ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ: ӨЗІҢЕ БАСҚА КӨЗБЕН ҚАРА

Ақпан 21, 2010, 3:54 pm | Posted in 1 | 10 пікір

Өкінішке орай, бүгінде жас адамның кейбіреуі есірткі тұтынатын ең кемі бір танысының есімін атай алады. Олардың көбісі енді тірілер санатында емес. Мұның бәрі қалай басталған еді? Сіз бірге өстіңіз, оқыдыңыз немесе тек қана көрші болып тұрдыңыз. Уақыт өте келе адамда алдымен стресске, шаршауға жатқызуға болатын кейбір оғаш қылықтарды байқай бастайсыз. Бірақ кейін мұның бәрінің қарапайым еместігін түсінесіз. Адамға тереңірек үңілсеңіз, оның бұрынғы дос және жолдас еместігін аңғарасыз. Ол ызақор, көңіл-күйі жиі өзгеріске ұшыраған, көбіне аса озбыр адам. Сен онымен мұндай нәрсенің неге болғанын түсінбейсің. Оның өтілі бар нашақор екендігіне сену қиын.

Есірткінің зияны жан түршігерлік, оны алдын ала болжауға болады. Мұндай нәрсе қай кезде және қалай болды? Жастарды есірткі еліткішіне жетелейтін негізгі түрткі қызығушылық және еліктеу болып табылады, ал кейде есірткі тұтынуға оны барынша тәжірибелі достары үйретеді және мәжбүрлейді, олар бағалы қымбат у «сыйлап» жаңа адамдарды өз торына түсіреді. Жастар арасында мынадай кереғар пікір қалыптасқан: егер есірткіні сынап көру үшін бір рет қабылдасаң, онда тұрған ешқандай қауіп жоқ. Алайда бұл қатерлі қателесу, өйткені есірткі зиянының негізгі проблемаларының бірі бойдан кешірген есіру сезімін қайталау тілегі. Бұл оны есірткіге құлдық тәуелділікке жетелейді. Жасөспірімде бұрыннан бар қызығушылықтар мен әуестіктер жоғалады. Әлсіздік, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, жүдеу пайда болады. Есірткі уын тұрақты тұтынатын адамның бет-бейнесі тартымдылықтан аулақ жатыр: шіріген тістер, ерте шаш түсу, сарғыш-сұрғылт тері, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән портрет.

Есірткінің зияны міндетті түрде адам психикасының өзгеруімен сабақтас, ол дөрекіліктен, айналысындағыларға бей-жайлықтан, қатыгездіктен, қарым-қатынас қиындығынан білінеді. Нашақордың қылығы бұл осы сәттегі ләззатқа тәуелді болғаны соншалық, оны төніп келе жатқан қатерді ойлауға мәжібүрлеу мүмкін емес. Белгілі бір уақыттан соң есірткі оған көтеріңкі көңіл-күй үшін емес, салыстырмалы түрдегі қалыпты өзіндік сезімді ұстап тұру үшін қажет болатын сондай сәт туады. Оларсыз өмір мүмкін емес болады. Өйткені есірткіге бойы үйренген бейшара ауру адамдар бір мөлшер (доза) үшін кез-келген ақша беруге әзір. Есірткіге жан-түршігерлік тәуелділік адамды тек қана есірткі іздеп табу үшін бәріне – алдауға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге итермелейді. Бұл тек есірткінің көзге көрінер зияны.

Есірткі заттарының адам организміне, оның тіршілігіне және қызметтеріне әсері үш әртүрлі аспектілерден көрінеді.

Біріншіден, есірткі тәуелділік синдромының дамуын шақырып белгілі бір жүйелер мен ми құрылымына спецификалық ықпал етеді.

Екіншіден, олар организмінің барлық ішкі азғалары мен жүйелеріне спецификалық әсер қылады.

Әр түрлі ағзалардың токсикалық зақымдалуы тәуелділік синдромының білінуімен тікелей сабақтас еместігін атап көрсету керек. Алайда бұл есірткінің зиянының ең күйретер аспектісі. Адам іштей іріп-шіри бастайды, бауыр, жүрек, ішек және басқалары сияқты барлық маңызды ағзалар зақымданады. Адам организмінің ең қажет қызметтері (функциялары) қалыпты жұмыс істеуін тияды, алайда нашақорға «кәйіпте» жатып бұл проблемаларды ойлауға еш уақыты жоқ. Сондықтан оны өзінің сыртқы бейнесі аз қызықтырады.

Сонымен бірге, ақыр соңында, үшіншіден, ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері еш талас тудырмайды.

Көптеген медициналық-генетикалық зерттеулер арқылы ата-аналары араққұмарлыққа және нашақорлыққа шалдыққан балаларда аталған кеселдердің даму қауіпінің барынша жоғары екендігі дәлелденген. Сондай-ақ мұндай балалардың көбісінде сол немесе басқа мінездік және қылықтың ауытқулар болады! Жоғары қозу, озбырлық, торығу (депрессивтік) жағдайлардың дамуына бейімділік және басқалары. Әйелдің жүктілік кезінде есірткі тұтынуы қалыптасқан есірткі  тәуелділігі бар баланың дүниеге келу себебі болуы мүмкін.

Есірткінің зиянының мынадай заңын құрастыруға болады: нашақор кезекті есірткілік мастануды күтумен ғана айналысатын қатігез менменге (эгоистке) айналған тұлға ретінде азып-тозады.

10 пікір »

RSS feed for comments on this post. TrackBack URI

  1. Ал егерде есірткі дәрiдей таза болса ше? Соншама зиян болмайтын шығар.

  2. Есірткінің кейбір түрлері алғашында дәрі ретінде пайдаланылды. Дегенмен, кейін оның зияны көптігінен және өзіне тәуелді етіп алатындығынан қолданыстан алынып тасталды.
    Нашақорлар кейде кейбір дәріні шамадан тыс тұтынып уланып жатады. Адамға наркоз беріп ауыру сезімін жойғанда (мұнда кейде есірткілік препараттар да қолданылады), оны екі-үш тәуліктен артық пайдаланбайды. Өйткені адамның бойы үйреніп кетуі мүмкін.
    Есте ұстайтын жайт – дәрі бір бөлек, ал есірткі басқа ұғым.

    • жо, наркоз адамды өлтіріп жіберу мүмкін, көп салып жіберсе, комада қалуы мүмкін
      есірткіні заңсыз қылғанан кейін, оны санитария жоқ жерлерде, тығылып жасаған. содан оның сапасы төмендеген. егер оны заңды түрде, төмен дозаларда сатса, норм боатын еді. есірткі бизнесі азаятын еді
      былай қарасаң, темекі, арақ-шарап та белгілі бір шамада есірткі ғой

  3. Санитариялық талаптарға сай, дозасы төмен есірткілерді өндіру қылмысқа жатады. Өйткені нашақор ләззат алуға ұмтылып, одан да зор дозаны тұтынады. Сол себепті кейде өмірімен де қоштасып жатады. Ал темекі, алкогольді және басқа өнімдердің белгілі бір шамада есірткі екендігіне келісемін.

  4. Ал егерде ләззат үшін емес, релакс үшін ше? Ауыр жұмыс күнен кейін дәріханаға барып, құжаттарды көрсетіп, өте сапалы, нұскаулық & орамасымен, героинді сатып алып, достармен футбол қарайтын болсақ…

    • Сержан, оны сіз бен мен шешпейтін сияқтымыз. Егер героинға аса құштарлық сезім туындаса, оны алудың жолдары жеткілікті және қылмыстық жауапкершіліктің да, нашақор болудың да жолы жеңілдейді.

      • менше сізде есірткі туралы онша емес пікір қалыптасқан сияқты
        қаншама жылдар бойы күрес жүргізіп келе жатыр, жағдай жақсармай жатыр. бұл мәселеге басқа жақтан қарау керек сияқты емес пе?

  5. Сержан, басқа жолы бар болса, есірткіге қарсы күрес комитетімен бөлісуіңізге болады. Сондай-ақ менің жазбама аса қызығушылық танытқаныңызға үлкен рахмет.

  6. Есірткінің зияны туралы көп айтылады. Бірақ, адамдар сонда да нашақрлыққа баруда. наркодиспансерге бір рет кіріп “шок” алдым. Жастар ғана ерігіп егілеме десем, тіпті үлкен кісілер де жүр. Біле тұра неге нашақорлыққа барады екен адамдар?

  7. Адамның нашақорлыққа баруын бір ғана сөзбен баяндап беру қиын. Мұнда “неге?” деген сұрақтан гөрі, “бұл қалай болды?” деген феноменологиялық сауал дұрыс сияқты.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.