Айналадағы адамдар жөнінде

Маусым 9, 2010, 2:34 pm | Posted in Uncategorized | 4 пікір

Адамдар – айна. Олар біздің байқамағанымызды көруге және қабылдауға жәрдемдеседі. Сіз оларды көргенде ызаланатын, ашу буып, теріс эмоциялар пайда болатын адамдардың бар екендігі рас. Олардан нені қаламайтындығыңыз туралы ойланыңыз. Сол кезде сіз өзіңізден немесе айналадағы адамдардан сол нәрсені көресіз. Адамдар айна тәрізді. Олар біздің санамызды кеңейтуге, стереотиптерден арылуға, әлемге барынша ашық болуға және әлемнің бізге өз есігін айқара ашуына көмектеседі.

Адамдар – жаттығу құралдары. Біз адамдарды сүюді, шыдамды болуды, жауапкершілге айналуды үйренгіміз келген кезде оларды сүю, оларға шыдамды болу, олар үшін сөзіңде тұру мүмкін емес адамда пайда болады. Не үшін? Өйткені олар жаттығу құралдары. Егер біз өз бұлшық еттеріміздің қуатын арттырып, күштірек болғымыз келсе, онда біз жаттығамыз. Демек, бұл адамдар бізге сүюге жаттығуға ықпал етеді. Оларсыз біз сүюдің не екенін білмес едік, оларсыз біз жетілмеген, дамымаған болар едік, адамдар әлемін онша жақын қабылдай алмас едік.

Енді соңында періште адамдар туралы. Олар – хабаршылар. Олар біздің өмірімізде маңызды хабар беру, менің жолымды қысқартып, жетер мақсатыма, өз өмірлік жолымызда пайдалы істер атқару үшін болатын адамдар. Олар келіп, бізге ақыл–кеңесін айтады, бірақ таңдау өзіңде қалады. Оны қабылдауымыз немесе қабылдамауымыз мүмкін, немесе теріске шығаруымыз ықтимал. Бірақ кейін «Бізге айтып еді ғой!» деп есімізге түсіреміз. Демек, біздің адамдарға барынша зейін қоюымыз, өмірде басы артық, қажетсіз адамдардың болмайтындығын түсінуіміз керек.

4 пікір »

RSS feed for comments on this post. TrackBack URI

  1. рахмет!

  2. Сізге қызмет етуге әзірміз!

  3. Эзотерикалық псевдоғылыми қыртпа жазулардың бірі екен. Ренжімеңіз. Алайда, ия, жаныңа жылулық пен бақыт берсе неге сенбеске. Одан да бетер жалғанға сеніп, бақытсызы жүргендер көп емес пе?

  4. мен бұл муралы ештене ойлап көрмеппін. Сондықтан, миым мына жазбаны қорытпады.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.