Алаңдауға қарсы амалдар
Қаңтар 5, 2009 at 6:07 тк | In Uncategorized | Leave a CommentАлаңдаумен табысты түрде күресуге болады. Алайда психотерапевтік көмек сол немесе басқа себепке байланысты қолы жетпейтін адамдарға не істеу керек? Неліктен оларға жел өтіндегі үйеңкі жапырағы сияқты еш жәрдемсіз дірілдеу ғана қалады? Әрине тіпті де олай емес. Алаңдаумен күресудің бірнеше сынақтан өткен тәсілдері бар. Екі сөзбен оларды былай белгілеуге болады: жұмыс және дұға. Жұмыс – адам алаңдаушы жағдайда демеп тұруға жұмсайтын сол қуатты пайдалы түрде қолдануға мүмкіндік беретін қандай да бір іс-әрекет. Дұға – өзімен өзі, жақын адаммен немесе құдаймен алаңдау туралы әңгімелесу, алаңдауды ой елегінен өткізуге және оны құртуға көмектесетін әңгіме. Егер сіз барынша нақты ұсыныстар алғыңыз келсе, төменде баяндалатынмен танысыңыз. Сонымен алаңдаумен күресу тәсілдері.
1. Өзіңізден «Мен не туралы алаңдаймын» деп сұраңыз. Сізді абыржытатын нәрселердің тізімін құрастырыңыз. Одан соң әрбір бапқа жеке өзіңізге тағы сауал қойыңыз «Менде алаңдау үшін негіз бар ма?». Егер жауабы «жоқ» болса, өзіңізге «Менде алаңдауға енді қажеттілік жоқ, мен тыныштанамын деңіз. Егер «Ия» деген жауап болса, алаңдауды тудыратын жағдайды өзгертуді бастаңыз. Мысалы, егер сізде өз денсаулығыңызға мазасыздануға негіз болатын болса, дәрігерге кеңес алу үшін барып қайтыңыз. Егер жұмысты жоғалту мүмкіндігі алаңдататын болса, мекемедегі өз жағдайыңызды бекітіңіз немесе қосымша нұсқа іздеңіз.
2. Егер сіз өзіңіз үшін емес, туыс адамдарыңыз үшін алаңдайтын болсаңыз, өзіңізден «Оған мен алаңдауым қажет пе, ол туыс адамға көмектеседі ме?» -деп сұраңыз. Бәрінен бұрын сіз бұл сауалға теріс жауап берсеңіз, мұндай жағдайда: «Алаңдаудың орнына ол үшін мен не істей аламын?» деп сұраңыз. Күйеуді күтудегі дәмді кешкі ас, пәтерде аласұрып және сіздің ойша сызған автоапаттың қорқынышты көріністерінен гөрі, оны барынша көбірек қуантады.
3. Егер оқиғаны өзгертуге мүмкіндік болмаса, онда оған қатынасыңызды өзгерту мүмкіндігі қалады. Тағдырға иек артыңыз және өзіңізге: «не болса да болады. Барлығы жақсылықпен аяқталсын» -деп айтыңыз.
4. Өз алаңдауыңызды ауа шары ретінде ойға симас үлкен көлемге дейін үрлеп, оны мүмкіндігіңізше ұлғайтыңыз, қолдан келгенше жақсылап қорқытуға тырысыңыз. Мұнда барлық денемен қалтыраған да жақсы. Белгілі бір сәтте сізге күлкілі болады да, шар жарылады және алаңдау ұшып кетеді.
5. Өз алаңдауыңызды жағымды кернеу ретінде қабылдауға тырысыңыз. Физиологиялық тұрғыда бұл жағдайлар көп жағынан ұқсас. Алаңдау басталған сәтте ойды секске ауыстырыңыз.
6. Сондай-ақ алаңдауды өзіңізге «мен жинақтымын, басым анық әрекет етуге дайын» деп айтып алаңдауды ынталылыққа (энтузиазмге) айналдыруға болады. Одан соң әрекет ете бастаңыз. Мүмкін бұл кәсіби мәселелерді шешу немесе жаңа идеяларды ойластыру немесе пәтерді жинастыру болуы ықтимал.
7. Алаңдауды дене жаттығулары мен қуатсыздандырыңыздар. Әдетте бір екпінде жүгіру, ұзақ жаяу жүру, хатха– йогадағы жаттығулар немесе суда жүзу лайықты. Елеулі діңкалаудан қашу керек.
8. Егер алаңдау созылмалы сипат иеленсе, күнделік жазыңыз, өз жағдайыңызды және өзіңізді жақсырақ сезінуге көмектескен тәсілдерді мұқият сипаттап жазып, күнделікті қайтадан оқыңыз, алаңдаудың толқынға ұқсас екендігіне көз жеткізіңіз; құйылудан кейін әрқашан кері қайту болады.
9. Алаңдауды туыс адамдармен талқылаңыз. Олар сізге моральдық демеу береді және сіздің қауіптенуіңіздің қаншалықты негіз бар екендігін түсінуге көмектеседі.
Бір немесе бірнеше тәсілдерді байқап көріңіз. Көптеген жағдайларда оларды қолданудан соң адамның жағдайы жақсарады. Егер бұлай болмаса, қабылдауға қош келдіңіз!
Алаңдаулы пациентке алаңдады күшейтетін мынадай факторларды ескеруге және мүмкіндігінше олардан қашуға тура келеді.
1. Уақытша цейтнот, бірнеше істерді бір және сол уақытқа жоспарлау.
2. Сергітетін ішімдіктерді (шәй, кофе) көп мөлшерде тұтыну.
Алаңдауға қарсы препараттарды бірден алып тастау. Егер сіз мұндай дәрілерді қабылдай бастасаңыз, онда алып тастауды толқынды түрде мөлшерін төмендетіп жүргізу қажет.
Е.А.Некрасованың «Психотерапия бойынша қысқаша анықтамалық» кітабынан үзінді.
http://qazpsi.ucoz.kz/ сайтынан
Торығудан құтылу жолдары
Қаңтар 5, 2009 at 6:05 тк | In Uncategorized | Leave a CommentЕкі аптадан артыққа созылатын және соңы көрінбейтін уайымы бар адамдарға не істеу керек? Егер психотерапевтке бару қандай да бір себептерге байланысты қол жетімсіз болғанда, зардап тартатын адам өзіне қалай жәрдемдесе алады?
1. Депрессияның мәңгілікке созылмайтындығын еске ұстаңыз. Сізге бұған сену қазір қиын, дегенмен сіз өзіңізді барынша жақсы сезінетін күн міндетті түрде туады, өмірдің мәні жоғалып кеткен жоқ, тек ол күннің бұлттарға жасырынғаны сияқты депрессияға жасырынған. Бұлттар тарқайды, ыдырайды және күн қайтадан жадырап көрінеді.
2. Әрбір тәулікте сіз қаншалықты мүмкіндігіңіз келгенше, соншалықты белсенді болыңыз. Өзіңізді тізгіндеуге, әрекетсіздікке кетуге жібермеңіз. Істердегі мұңлы ойлардан сейіліңіз. Әрбір сәтті аяқталған істі депрессиямен күрес майданындағы сіздің кішкентай жеңісіңіз ретінде бағалаңыз.
3. Әрбір күні өзіңізді қуантуға қабілетті нәрсемен қуантыңыз. Бұл жақсы кітап немесе сүйікті әтірдің иісі, шоколад немесе хош иісті шөптері бар ванна болуы ықтимал. Бұл жағымды заттардан қалған сіздің бұрынғы сезімдеріңізді еске түсіріңіз және сезініңіз.
4. Әрбір күні сізді сүйетін адамдармен, отбасы мүшелерімен, туысқандармен, достармен араласыңыз. Олардан сіздегі не нәрсе өздеріне көбірек ұнайтындығын айтып беруді өтініңіз. Айтылғандарды қанағаттанарлықпен қабылдаңыз.
5. Күлдіргі фильмдерді көріңіз және күлдіргі кітаптарды оқыңыз. Өзіңіздің тұнжыр ойларыңызға, депрессияның өзіне мысқылдап күлуге тырысыңыз.
6. Өз ойларыңызды және сезімдеріңізді, өз жағдайларыңызды күнделікте сипаттап жазыңыз. Біріншіден, қағаз бетінде ағынан жарылып айту мүмкіндігі жан жүгін азайтады. Екіншіден, сіз көп кешікпей өз жағдайыңыздағы динамиканы көзбен көресіз, ең азғантай жақсаруды мұқият түртіп қойыңыз және оларға қуаныңыз.
ДЕПРЕССИЯ ӨТЕДІ. Әрқашан. Бұл деректі сезіну сізге оны бастан өткеруге көмектеседі.
Е.А.Некрасованың «Психотерапия бойынша қысқаша анықтамалық» кітабынан үзінді.
http://qazpsi.ucoz.kz/ сайтынан
Ажырасуды бастан қалай жеңіл өткізуге болады
Желтоқсан 27, 2008 at 7:33 тк | In Uncategorized | Leave a CommentПсихолог кеңесі
Көптеген жұбайлардың өмірінде бір күні не істесең де, ажырасудан қашып құтылмайтын сәт туатындығы құпия емес. Оған қоса неке жұптарының бір-бірінен шаршағаны соншалық, айырылысу ең жақсы жол ретінде көрінеді. Адамдарға ажырасу жағдайында қандай ұсыныстар беруге болады?
1. Тез арада шешім қабылдамаңыз. Иә, ажырасу – бұл эмоционалдық кернеулік. Бірақ маңызды шешімдерді бастың салқын күйінде қабылдаған жөн.
2. Өтіп жатқандардың барлығы – сіздің өмірлік тәжірибеңіздің жинақталуы. Ал бұл үлкен құндылық, және оған сәйкесінше қараңыз: бір сынғанға екі сынған берілмейді.
3. Егер сіздің некеңіз бір кездері махаббат бойынша құрастырылған болса, сіздің сүюге мүмкіндігіңіздің бар екендігін білесіз. Ал бұл қасиетті сізден ешкім тартып ала алмайды, демек сіздің өміріңізде тағы махаббат мейрамы болады.
4. Тек мейрамды жақындатуға асықпаңыз. Ажырасудан соң бірден жұбайыңызға бірдемені дәлелдеу немесе жалғыздықтан құтылу мақсатында шала піскен некені құру арқылы сіз ажырасудың дәл осындай жағдайына, бірақ тез арада иеленген жаңа жұбайыңызбен тап болу тәуекелін иеленесіз.
5. Сізде тағы да мүмкіндіктер мол. Барлық бастан кешкендерді ескере отырып және бұл таңдауды жасау ептілігін игеріп, тіпті сіз өте жас болмасаңыз да өз еркіндігіңізді пайдаланудың көптеген мүмкіндіктері бар.
6. Сіз мінез-құлқыңыз бойынша белсенді контакттарға бейім болмасаңыз да өзіңізге тұйықталып қалмаңыз. Жаңа достарды жинаңыз, жаңа әлеуметтік (социалдық) байланыстарды реттестіріңіз. Егер сізде жұмыс болмаса, жұмысқа орналасыңыз. Жалпы жұмыс іздеумен айналысудың сізді ажырасудан соңғы кез-келген жағымсыз эмоцияларды ұмытуға мәжбүрлеуге шамасы жетеді.
7. Өз кестеңізді сізде ешқандай бос мақсатсыз уақыт қалмайтындай етіп жоспарлаңыз. Барлық күндерді еңбекпен және тірлікпен өткізу міндетті емес – тынығыңыз. Бірақ белсенді тынығыңыз.
8. Және міндетті түрде, мүмкін маманның көмегімен, ажырасудан соң пайда болатын кінә, өш алу, ашу, ыза, жек көру сезімдерінен арылыңыз. Бұл сіздің жаңа еркін жолыңызда жақсы серіктер бола алмайды.
9. Ажырасу оқиғасы – ең алдымен өзіңізді түсінуге жақсы себеп. Жаңа серіктесті (партнерді) табуда бір тырманы екінші рет баспаңыз.
10. Есіңізде болсын, ажырасу – бұл сіздің бар өміріңіздің күйреуі және тіпті оның ақыр соңы емес. Мүмкін бұл сіздің жаңа бақытты тағдырыңыздың тек бастауы болар.
www.naritsyn.ru сайтының материалдары бойынша
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Сіз қалай ұйықтайсыз?
Желтоқсан 27, 2008 at 7:32 тк | In Uncategorized | Leave a CommentҚалаш сияқты бүктетіліп ұйықтайтындарды ашылғанды, гүлденуді қаламайтын «бутондар» (гүл шоғыры) деп те бейнелеп атайды. Бұл адамдар санадан төменгі бөлікте өз балалық шағымен қоштасқысы келмейді. Олар мінезі күшті адамдардың өз қамқорлығына алуына әлдекім өздері жөнінде мәпелесе жағымды сезінеді. Тәуекелге бой ұрмайтын, өздеріне сенімсіз олар жауапкершіліктен қашады және тең дәрежеде жақсы да, жаман да әсерге бейім келеді. Турасын айтқанда бұлар өз әрекеттерінде, дұрыс мағынадан гөрі минуттық көңіл-күйді басшылыққа алатын сезімтал және импульсивтік тұлғалар.
Қолдарын керуеттің барлық еніне тастап және бір аяғын ішке бүгіп ішімен ұйықтайтындар әдетте өздеріне сенімді, уәдесінде тұратын, өз пайымдауларында ретті, тәртіпті сүйетін жандар. Олардың кездейсоқтықты жаны сүймейді, алдын ала көрегендік танытады. Әдетте оларды тақуалыққа, елестетудің жоқтығына кіналап жатады. Өз пікірлерін мойынға артуға, әмір беруге, билеп-төстеуге құмар.
Қолдарын басының артына қойып, шалқасынан жатып ұйықтайтындар әдетте ақжарқын, жүректері мейірімге толы. Олар өздерінің кемшіліктері туралы біледі, бірақ олар жөнінде ойланбауға тырысады. Бұл адамдардың ойлары жарқын, олар айналасындағыларға достық ниетте және әлемді қандай күйде болса, сол күйінде қабылдайды. Шындығында бұлайша қабылдау олардың өз өмірлерін күрделендіруге тырыспағандықтарымен сабақтас. Ұйқыдағы мұндай кейіп, балалық шағында өз ата-аналарының сүйіктісі болған адамдарға тән.
Аяқтарын сәл ішке бүгіп, бүйірімен ұйықтағанды сүйетіндер – мінездері тұрақты, жұмсақ адамдар. Олар айналасындағылармен сирек дауласады, кикілжіңге келеді, ойға қонарлық компромистерге (келісімдерге) бейім және әр түрлі өмір шарттары мен жағдайларына еш қиындықсыз бейімделеді. Дегенмен олар өз мақсаттарына жетуге жеткілікті батылдықты, қуатты және табандылықты иеленбеген, мансапқұмар емес, қоғамда жарқырап көрінуге, көшбасшы болуға ұмтылмайды. Көлеңкеде, әсіресе бұл өздері сүйетін және құрметтейтін адамның көлеңкесі болса, сонда қалуды артық санайды.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Аллан және Барбара Пиздің айтқандарынан
Желтоқсан 27, 2008 at 7:31 тк | In Uncategorized | Leave a CommentЕркектерде: туннелдік жанар болады: олар үлкен қашықтықта алдында тұрған нәрсені керемет көреді. Әйелдерде шеткі (перифериялық) назар болады. Бағзы замандарда олар балаларды мәпелеуге және қорғауға мәжбүр болған. Демек, өзінің қабылдауында барынша жабық кеңістікті, тек алдын ған емес, сонымен бірге солын, оңын, тіпті артқы тұсын да бекітуге тура келген.
Статистика көрсеткендей, таңданарлық емес нәрсе, әйелдер тәулігіне орта есеппен 8000 сөз айтады, ал еркектер болса, бір күнде ең жақсы деген жағдайда тек 4000 сөз сөйлей алады. Екі есе кем! Егер әйел күйеуіне бірден бірнеше әр түрлі тапсырма беретін болса, шарт бойынша олардың бірде бірі де жөнді пайда болмайды. Қысқа айтқанда, егер сіздің жұбайыңыз ықпалды әрекет етсін десеңіз, қысқа, анық сөз тіркесімен оның алдында нақты және тек бір ғана мақсат қойыңыз!
Еркек, егер ол бірдеңені ойлаған болса, бұл тек өз жұмысы туралы ойға шомады. Америкалық социологтардың сауалнамаларына сәйкес, 90-шы жылдары мықты жыныс өкілдерінің 70 пайызы өз өмір тіршіліктерінде жұмысқа басымдық берген болса, әйелдердің 70 пайызы – отбасына және ошақ қасына басымдық айтқан.
Пенсельвани университетінің психологтарының тәжірибелері мидың әр түрлі телімдерінің арасындағы нашар байланысқа байланысты еркектер өз эмоцияларын өте қарапайым деңгейде меңгеретіндігін нанымды көрсеткен.
Иә олардың терілерін әйел логикасы да, әйел аялаулары да тесіп өте алмайды. Бұл тек сөз ойыны ғана емес! Іс жүзінде еркектің терісі әйел терісімен салыстырғанда он есе төмен сезімге ие. Кез келген фермер қошқар сол бір ғана қойға қайтадан бес реттен аса ешқашан артылмайтынын айтады. Табиғат осылай шешкен. Тіршілікті тоқтатпау үшін еркектің ұрғашылардың басым бөлігін игеруі тиіс болған. Сондай-ақ америкалық психологтар, амурлық (махаббат) романдарын оқитын әйелдер, мұндай кітаптарды оқуды өздеріне мін санайтын өздерінің құрбыларымен салыстырғанда сүйіспеншілікпен екі есе артық айналысады деп тұжырым жасайды.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Отбасының өмірлік кезеңдері (циклдері)
Желтоқсан 27, 2008 at 7:30 тк | In Uncategorized | Leave a CommentКез келген отбасы дамуында кейбір маңызды сатылар бар:
- баласыз жұп сатысы;
- алғашқы перзентті болумен сабақтас сатылар;
- баланы мектепке дейінгі тәрбиелеу сатысы;
- баланың мектепке оқуымен сабақтас саты;
- баланың жасөспірімдік даму фазасының сатысы;
- баланың өз бетінше өмір сүруі мен өз отбасын құруының басталуына байланысты саты;
- қартайған жұбайлардың өздеріне жете көңіл аударуы мен олардың бірінің қайтыс болуымен сабақтас саты. Толық отбасы қазіргі қоғамның эталоны емес, дегенмен отбасының динамикалық сипаттамасы мен оның дамуындағы кілтті кезеңдерді ескеруге тура келеді.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Есеюге асықпаңыз!
Желтоқсан 27, 2008 at 7:29 тк | In Uncategorized | Leave a CommentОлардың құрбы-құрдастарының ойлағанындай, ерте бой жеткен қыздардың жағдайы онша жақсы емес. Арта түскен әйелдік қасиеттің өтеуі тым қымбат – ерте есею депрессиялармен, ас қорытудың бұзылуларымен және денсаулыққа байланысты басқа ауытқулармен бірге жүреді дейді америкалық дәрігерлер.
Мұның нәтижесі – мектептегі нашар үлгірім, есірткі мен алкогольді тұтыну, темекі шегу, сондай-ақ жыныстық қатынасты ерте бастау. Тек көңілді тең санауға болатыны – жасөспірім жасының аяқталуына таман олардың және құрбыларының арасындағы ерекшеліктердің білінбей кететіндігі.
«ЭКСТРА-ПРЕСС» материалдары бойынша
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Сіз – көшбасшысыз ба?
Желтоқсан 27, 2008 at 7:28 тк | In Uncategorized | Leave a CommentАйналасындағылармен қатынаста кері шегінуді білмеу және әңгімелесуде өзін міндетті түрде бірінші орынға қоюға ұмтылу денсаулық үшін аз емес қауіптерімен қатерлі. Басымдық (доминанттық) еркектерді зерттеген Дьюк университетінің америкалық психологы солай деп есептейді.
20 жыл бақылаудан алынған оның деректеріне сүйенсек, мұндай мінез-құлық негізінен жүрек-қан тамыр кеселдерінен ерте дүниеден өтудің мүмкіндігін 60 процентке арттырады екен.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Дәрігерлер мен наркомафия үшін аңыз
Желтоқсан 27, 2008 at 7:14 тк | In Uncategorized | Leave a Comment«Жаңа Сібірдің» сұрақтарына
«Транс» психотерапия орталығының
директоры Алексей Дериев жауап береді.
«Жаңа Сібір» №35 18 қыркүйек 1998 ж.
Оқырман, ЕСІҢІЗДЕ МЕ, бір кездері біздерді: «Қоғамда өмір сүріп және одан тыс болуға болмайды». Біз шындығында да тәуелдіміз: ұзаққа жалғыз қалдыруға болмайтын мысықтан да, майды төгіп алған Аннажаннан да. Өмір – тәуелділіктер тізбегі. Біздің. Бізден.
«Транс» психотерапиялық орталығының директоры Алексей Дериев есірткіге психологиялық тәуелділік сәттерімен жұмыс істеу барынша күрделі деп есептейді.
- Денелік тәуелділікті алып тастаумен проблемалар болмайды. Есірткі тұтынатын адамдар мұны қалай істеуді біледі: дозаны (мөлшерді) біртіндеп азайту, мүмкін шарап, спирт ішу. Күрделілігінің мәні мынада, қайсыбір уақытқа ұйқы бұзылады, адам морт сыну деп аталатын жағдайды бастан кешіреді. Бірақ морт сынуды алып тастайтын, абстиненттік синдромның бетін қайтаратын, ұйқыны қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер жеткілікті.
Есірткіден психикалық тәуелділікті терапиялау – өте нәзік зат. Алкогольден айырмашылығы, есірткіні жек көруді қалыптастыру мүмкін емес.
Психологиялық тәуелділікпен жұмыс істеудің күрделілігі сонымен қатар есірткінің спецификалық әсеріне байланысты, айталық тұлғаның ішкі екіге бөліну (қақ айрылу) жағдайы болатындығынан: біреу тастағанды, екіншісі жалғастыруды қалайтындықтан туындайды. Маман негізінен тастауды қалайтын бөлігімен жұмыс істейді. Оған есірткінің зияны туралы ештеңе түсіндірмеу қажет бөлігімен. Оның өзі барлығын жақсы біледі. Басқа шаруа, оның тұлғасының есірткіні тұтынатын қай бөлігі (мен «нашақор» деген сөзді ұнатпаймын) кабинеттен тыс жерде «іске қосылатындығы».
– Алексей, кабинеттен тыс жерде тұлғаның қай бөлігі «іске қосылатындығына» кепілдік болмаса, нашақорлық – демек, бақилық (фаталды) диагноз болды ғой. Және оны емдеудің не қажеті бар?
– Нашақорлық емделе ме немесе емделмей ме, мен білмеймін. Алкоголизм (маскүнемдік) те сол сияқты. Егер оған сырқат ретінде келетін болсақ, болып өткен өзгерістер, қайтымсыз және диагноздың өзі – өмірлік. Егер кесел ретінде емес, есірткіні немесе алкогольді тұтыну проблемасы ретінде қарасақ, онда проблеманы шешуге болады. Мұны мен анық білемін.
Мен есірткіге психикалық тәуелділік проблемасымен жұмыс істеу барысында адамға бірнеше идея берудің маңызды екендігін де анық білемін. Тым құрығанда мынаны: уақыт сығымдалуы және адамның қай кездері бәрібір өз проблемасынан асып өсетіндігі.
Әдетте мен клиентке былай деймін: «Мен сенімен егер сен тоқтап қалғаныңды білетін болсаң, жұмыс істей аламын. Егер сен сенімсіз болсаң, қандай да бір уақыт ине шаншып көр. Бұның жұмыс істеуді бастағанда приципі жоқ. Ең бастысы сенің тежелуің. Қай кезде шешім қабылдасаң, сол кезде бастаймыз». Әдетте бұл оның жанды жеріне тиеді.
Маған адамның тастау шешімін қабылдауы маңызды. Мүмкін мен қазір қарқынды психотерапияның техникасына үлкен үміт артармын: әмірлі (директивті) гипноз емес, холотроптық тыныс алу. Олар есірткімен қош айтысуға шешім қабылдаған кез келген адамға көмектесе алады деп ойлаймын.
– Кез келгенге?
– Маған клиенттің өз проблемасын қазір шешкендігі жағымды болар еді. Менің көзімше. Менімен. Бірақ тіпті бұл қазір болмаса да, идеяны түсінетін болсын: ол тастай алады. Және өзінің нәтижесінде ол ешкімнен бағыт алуға міндетті емес. Өзіне басқа. Ол басқа адамның киімін киюге міндетті емес және егер әлдекім есірткіден қайтыс болса, өлуге міндетті емес. Және ол егер әлдекім есірткі бастаса, өзіне есірткіні қайтадан тықпалауға міндетті емес. Мен клиентке былай деймін: «Сенде сенің және тек қана сенің нәтижең болады». Әрине, терапияны жүргізген дәрігерге де және клиентке де бұл жұмыс алғашқы кезде онша берік еместігіне есеп беру қажет. Ал егер оны беріктікке тексерсе ше … Бірақ көз алдыңызға қолдан жасалған нәзік вазаны елестетіп көріңіз. Әдетте оны қолға оның беріктігін тексеріп көру үшін алмайды. Егер оған мұқият, ыждағатты қараса, ол ұзақ қызмет етеді және антикварлық (ескі) жасқа дейін өмір сүреді. Қайталаймын. Есірткіден психологиялық тәуелділікті терапиялаудың маңызды принципі: адамның артығырақ өсуі қажет: біршама уақыт өмір сүруі және проблемадан артуы керек. Бірақ орыс адамының менталитетінде – тез нәтижеге, кереметке, таңғажайыпқа деген сенім бар.
… Маған мамаша жүгіріп келді. Оның ұлымен біз әр айда үш тәулік жұмыс істедік. Әйел енді ықпалды емес деп есептеді: «Бұл тек ақша алып, қалта қағу. Ұлым есірткіні қалай тұтынса солай тұтынып келеді».
Бозбаламен сөйлестім. Анықталғаны ай бойына есірткі үш рет қолданылған. Терапияға кірер кезінде ол тәулігіне үш мәрте өзіне ине қадайтын. Ұл нәтижеге риза, жұмысты жалғастырғысы келеді. Анасы өзгерісті байқамайды. Оған айтуға тура келеді: «Егер сіз айына үш рет есірткіні тұтынуды, тәулігіне үш рет есірткі тұтынуға қарағанда – қасірет деп санасаңыз, шындығында терапияны жалғастырудың мәні жоқ. Ғажайыпты күтіп жүре тұрыңыз. Мен болсам, жұмыс жеткілікті жақсы жүруде деп есептеймін».
Иә, біздің адамдар тез нәтижеге ниет артқан. Дегенмен, бір күнде, бір сағатта сауығуға уәде беретін жарнаманы тыңдай отырып, өзіңе бұл тек жарнама ретінде есеп беру керек. Ұзақ демеуші терапияның уақытының қандай тез келетінін мен білмейтін. Бірақ әзірше, өкіншке орай, нашақорлық толқыны есірткіні ұзақ тұтынатын адамдармен жұмыс істеуге бейім әзірлігі бар психологтар мен терапевтердің толқынынан тезірек өсіп келеді.
– Жүйкесі тоза тез нәтижені күтетін туысқандарын түсінуге болады. Олар есірткімен қоштасатындарға қалай реалды (нақты) көмектесе алады?
– «Туысқандық демеу» не үшін қажет? Елес (иллюзия) тудырмас үшін, адамның өте елеулі қадам жасайтындығын есте ұстау үшін: оған өз өмірінде көптеген нәрсені өзгертуі қажет. Есірткілер психологиялық ересектенуді тоқтатады. Адам тұтыну басталған жаста кідіріп қалады. Ал егер есірткінің дәмін 12-13 жаста татып көретінін ескерсек, онда … Жиырма жастағы жас жігіт жасөспірім деңгейіндегі интеллектті, психологиялық ұйымдастыруды сақтап қалуы мүмкін. Дәл сондай мінез-құлықтық реакцияларды көрсетеді. Өтірікші болады. Және де жалған сөйлеудің бір адамдағы екі тұлғаның біреуге бірігуі үшін тиылуы қажет. Бірақ проблема проблема түрінде қалады. Егер оны шешуді қалауды ойын білдірсе. «Мен жақсы баламын. Мен жақсы қызбын. Мен сізге керек сөздерді айтамын». Бірақ бақылауды бәсеңдетсеңіз – қашып кетемін және ине саламын» деген деңгейдегі ойын. Ойындардың ішіндегі ең белгілісі, танымалы «Мені тоқтатып көр».
Тағы бір қызықты афоризм бар: «Адамға арақты тастауға көмектесу үшін, оған көмектесу керек». Есірткімен де сол сияқты. Өз жолынан адасқан баланы «жаман айналасындағылардан» сақтауға барлық өмірді арнауға болады. Оған ешкімнің келмеуі үшін, ол ешқайда бас сұқпас үшін әдістемелі түрде жүруге және қорғаштауға болады. Баланы ешкім есірткімен алдаусыратпауы үшін. Бірақ бәрібір проблеманың бұл бөлігін ата-ана мойнынан клиенттің мойнына ауыстырған дұрысырақ. Және клиент білетін болсын: есірткі тұтынуды жалғастыру немесе оны тыю – бұл тазалай оның проблемасы. Ақыр соңында ата-ананың ақшасы мен шыдамы түгесілуі мүмкін. Және де олардың: «Қымбаттым, бар өзің өмір сүр» деп айтуға құқығы бар. Адамға «Егер сен бір рет инеге отырсаң, онда сенде тәуелділік қайтадан пайда болады» деген бағдарлама орнатылған кезде, ол бұл бағдарламаны орындайтын болады. Жақсы. Адам есірткісіз бір жарым жыл өмір сүреді. Ал одан соң бір рет дәмін татып көрді. Неліктен ол кенеттен міндетті түрде өзінде нашақорлықты қайтадан қалпына келтіруі керек? Неліктен адам бұған дейін бір жыл ішпесе екі-үш күндік салынып ішуден трагедия жасауы керек? Үзілуді (қайта бастауды) мынаны айтып тоқтауға болады: «Сен тағы да қайтып оралып және бәрін жаңадан бастағың келеді ме? Принципінде қауіпті ештеңе болған жоқ. Мұндай үзілулер (қайта оралулар)- тексерулер болады. Бірақ қазір сен тек тоқта. Тоқтау тәжірибесі сенде бар. Бұл үшін саған не керек?
– Алексей, егер мінез-құлықтың бір және сол түрі тек арқылы берілетін болса, онда бір және сол отбасында бір-біріне ұқсамайтын тұлғалар неге өсетін болады?
– Бір және сол отбасында балалар арасында бәсеке болады. Көшбасшы «Мен – жақсымын, мен ата-ана үмітімін» рөлін ойнауы қажет. Аутсайдерге «нашардың» рөлі тиіседі. Ал егер оның төменгі өзін бағалауын көтерсе, ол рөлге толығымен енуі мүмкін.
Менің клиентімнің отбасында үлкен ағасы тектік мақтаныш болды. Ол мұғалім, мектеп оқу ісін басқарушы болды. Кішісі салынып кеткен адамның рөліне өте жақсы енді. Біз онымен тікелей тәрбиелеу тақырыбы жөнінде әңгімелестік: «Сен нұсқауларды орындауға бел буып және нашар, ешкімге қажетсіз болғың келеді ме?» Бұл адам қазір кейде салынып ішеді, бірақ өзі қалпына келеді.
– Алкогольдік тәуелділік мысалы тек арқылы беріледі. Бірақ мүмкін «тек бойынша» ұрпақтан ұрпаққа бір және сол нұсқау берілетін шығар? Ересектер жас баланың миына құятын сол нұсқаулар? Балалар 13 жасқа дейін өте гипнобельді және бұл нұсқауларды тікелей бойына сіңіреді. Және ұлмен немесе қызбен сөйлескенде, қатынас жасағанда «нашар» сөзімен оның тұлғасы емес, қылығы белгіленуін қадағалау аса маңызды: «Сен жақсы ұлсың, бірақ сен жаман сөздер айтасың». Ал егер анасы ұлдың миына ұдайы: «Ішетін болсаң – сол сияқты боласың» дегенді құятын болса, бұл нұсқау мысалға сыраның алғаш рет дәмін татып көргенде іске қосылады. Ол ішті және демек, мас ата-ананың мінез-құлқын көрсетуі қажет. Дұрысы «Байқап көруге ұсынатындардың барлығына өте абайлап және сақтана қарау керек» тақырыбындағы нұсқауларды миына құю керек. Милтон Эриксон әмірсіз (директивтік емес) гипноздың негізін қалаушы «Әке, бұл не?» деген бала сауалдарына «Ал сен байқап көр» деп жауап берді. Және балалар санадан тыс деңгейде оларды байқап көруге ұсынғанның бәріне өте абаймен қарайтын болды. Эриксондар отбасында маскүнемдікпен, нашақорлықпен, шылымқорлықпен сабақтас проблемалар ешкімде де болған емес.
– Мен сізді түсінсем, есірткінің құлы болуды тыюға болады. Бұл реалды ма?
– Есірткіні тастау мүмкін емес деген аңыз есірткіні саудалаушылар мен оларды … емдейтіндер үшін ыңғайлы. Терапевт терапиядан өткен клиентке былай деуіне болады: «Сенің денің сау, бар жұмыс істе, өмір сүр. Сенімен болғанды тезірек ұмыт. Және саған байқап көруге ұсынылатынға өте абай бол». Терапевт адам есірткілер жөніндегі әңгімелерді қолдауға, есірткілер жөнінде хабарларды қарамауға тиым салуы мүмкін. Өйткені олар адамның ішкі жадын іске қосады, сол естеліктерге тереңдетіп батырады. Бірақ терапевт басқа сөз тіркесін айтуы мүмкін: «Үш айдан соң маған қайтып кел. Өйткені нашақорлық емделмейді және мәңгі бақи кетеді». Анасы тағы да терапияға ақша іздейтін болады.
Мен оқырмандар: ережелердің, нұсқаулардың – бұл бар болғаны сөз екендігін есте ұстауын қалар едім. Бар болғаны әлдекімнің пікірі. Мен адамның нашар нұсқаулар мен нашар прогноздардан қорғануды үйренуін қалар едім. Жақсыны таңдауды және оларды қолдануды.
Татьяна Бекишева, арнайы «Жаңа Сібір» үшін.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
Ұпайға ойнау
Желтоқсан 27, 2008 at 7:12 тк | In Uncategorized | Leave a Comment– Өркениет әзірше кідірген жерде әйелдер жеңіл босанады. Өйткені өркениет пен жердің бұл бөлігін экологиясы, онда өмір сүретін адамдардың экологиялық таза санасы еш бұзылмаған. Босанудың ауырсынумен өтетінін әйелдерге түсіндіретін ешкім жоқ. Және де босану табиғи үрдіс (процесс) ретінде қабылданады. Дәрігерлер де, прессалар да жоқ … Алайда егер босанатын әйелдерді алдын ала, оларға ауырған кезде, өте қатты ауырған кезде, төзгісіз ауырған кезде тууға алдын ала дайындап, не істеу керектігін түсіндірсе, олар айқаймен және асқынулармен туатын болады.
Мені есірткіге тәуелділердің көбейгені еш таңдандырмайды. Мені нашақорлықтан құтылудың жолы жоқ екендігі туралы аңызды мықты айтқанына қарамастан есірткіні тастайтын адамдардың бәрібір табылатыны таңдандырады, деп есептейді Жалпыроссиялық кәсіби психотерапевтік лиганың мүшесі, нарколог Алексей Яковлевич Дериев.
– Бірақ бізде үгіт-насихат, есірткілік емес, есірткіге қарсы ғой…
– Ол маған «Жиырма бір» ойынын еске салады. Егер адам жиырма бір ұпайдан артық иеленсе, ол жеңіледі. Оның ұпайды көбірек жинағаннан, азырақ жинағаны жақсы.
Россияда нашақорлықтың емделмейтіні туралы аңыз белсенді түрде миға құйылады. Одан мынадай аңыз-әфсана тарайды: бір рет егілсең, сен енді нашақорсың. Одан әрі адамдар, көбіне көп бұл аңыздарға шынайы сенетіндер мынадай түрдегі: «Ол есірткі дозасына айырбасқа баласын сатып жіберуге дайын болды». Ықпалды мақалалар тарады. Мақалаларда ауырғандардың тек аз ғана пайызы жазылады деген ақпарат беріледі. Және де шаруа бітті! Мен нашақорлықтың аса күшті құдіретті жөніндегі аңыз есірткі саудасымен айналысатындарға тиімді деп болжам жасай аламын. Бірақ пресса наркологтар, қоғам… Олардың басқа мақсаты бар … Есірткі тұтынушылардың өсуін төмендету. Қисынсыз парадокс. Мақсат әр түрлі, ал ақырғы нәтиже көбінесе бірдей болып шығады.
Әдетте прогноздар – сақтандырулар кімді тоқтата алсын. Жақсы, егер жалпы есірткінің дәмін татпауға батылдық жетсе. Ал егер адам мұны бәрібір жасаса ше. Ал, егер үгітке сенсек, жазылмастай ауру ғой (мәңгі бақи кететін)?
«Морт сынуды», абстиненттік синдромды бастан өткерген адамдардың азабы драмалық түрде сипатталады. Бірақ «морт сыну» неге ұқсас? Суық тиюге ме, тымауға ма? Бойды қалтыратады, буындарды сырқыратады. Және де мұнан торығуға (депрессияға) түсетін адам аз. Үш тәуліктен, бір аптадан соң бұл өтеді. Суық тиюге организм үшін сындарлық жағдай ретінде реакция беру қабылданбаған. Мен психологтар мен пресса қызметкерлерінің өз сөздеріне аса мұқият қадағалағанын қалар едім. Есіңізде ме, Балашиханың терезеден құлаған үш қызы туралы жақсы тебірене жазылғаны? Жақын арада сол Балашихадан екі құрбы қыз соны жасады…
Дарынды адамның қаламынан шыққан жарқын мақаладан әсер әрқашан болады. Қандай, бұл басқа мәселе?
Елена Васильевнаның «Тезірек өл, ұлым» очеркі талантты жазылған. Қиып түсердей. Бірақ … онда нашақордың тұйықтан шығу жолы барынша нақты білінеді? Терезеден секіру, оқиғаның басқа кейіпкерлері, олардың жақын туыстары да қырылады. Оқырманға тұтқиылдан бір ғана ой сендіріледі: «Демек, үйде нашақор пайда болса, ондағы өмір бітті, бәрі көгілдір отқа оранды». Жалпы алғанда барлығы тұйыққа тірелген. Ұпай жиырма бірден астам алынған. Білесіз бе, Александр Иванов «Қызыл Пашажанды» оқиды. Людмила Увароваға пародия. Кейіпкерлері өледі, ал зал … әрбір сәтте күлкіге оранады. Өйткені экзотикалық жазылмайтын кеселдер және трагедиялық кезейсоқтықтар тізбегі барынша құйындай және барынша шындыққа жанаспайтындай бір-біріне ілінген. Очерк бойынша, екі нашақор бақуатты отбасында өмір сүреді. Бірақ егер отбасы шындығымен бақуатты болса, егер ата-аналар өз мансабын жасауға үлгірсе және мұнда балаларын және бір-бірін сүйсе … Олардың балалары ұрлыққа, қылмыс әлемімен байланысқа барады деп ойламаймын.
Тілшінің отбасылық бақуаттылықты анасының сөзінен құрастыратыны анық. Және де анасы оның ұлдарына үйде жақсы және ыңғайлы, жайлы болды деп шынымен сене алады. Және де бұл, оның пікірінше. Балалардың ата-ана үйіндегі ау-жайды басқаша бағалауы ықтимал. Оған қоса, адам өзі туралы беруге қажет деп санайтын ақпаратты ғана береді.
Очеркте тағы да бір кең тараған аңыз еске салынады. Есірткіге мәжбүрлеп отырғызуға болатындығы жөнінде.
Уақыт өте келе мұндай оқиғаларды есітуге және оқып алуға болады. Бірақ нарколог болып жұмыс істеген он үш жылда мен инеге күштеп таңылған нақты (реалды) адамды көрмедім. Және әріптестерімнен де мұндай адамдарды олардың білетіндігін сұрадым. Жоқ!
Мүмкін егер бақытсызды алкоголикке, оған алкогольді аузына күштеп құю, шылымқорды оның өкпесіне түтінді күштеп үрлеп айналдыруға болады деп әдістемелі түрде жазылса, онда адамды бұл оймен туыстастыруға болады. Дегенмен, бізге күштеп таңылғандардың барлығы әдетте жағымсыздық шақырады. Зорланған қыз бәрінен бұрын нимфоманкаға айналмайды. Ең алдымен онда еркектермен қатынаста проблемалар болады. Және проблемалар тек сексуалдық бағытта емес.
Есірткіге күштеп отырғызу мүмкіндігі туралы аңызды кез келген ата-ана қанағаттана қарсы алады. Тек өйткені, оған оның баласының кінәлі болмауы үшін. Менде өзінің он жеті құрбысын героинге отырғызған қыз терапиядан өтті! Есірткі бизнесінде маркетингтің өз жүйесі бар. Бұл қыз төрт адамды тартып және героиннің өз мөлшерін тегін алды. Ол коммуникабельді, тартымды және тек құрбыларының қызығушылығымен ойнады. Ал бұл, келісіңіз, зорлау емес.
– Мұндай алдаусыратуға баланы «Жоқ» деп айтуға үйреткен кезде барынша көңілге қонымды. Бірақ Лев Толстой «жоқ» деп айтуға өмір бойы үйренді.
– Әміршіл (директивтік) емес гипноздың авторы Милтон Эриксонның жеті баласы болды. Олардың «Папа, ал бұл не?» деген барлық сауалына Эриксон: «Ал сен байқап көр» деп жауап берді. Баудағы тыңайтқыш, дәмге жағымсызболды делік. Және де балаларда біріншіден байқап көруге ұсынылған нәрселерге өте абаймен қарау қалыптасты. Ерте балалық шақта «шегуді» байқап көруге тырысқандар, көбіне көп жалпы темекі шекпейді. Өйткені алғашқы сигарета жағымсыз естеліктермен сабақтас: түтіннен болған жөтел, жүрек айну, құсу. Теріс (негативтік) реакциялар әдетте ұзақ сақталады.
– Ал мына, аналар жиі айтатын тіркес «Ішпе, сен әлі кішкентайсың!» баланы болашақтағы алкогольмен сабақтас проблемаларға бағдарлауы мүмкін. Бұл тапсырманың логикасы бойынша спирттік ішімдікті тұтыну –ересек адамның белгісі. Қай баланың есейгісі келмейді?
– Сексуалдық дебют те бар кезде жоғары ләззатану сезімін бермейді. Бірақ бұл адамның етегіне намаз оқып жүретіндігін (тақуа болуын) білдірмейді.
– Неліктен бірнеше рет ине салған жас жігітке міндетті түрде: «Сен нашақорлықтың емделмейтіндігін білесің бе?» деп құлағына құю қажет. Және одан соң … оны емделуге жолдау қажет. Мұнда қандай мән бар?
Әдетте емге (терапияға) келген адамға мен: «Сен өзіңнің емделмейтін дертке шалдыққаныңды білесің бе?» деп сұраймын. Әрқашан өздері қойып кететін адамдар табылады. Тіпті терапевтердің көмегінсіз. Бірақ неге бұл туралы жазу дәстүрге енбеген …
– Айтыңызшы, егер қаласа есірткіні тастауға болады деген аңыз несімен нашар?
– Үмітті естіледі. Бірақ барлық үміт ақталмайды ғой.
– Дерт ретінде нашақорлық емделеді ме, емделмейді ме, мен білмеймін. Денелік (физикалық), психикалық деңгейде болып өткен өзгерістер шындығында қайтымсыз болуы мүмкін. Апиынның немесе кокаинның кез келген инъекциясы тіпті бірнеше жылдан соң сол тәуелділікті қалпына келтіруі мүмкін.
Алайда нашақорлыққа дерт ретінде қарамаса … Мен үшін кеселді науқас адамнан ажырату маңызды. Және қабылдауға келгеннен науқас адамды емес, клиентті көремін. Есірткі тұтынуға байланысты проблемалары бар дені сау адамды. Дертпен емес, проблемамен жұмыс істеуге болады. Проблеманы шешуге болады. Бастысы, адам идеяны: ол есірткісіз өмір сүре алады деген ойды түсінуі. Мен әрқашан клиентке: «Сенде сенің және тек қана сенің нәтижең болады. Және де өз нәтижеңде сен ешкімге де жалтақтамауың қажет. Өзіңнен басқа. Егер біреу артық мөлшерден өлетін болса, сен өлуге міндетті емессің. Егер әлдекім қайтадан ине салса, сен бастауға міндетті емессің».
Адамды басқалардың пікірінен қорғануға және өз өмірімен өмір сүруге үйрету маңызды. Тағы да кең тараған аңыздардың бірі: егер есірткіні бірнеше жыл тұтынбай, ал одан соң үзіліп кетсе (қайта бастаса) – бұл бітудің басталуы. Бірақ үзілу қасірет емес. Оны былай деп айтып тоқтатуға болады: «Сен егер есірткілерді тастасаң, бәрі сенде жақсы болады дегенге имандай сенесіз бе? Сенде полициямен, денсаулықпен проблемалар болмайтындығына? Қорқатын ештеңе болған жоқ. Ешқандай жаңаны сен білген жоқсың. Мұндай үзілулер –сынақтар болады. Бірақ қазір сен тоқта. Тоқтау тәжірибесі сенде бар. Және бұл – сенің тәжірибең».
Мен есірткіге психологиялық тәуелділік проблемасымен жұмыс істеу бұл идеяны адамға беру қандай маңызды екендігін нақты білемін, уақыт қосылуы, сығымдалуы мүмкін. Және адам, бүгін немесе ертең, бірақ бәрібір өз проблемасынан әрі өседі. Ақыр соңында кез келген ересек адам кезінде балалар бәтеңкесін киді. Ал одан соң олардан әрі өсті. Және оған бір кездері үлкен болған қырық екінші өлшемді бәтеңкелерде жеңіл және жайлы болды. Және де «барлық өмірді ұл есірткілерді тастауы үшін арнаудың тіпті де міндетті емес. Білесіз бе оған шешесінің қандай болашақ дайындайтынын? Ұл сол кезге, мамасы … өлгенше ине шаншуы қажет болып шығады!
– Сіздің көзқарасыңызша есірткіге қарсы нәтижені қандай ақпараттың беруі мүмкін?
– Дегенмен кез келген жағдайда кезекті нашақор туралы кезекті қорқыныш құбыжық емес. Дұрысы адамның өлімін күту емес. Егер ол әзірше тоқтауға дайын болмаса, өмірдің бұл үзігінде нақтымен сақтандыру. Мысалы, «Кристеллден» соңғы көз қызаруын «Байзин» тамшыларымен алып тастауға болмайтындығы туралы. Әйтпесе бірнеше жылдан соң соқыр болуы қиын емес.
Дегенмен сөйткенде көбісі артық мөлшерден қайтыс болатындықтан, мөлшерді арттырмау маңызды және жасанды тыныс алдыру мен жүректі тура емес массаж жасауды білген маңызды.
Алайда өйткені галлюциногендер кеңістікті қабылдауды бұзатындықтан ЛСД, «Спешел-кей»-ді тұтынғаннан кейін 1,5-2 сағат бойына рөлге отырмау маңызды. Егер адам есірткімен қош айтысу қалауына келсе – проблеманы кім, қай жерде және қалай көмектесетіні жөніндегі мәліметтерді құпияламау қажет. Қандай әдістемелер қолданылатынын. Терапияның ақылы немесе тегін болатындығын.
Адамға оның есірткісіз болған мезгілі туралы есіне салудың мәні бар. Бұл тәжірибе онда әлі тірі. Тек ол ұмытылған «мұрағатқа салынған». Және клиенттің оған әзірше қолы жетпейді. Бірақ бұл тәжірибеге қол жеткізу барынша реалды. Мұрағатты сапырыстыру керек. Әлдекімнің сөзімен, әлдекімнің айтып тұруымен жағымсыз прогноздар жазылған папкаларды алып тастау керек. Егер басқа бөлімдердің теріс (негативті) жүгі салмақ түсірмесе, адам өзімен өзі келісімді болып қалады. Ал біз өзімізбен келісімде болсақ, салынып ішу және есірткілік мастану бізге қажет емес.
Есірткіге қарсы насихаттағы елеулі қадам –есірткілерді мәртебесіз ету. Көптеген психологтар: Клинтонның ең басты еңбектерінің бірі оның темекі шегудің мәртебелі еместігіне қол жеткізгендігі. Америкада темекішегушіге әлдекімнен жаман иіс шығатындай, әлдекім адамдардың көзінше мұрнын шұқып немесе еденге түкіруге өзіне ерік беретіндерге қарағандай қарайды.
Шылымқорлықпен күресудің көптеген тәсілдері бар. Міне нақты тәжірибе. Темекі шекпейтін адамдар жалақыны жүз сомға артық алады. Сома, әрине бюджетте төңкеріс жасаған жоқ. Дегемен өзіңмен күреспей-ақ темекіні тастауға жақсы ынталандыру болды. Өкінішке орай, қазір бізде денсаулықты сақтауға ынталандыру жоқ. Жұмысқа тұру күрделі. Жасөспірімге тым қиын.
Мемлекеттік деңгейде бір емес, бірнеше елеулі профилактикалық бағдарламаларды енді қабылдауға болады. Егер тұрғындардың денсаулығына шынымен қамқорлық болса, мынадай қызықты суреттер бар. Бір және сол суретте екеуі жасырылған. Дегенмен олардың бірі алдымен қалқып шығады. Әлдекім кәрі кемпірдің суретін алдымен көрсе, әлдекім –жас әйелдің суретін көзі шалады.
Татьяна Бекишева, Новосибирск.
(Жаңа Сібір), «Россиялық газеті» үшін.
3 наурыз 1999 жыл.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан
WordPress.com -дағы блог. | Theme: Pool by Borja Fernandez.
Entries and comments feeds.