ҮШ СЕНСОРЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУДІҢ ҮШ ТӘСІЛІ
Ақпан 21, 2010, 11:46 am | Posted in Практикалық психология | 2 пікірІлмектер: Практикалық психология
Адамда, сіз бәлкім білетіндей, сезімнің бес ағзасы: көру, есіту, сезіну, дәм мен иіс болады. Әдетте оларды ақпаратты қабылдау мен өңдеудің үш сенсорлық жүйесіне біріктіреді:
1. Визуалдық (В).
Бұл біздің нені көретініміз. Бейнелер (образдар), суреттер, кино. Визуалдық жүйе сыртқы сигналдарды (сіз қазір мониторға қарап және сөздер мен әріптерді көресіз), сондай-ақ ішкі бейнелерді (сіз өзіңіздің көз алдыңызға үлкен пілді келтіре аласыз) де өңдей алатындығына назар аударуға болады. Визуалдық жүйе бір қатар қайталамас сипаттамалар мен қасиеттерді иеленеді. Біріншіден, ол өте жылдам. Сіз енді бұл сөйлем қатарын аяғына дейін оқып үлгірмейсіз. Сонымен қатар баста әр түрлі суреттердің орасан мол саны жылт етіп көрінеді, мысалы, сол піл, пілдің балалары, жираф және тағы бірдеме. Екіншіден, бейнелерді қабылдау параллельді (бір мезгілде) жүруі мүмкін. Сіз өзіңізге жайлы түрде өзіңізге алманы да, алмұртты да, жүзімді де, шарап бөтелкесін де және тағы бірдеңені бір мезетте көз алдыңызға келтіре аласыз. Бұл екі қасиет нәтижесінде визуалдық жүйе ақпараттың үлкен көлемін өңдей алады.
Үшіншіден, визуалдық жүйе құрастырмалы (конструктивті), яғни біз тіпті бұрын көрмеген суреттерді де көре аламыз. Мысалы, симультивті тринклюкатор қандай болуы мүмкін? Оны елестеттіңіз бе? Ал күлгін теңбілдері, көгілдір құлақтары және құйрығында жасыл бантигі бар қызғылт піл ше? Визуалдық жүйенің тағы бір ерекшелігі бар – диссоциацияға бейімділік. Бұл жөнінде біз сізбен өткен шығарылымда әңгімелестік. Сіз бір кездері америкалық төбешіктерде сырғанадыңыз ба? Немесе төбелеске қатыстыңыз ба? Эмоциялар қандай? Көп пе? Бұл ақпаратты, оның ішінде көру ақпаратын ассоцирленген (тікелей) қабылдау. Ал енді америкалық төбешіктерді сырғанағандарды немесе төбелескендерді сыртынан қарап тұрсыз деп елестетіңіз. Енді эмоцияларға не болды? Аз ба? Ал мүмкін мүлдем жоқ шығар? Бұл диссоциация дегеніміздің нақ өзі.
2. Аудиалдық (А)
Бұл біздің не есітетініміз. Тіл, желдің ысқыруы немесе тамған судың дыбысы сияқты. Және сәйкесінше, дыбыстың интонациялары, тембрі, биіктігі. Және де әрине біздің сүйікті ішкі дауысымыз – біздің өзгермейтін сыншымыз және жағыпазымыз. Аудиалдық жүйе сыртқы дыбыс сигналдарын да (сіз, ең кемі қазір жұмыс істеп тұрған процессордың және желдеткіштік дыбысты) және ішкі сигналдарды да (көбісі, мысалы, не оқығандығын іштен сыбырлап айтады) естисіз. Аудиалды жүйенің өз қасиеттері бар. Олар ретті және барынша баяу. Мен сәл жоғарыда жазған сол барлық жемістерді атап шығу үшін барынша көбірек уақыт қажет және сіз бір мезгілде оларды санап шыға алмайсыз. Бір мезетте үш сөзді айтып көріңіз. Кәні, қалай, орындалды ма? Иә, солай. Сондықтан аудиалды жүйе ақпараттың аздау көлемін өңдейді, оның орнына ол өте ойға қонарлық (логикалық) және ретімен келеді. Құрастыру аудиалды жүйеге де тән, әйтпесе бізде осыншама әр түрлі музыкалық жанрлар, композиторлар мен әншілер болмас еді.
3. Кинестетикалық (К).
(«Кинес» – грекше «дене» деген сөзден. Біздің нені сезінетініміз. Бұған Иіс пен Дәм жатқызылады. Кинестетиканы 3 бөлікке: тактилдік – терінің сезінуі; ішкі (немесе пропреоцептивтік) – бұлшық еттік, қарындағы сезім, жылу; мета-сезінулер (немесе эмоциялар мен сезімдер) – қатынас: қуаныш, махаббат, бақыт, қайғы және басқалары туралы бағалаушы сезімдерге бөлуге болады.
Мета-сезінулер әдетте кеуде аумағында орналасқан және кейде мойын мен басты қамтиды. Бұл ең баяу жүйе, бірақ оның орнына ең шынайы (ассоцирленген қабылдау) сезімдер ешқашан сіздің сыртыңызда болмайды. Сіз отырған орындықтың аяғы ауырмайды.
Кез-келген сезімдер бізден тікелей бізбен тікелей толғаныста болады, және сіз өзіңіздің соңғы демалысыңызды немесе тағы қандай да бір жағымды оқиғаны еске түсірсеңіз, онда сол кезде болған сол эмоцияларды қайтадан сезіне аласыз. Бірақ оларды сіз дәл қазір сезіне аласыз!
Алайда ең қызықтысы мынада, адам қалған басқалардан артық көріп бір каналды таңдайтын сияқты бұл визуал барынша ештеңе естімейді немесе сезінбейді дегенді білдірмейді. Бұл тек ол үшін көру бәрінен маңызды дегенді білдіреді. Бұл үш есіктің болғаны сияқты: бірі айқара, басқасы жартылай, ашылған, ал үшіншісінің тар тесігі ғана бар. Өз клиентіңіздің сөзіне құлақ салыңыз, оның тұрпатына (позасына), ишараттарына, тыныс алуына, қатынас сипатына назар аударыңыз. Бұл сізге раппорт орнатуға және барынша сапалы нәтиже алуға көмектеседі.
Адамдағы негізгі ресурстар
Қараша 13, 2008, 12:51 pm | Posted in Практикалық психология | 7 пікірАдамдарда жалпы негізінен бес ресурс (мүмкіндіктер) болады. Олар:
1) материалдық (дүние-мүлік);
2) ақпараттық;
3) жеке тұлғалық (бейімділіктер, ептіліктер);
4) қарым-қатынастық (коммуникативтік);
5) уақыт. Бір айта кетерлігі соңғысының орны толмайды. Сіз бұл ресурстарды қалай пайдаланасыз?
Адамдар неге “пси” деген жалғауы бар сөздерден қашады?
Қараша 6, 2008, 8:46 pm | Posted in Практикалық психология | 7 пікірІлмектер: Add new tag
Басқаларды білмеймін, жалпы қазақтар “пси” деген жалғауы бар сөздерден қашатын сияқты. Мәселен психиатрға, психотерапевтке немесе психологқа ынталана барып жүрген адамдар некен-саяқ. Мұның себебінің бірі егер оларға барсам, демек мені есі ауысқан, не жынды деп санайды деген ой болса керек.
WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

