысшы бұлшық еттері деп атауға да болады. Және бұл кезеңде адамды тағы бір күйреткіш – өзіңе де, басқаларға да түңілу қорқынышы күтіп тұруы ықтимал. Бұл кезеңде адам, еш уақыттағыдай емес, өз көшбасшылық қасиеттерін дамытып және толық көлемде көрсете алуы мүмкін. Өзіңді және басқаларды түрткілеу ептілігі – кез-келген адам үшін маңызды қабілет. Және бұл коучтың басты мақсаты.
4. Аяқтау. Бұл кезеңде мына сауалды қою өте маңызды:
Мен нәтижеге қол жеткенімді қалай білемін?
Жобадан шығу мен аяқтау – өте маңызды кезең. Бұл кезеңде адамда ішкі дау (конфликт) (төртінші күйреткіш) пайда болуы мүмкін: алайда жалпы алғанда аяқтау қажет пе, одан әрі не болады, бәлкім мен бірдемені жасамаған шығармын, мүмкін соншалықты өзіме жүк арту керек емес шығар… Дәл осы кезеңде коуч клиентке өз творчестволық бастамасына, шеберлігіне және түйсігіне (интуициясына) «Иә» деп айтуға көмектесе алады. Аяқтау кезеңі – бұл ішкі тұтастыққа өту.
WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

