Бақытты болу
Маусым 10, 2010, 3:03 pm | Posted in Uncategorized | 2 пікір
Бақытсыз адамдар өздерін бар тұсынан жетілгенбіз дейтін, өз айтқанының бұлжымас дұрыс екендігіне мүлтіксіз сенетін, өз ойларының толығымен пісіп жетілгеніне, өз позицияларының шынайылығына имандай ұйыйтын адамдар. Олар өздерінің стереотиптер әлемінде өмір сүреді, бірақ әр күні анықтықпен (болмыспен) бетпе–бет келіп, олардың қателескені дәлелденеді. Сондықтан олар бақытсыз.
Бақытты адам өзінің әлі жетілмегенін қабылдау ережесі бойынша өмір сүреді. Мен өзімнің жетілмегенімді, шектеулі екенімді, өзімнің құдіретті емесімді, қолымнан бәрі келмейтіндігін білемін. Менің қателесуге құқығым бар. Мен басқалар сияқты бақытты адам екендігімді түсінемін. Олардан ештеңемен ерекшеленбейтін, жеке дара, қайталанбас, жетілмеген тұлғамын, өз бойымдағы қабілетімді, табиғат берген талантты жүзеге асырып, бақытты болуға ұмтылған жанмын.
Айналадағы адамдар жөнінде
Маусым 9, 2010, 2:34 pm | Posted in Uncategorized | 4 пікір
Адамдар – айна. Олар біздің байқамағанымызды көруге және қабылдауға жәрдемдеседі. Сіз оларды көргенде ызаланатын, ашу буып, теріс эмоциялар пайда болатын адамдардың бар екендігі рас. Олардан нені қаламайтындығыңыз туралы ойланыңыз. Сол кезде сіз өзіңізден немесе айналадағы адамдардан сол нәрсені көресіз. Адамдар айна тәрізді. Олар біздің санамызды кеңейтуге, стереотиптерден арылуға, әлемге барынша ашық болуға және әлемнің бізге өз есігін айқара ашуына көмектеседі.
Адамдар – жаттығу құралдары. Біз адамдарды сүюді, шыдамды болуды, жауапкершілге айналуды үйренгіміз келген кезде оларды сүю, оларға шыдамды болу, олар үшін сөзіңде тұру мүмкін емес адамда пайда болады. Не үшін? Өйткені олар жаттығу құралдары. Егер біз өз бұлшық еттеріміздің қуатын арттырып, күштірек болғымыз келсе, онда біз жаттығамыз. Демек, бұл адамдар бізге сүюге жаттығуға ықпал етеді. Оларсыз біз сүюдің не екенін білмес едік, оларсыз біз жетілмеген, дамымаған болар едік, адамдар әлемін онша жақын қабылдай алмас едік.
Енді соңында періште адамдар туралы. Олар – хабаршылар. Олар біздің өмірімізде маңызды хабар беру, менің жолымды қысқартып, жетер мақсатыма, өз өмірлік жолымызда пайдалы істер атқару үшін болатын адамдар. Олар келіп, бізге ақыл–кеңесін айтады, бірақ таңдау өзіңде қалады. Оны қабылдауымыз немесе қабылдамауымыз мүмкін, немесе теріске шығаруымыз ықтимал. Бірақ кейін «Бізге айтып еді ғой!» деп есімізге түсіреміз. Демек, біздің адамдарға барынша зейін қоюымыз, өмірде басы артық, қажетсіз адамдардың болмайтындығын түсінуіміз керек.
Адамдарды қабылдау ережесі
Маусым 8, 2010, 2:06 pm | Posted in Uncategorized | Пікір қалдыру
Бақытсыз адам айналамда басы артық, қажетсіз адамдар бар деп есептеп, оларды кері итеру, елемеу ережесімен өмір сүреді. Иә, менің айналамда сүйікті, маған жәрдемдесетін адамдар бар, ал қалғандары менің табысқа жетуіме кедергі болады дейді. Бұл адамдар менің өмірімді улайды, мені бақытсыз, сорлы етеді, мен оларды қабылдай алмаймын дегенді айтады.
Бақытты адам адамдарды қабылдау ережесімен өмір сүреді. Ол өз айналасында ешқандай басы артық, қажетсіз адамның болмайтынын біледі. Сені сүюіне немесе сүймеуіне, ұнатуына немесе ұнатпауына, көмектесуіне немесе көмектеспеуіне қарамастан қажетсіз адамдар бұл өмірде жоқ. Жолымызда кездескен адамдар белгілі бір рөл атқарады. Олардың айна, жаттығу құралы және періште болуы ықтимал. Олар менің бақытқа жетуіме өз үлесін қосады.
Қатысу ережесі
Маусым 7, 2010, 2:48 pm | Posted in Uncategorized | Пікір қалдыру
Бақытсыз адам іздеген кезде жоқ болып шығады. Ол осы жерде дәл қазір болмайды. Ол әлде бұрынғымен, әлде алдағымен, яғни естеліктермен және қиялдармен өмір сүреді. Демек, ол осы жерде және дәл қазір бақытсыздықтан азап шегеді. Қорқыныштан, торығудан, жүзеге аспаған үміттерден қиналады. Осы жерде және дәл қазір болмайтындығы ол өз естеліктеріне және ақталмаған үміттеріне қайта оралады.
Бақытты адам қатысу ережесімен өмір сүреді. Мен осы жерде және қазір тіршілік етемін. Бұрынғы – бұл өткен нәрсе, алдағы әлі келген жоқ. Бақытты адам осы жерде және дәл қазір бақытты болатындығын түсінеді. Бұл үшін аталған ережемен өмір сүру қажет.
Сәйкес келмеу ережесі.
Маусым 6, 2010, 7:24 am | Posted in Uncategorized | 1 пікір
Бақытсыз адамда сәйкес келмеу ережесі жұмыс істейді. Ол ұдайы кінә тағып, мін тауып отырады. Мені дұрыс бағаламады, мен одан да жоғарыға лайықтымын деген сияқтыларды бәріне дәлелдеуге тырысады.
Бақытты адам сәйкес келу ережесі бойынша тіршілік етеді. Ол өзінің басқа емес, сол адам екендігін біледі, кемшіліктерімен қатар өзінің дарыны, өз адами құндылығы, ар намысы бар екендігін ұғады. Ол өзі тұлға ретінде өссе, айналасындағы жағдайлар да өзгереді деп есептейді. Егер мен кешегіден көбірек айналамды қабылдай алсам, айналадағы ахуал да өзгереді дейді. Бұл – бақытқа бастар жалғыз жол.
ГЕШТАЛЬТ-ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ
Маусым 1, 2010, 2:06 pm | Posted in Uncategorized | 2 пікірМен өз ісімді, ал сен өз ісіңді жасайсың.
Мен бұл әлемде сенің үміттеріңе сәйкес келу үшін өмір сүріп жатқан жоқпын.
Және сен бұл әлемде менің үміттеріме сәйкес келу үшін өмір сүріп жатқан жоқсың.
Сен – бұл сен.
Ал мен – бұл мен.
Егер бізге бір-бірімізді кездестіруге мүмкіндік болса – онда бұл керемет.
Ал егер олай болмай шықса – бұған амал жоқ, ештеңе істей алмайсың.
Ф. Перлз
Бақытқа орай, Гештальтты бір баптан соң екінші бапқа реттілікпен елестетудің қажеттілігі жоқ – өйткені тұтас жәй ғана элементтердің қосындысы болып табылмайды. Оны тұтас күйінде бес минут, одан соң 15 минут, ал одан кейін қайтадан толық бір сағат және одан әрі елестетуге болады – әрине бұл бүкіл өмірді қамтуы және оған сиыспауы ықтимал.
Джон Энрайт
Гештальт-терапияның (гештальт-тұрғысының) негізін қалаушы 1893 жылы Берлинде дүниеге келген Фридрих Соломон Перлз (немесе, кейін өзін қалай атағандай Фриц) болып табылады.
Гештальт-тұрғысының негізгі елестетулері, пайымдаулары мен құндылықтары:
Әрбір адам тұтас, яғни оның денелік, эмоционалдық және рухани қажеттіліктері бірдей маңызды және бір-бірімен тығыз сабақтас. Өмірді толыққанды сүру үшін өзіңді жақсы түсінуің қажет. Яғни – өзіңмен барлық деңгейде жақсы контакт ұстану. Өзіңді жақсы білу бақытты өмірді құрудың маңызды шарты болып табылады.
Адам өз бетінше тірлік ете алмайды, керісінше ол өзі өмір сүретін әлем бөлігі болып табылады. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы қамқорлық тек қоршаған кеңістік пен басқа адамдарға қамқорлықты бірлестіргенде ғана табысты болады.
Өз мұқтажыңды басқаның қажеттіліктерімен қалай үйлестіру, қай сәтте өзің туралы көбірек қамқорлық жасау, ал қай кезде айналадағылардың қызығушылықтарын басым ету – бұл мәселелерді бірден және түбегейлі бір ғана тәсілмен шешуге болмайды, керісінше қайта-қайта және қайтадан өзгеріп тұратын өмірлік жағдайларда, оқиғаларда қайта шешуге тура келеді.
Бала жас кезінде әлеммен өзара әрекет етудің белгілі бір тәсілдеріне үйренеді. Ол есейгенде, бұл тәсілдер көбіне ескірген болып шығады. Бұл үйреншікті тәсілдерді, тек жалғыз мүмкін болар ретінде қабылдап, адам олар «жұмыс істемеген» жағдайда қиындықты бастан кешіреді. Гештальт-терапевт адамға өз тәсілдерін қайтадан түйсінуге және бүгінгі күн үшін жаңасын, барынша жарамдысын қайта құрастыруға көмектеседі.
Әрбір адамда қанағаттану әкелетін және дәл осы адамға барынша максималды сәйкес келетін теңдесі жоқ өз өмірін құру үшін потенциалды мүмкіндіктер бар. ГЕШТАЛЬТ – бұл өмірді барынша толыққанды сезінулі және барынша ойлы етуге мүмкіндік беретін тәсіл. Ол адамдарды тек өмір жөнінде ойлауға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге оның барлық көріністерімен күйзелуге, өзінде жаңа және жаңа ресурстарды ашуға, қоршаған әлемнің және өз тұлғасының жаңа қырларын көруге және сезінуге үйретеді. Сондықтан гештальт – бұл жәй ғана психотерапевтік тәсіл ғана емес, керісінше оны біртіндеп қайта түрлендіретін өмір салты.
Гештальт-тұрғының позициясы турасында адам тұтас сан қырлы тірлік иесі – бір мезгілде жануарлық, психологиялық, социалдық және рухани болып табылады. Гештальт-тұрғының мақсаты – түйсіну, саналы ұғу тәжірибесін ұдайы кеңейту және сол арқылы барынша мол тұтастыққа, психологиялық және физикалық денсаулықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Гештальт-терапия адами проблемалардың барынша кең шеңберіне қолдануға балатын әмбебап психологиялық тәсіл болып табылады. Олардың кейбір мыналар:
- клиникалық психотерапия;
- отбасылық психотерапия;
- тұлғалық өсуге және коммуникацияны жақсартуға ұмтылатын адамдарға арналған тренингтер;
- әр түрлі кәсіби топтардың өкілдеріне (мысалы, педагогтар, менеджерлер) арналған тренингтер;
- гештальт-педагогика;
- ұйымдарға консультация жасау.
Адами мінез-құлық гештальт-терапияның теориясына сәйкес гештальттардың қалыптасу және бұзылу приницпіне бағынады. Дені сау организм өзін реттеу негізінде қызмет етеді.
Өзекті қажеттілік туындайды және организмнің басым (доминирлеуші) зейінін жаулап ала бастайды – фигура фоннан бөлініп көрінеді. Одан әрі организм сыртқы ортадан бұл басым қажеттілікті, мысалы ашығу сезімінде тамақ ішу арқылы қанағаттандыруға қабілетті нысанды іздейді. Нысанмен жақындасу және лайықты (адекватты) өзара әрекет ету (келтірілген мысалдағы асты шайнау мен жұту) қажеттілікті қанағаттандыруға жетелейді – гештальт аяқталады және бұзылады.
Контакт – гештальт-терапияның базалық ұғымы. Организм суынан, өсімдігінен және тірі жаратылыстан ада кеңістік сияқты ауасыз кеңестікте өмір сүре алмайды. Адами жаратылыс басқа адамдардан айрылған ортада дами алмайды. Барлық негзігі қажеттіліктер тек қоршаған ортада ғана қанағаттандырылуы мүмкін. Организм қоршаған ортамен кездесетін орынды гештальт-терапияда контакт шекарасы деп атайды. Адамның қаншалықты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті оның қаншалықты икемді контакттық шекараны реттей алатындығына байланысты.
Гештальт-терапия ортамен, оның ішінде тұлғааралық өзара қатынасты ықпалсыз ететін контакттық шекараның тән (типтік) бұзылуларын сипаттап жазады. Гештальт беймәлім (анонимді) және мақсатсыздан қауіптеніп тікелей контактты марапаттайды.
Түйсіну – организмнің ішінде және оны қоршаған ортада не болып жатқандығы туралы мәліметтену. Түйсіну өзі және қоршаған әлем жөніндегі интеллектуалдық білімге тең емес. Ол өз бойына сыртқы әлемнің ынталандыруларын да, сол сияқты ішкі организмдық үрдістерді – сезімдерді, эмоцияларды, сондай-ақ ойлау әрекеттерін – идеяларды, образдарды, естеліктерді және таңдануларды қабылдау күйзелістерін жинайды, яғни көптеген деңгейлерді қамтиды. Түйсінуді, оның ойлау қыртысынсыз жануарлар да иеленеді.
Алайда өркениетті әлемде адамдарда эмоциялар мен сыртқы әлемді қабылдаудың орнына ойлау гипертрофирленген. Рационалдық білімге қарама-қарсылық ретінде дәл осы түйсіну организмнің қажеттіліктері туралы және қоршаған орта жөнінде анық (реалды) ақпарат береді.
Гештальт-терапия практикасының негізгі мақсаты – бұл түйсінуді кеңейту. Адами проблемалардың орасан зор саны анықтықты шынайы түйсіну интеллектуалдықпен, және көбіне ол туралы жалған алмастырулармен сабақтастығына байланысты, мысалы адамдардан не күтуге болады, олар маған қалай қарайды, менің нені қалауым керек және не істеуім қажет туралы. Мұндай жалған елестетулер анықтықты көлегейлейді және организмнің қажеттілігін қанағаттандыруды қиындатады – гештальттың қалыптасу мен бұзылу үрдісі ауытқиды.
Гештальт-терапия егер адамдар ішкі және сыртқы анықтықты айқын түйсінуге жетсе, онда олар өз бетінше барлық өз проблемаларын шешуге қабілетті дегенге сүйенеді. Сондықтан терапия мінез-құлықты өзгертуді өз мақсаты етіп қоймайды, мінез-құлық түйсіну өскен сайын өзгереді.
Бұл жерде-және-қазір – қабылдау, сезім, әрекет, ойлар, өткен немесе болашақ туралы қиялдар болсын, организм үшін үшін өзекті әрқашан қазіргіде өтетіндігін, олардың бәрінің қазіргі сәтте болтандығын білдіретін үрдіс. Бұл үрдісті қолдану түйсіну үрдісін қарқынды етуге (интенсифицирлеуге) ерік береді.
Жауапкершілік – өтіп жатқандарға жауап беру мен өз реакцияларын таңдау қабілеті. Анық (реалды) жауапкершілік түйсінумен сабақтас. Адам қаншалықты жоғары дәрежеде анықтықты (реалдылықты) түйсінетін болса, соншалықты мол дәрежеде ол өз өміріне – өз тілектеріне, әрекеттеріне, жауап беруге, Перлздің сөзімен айтқанда өзіне сүйенуге қабілетті.
Гештальт-терапияға феноменологиялық тұрғыдан келу терапевт клиенттің субъективтік тәжірибесіне де, сондай-ақ өз субъективтік тәжірибесіне де құрметпен қарауы арқылы жүзеге асады. Гештальт-терапевт клиенттің күйзелісі мен мінез-құлқына қандай болмасын белгілі бір мән қоймайды, түйсіну үрдісі барысында клиенттің өзі олардың мәнін аңғарады.
«ГЕШТАЛЬТ! Мен Гештальттың адам жасаған тағы бір концепциясы болып табылмайтынын қалай ұқтыра аламын!
Мен Гештальттың психологияға ғана емес, табиғаттың өзіне тән нәрсе екендігін қалай айта аламын?»
Фриц Перлз
«Жуынды шелегінің ішінде және сыртында»
WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

