Тренинг

Шілде 31, 2010, 1:50 pm | Posted in Uncategorized | Пікір қалдыру

«Тренинг» психологиялық термині ағылшынның «to train» – оқыту, баптау, жаттықтыру сөзінен шыққан. Бұл оқу құралында «семинар» және «тренинг» терминдерінің мәні бірдей. Сол сияқты «бапкер/тренер» және «жетекші», «микротоп» пен «кіші топ» та сондай.

Тренинг – аса қызғылықты процесс! Өмірінде тым болмаса бір рет тренингке қатысқан адам бұл оқиғаны ұзақ жадында сақтайды.

КЕҢ МАҒЫНАДАҒЫ ТРЕНИНГ БҰЛ:

-         Өзін және қоршаған әлемді тану;

-         Қарым-қатынас арқылы «Менді» өзгерту;

-         Сенімді ау–жайда (атмосферада) және формалды емес жағдайда қатынасу;

-         Білімді бойға сіңіруге арналған ықпалды жұмыс түрі;

-         Ептіліктер мен бейімділіктерді қалыптастыру үшін құрал.

Егер адамды оқыту интербелсенді өтсе, ақпаратты тезірек бойына сіңіреді. Бұл кезде ол ақпаратты алумен бір мезгілде түсініксіз тұстарды талқылау, сауалдар қою, сол тұста алған білімін бекіту, мінез-құлық ептіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктерін иеленеді. Мұндай тәсіл қатысушыларды процеске еліктіреді, ал оқыту процесінің өзі жеңіл және қызғылықты болады.

Өз тәжірибесін иелену тренинг кезіндегі таным процесінің негізі болып табылады.

Қарым-қатынастың формалды емес жағдайын тренингте жетекші қамтамасыз етеді. Ол қатысушылармен тең дәрежеде қатынас жасайды: ол – барлығы сияқты, ол – топтың бөлігі. Ол топпен бірге жұмыс ережесін орнатады. Ол топты алдағы мақсатқа жетелейді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі тренингті дәстүрлі сабақтардан ерекшелендіреді. Одан басқа тренинг үшін қатысушыларды аудиторияда ерекше орналастыру тән – олар шеңбер бойымен отырады. Шеңбер, немесе оны тағы тренингтік шеңбер деп те атайды, мұндай сабақтар үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан тренингке арналған аудитория кең, жиhаздары еркін жылжытылатын болуы тиіс. Одан адамдарды бір-бірінен көлегейлейтін ешқандай кедергілердің (столдар, парталар, артық орындықтар) болмағаны жөн. Шеңбер сенімді ау–жайдың (атмосфераның) туындауына ықпал етеді, қатысушыларға бәрін көруге, бір-бірімен және жетекшімен еркін араласуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шеңберде болу адам санасында қауіпсіздікпен, сенім сезімімен, қызығушылық пен зейіннің болуымен теңестіріледі (ассоцирленеді).

Тренингтің тағы бір ерекшеліктерінің біріне қатысушылардың аздаған тобымен жұмыс істеу үшін көп уақыт жұмсауды жатқызуға болады.

Пікіріңізді қалдырыңыз »

RSS feed for comments on this post. TrackBack URI

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.