СЕНІМ ЖӨНІНДЕ

Наурыз 14, 2010, 5:22 am | Posted in 1 | 10 пікір

- Сіздің өзіңізге имандай сенетін адамдарды алдауға қалай дәтіңіз барды?

- Өте қызық екен, қазы мырза. Мен өзіме сенбейтін адамдарды алдай алмаймын ғой!

Мәселен, математика қолданатын тіл көбіне күнделікті өмірде жарамсыз – бұл жай ғана басқа жағдай және сондықтан басқа тіл. Қарым-қатынас жасау ептілігі өн бойында ең әр түрлі жағдайлар үшін барынша жарамды тілді жинақтайды. Банк қызметкерлері қолданатын тіл, мәселен физиктер пайдаланатын тілден аздап ерекшеленеді.

Жұмысы құрылыспен сабақтас әйел бұл жөнінде егер құрылыстағы жұмысшылармен бірдеңені зиялы қауымдық тілмен айтқанда, олар кейде мұны жәй ғана түсінбейді деген болатын. Олардың сөйлеушіні елемегені емес, оның шын мәнінде не айтып тұрғанын турасында түсінбейді. Сөзге жеткілікті түрде боғауызды араластырған сәтте бәрі бірден түгелдей түсінікті болады. Бұл зиялылық жөнінде немесе оның жоқтығы туралы мәселе емес, мәселе тілдің сәйкестігінде.

Әр түрлі әлеуметтік топтың адамдары бір-бірін мүлдем жиі түсінбейді – оларда жәй ғана әр түрлі тіл бар. Сондай-ақ керісінше, егер жаңа әлеуметтік топ пайда болса, сол мезетте олардың өз тілі білінеді. Мұнда олардың тіліне тек жаңа сөздер немесе ескі сөздердің жаңа мағынасы ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас ережелері, мінез-құлық пен көптеген нәрселер енеді.

Мәселен, Индия мен Египетте храмдық және «халықтық» тілдердің айырмашылығы болғаны соншалық көшеден келген адам Абыздардың әңгімесін мүлдем түсінбейтін. Танымал санксрит – бұл храмдық тіл, және абыздардан – басқа, онымен ешкім сөйлемейді. Мұндай жағдай христиандарда да бар – католиктік шіркеу келушілердің көпшілігін таныстығы аз латында, православтық шіркеу бұл мақсатта шіркеулік славяндық тілді пайдаланады. Қазақ тілінде де мешіт қызметкерлерінің сөзінің біразын жаңа келгендер түсінбейді.

Өз өміріңде бірдемені өзгерту немесе бірдеңеге оқып үйрену үшін Тибетке шығандап, немесе жан баспаған аралға кету міндетті емес. Кейде бұл үшін барынша байқампаз болу жеткілікті және әлем өз құпиясын аша бастайды. Қандай да бір уақыт өткеннен соң, сіз мұның тіпті құпия еместігін, мұның бәрін өзіңіздің білетіндігіңізді, тек басқа, түйсіктік (интуитивтік) деңгейде екендігін ұғасыз. Және маған сізді ештеңеге оқытудың қажеті жоқ – сіз мұның бәрін бұрыннан білесіз және онымен жүз мәрте кездестіңіз. Сізге тек бұған зейін аудару және оны қолдануды үйрену қажет.

Сізге оқып үйрену керектігі туралы тұжырымға мен бұл мағынаны негіз етемін. Бұл жәй ғана барынша аңғарымпаз болуды, өзіңнен бұрын байқамағанды көруді, басқа адамдардың бұрын көңіл аудармағанын байқауды және мұны түсінуді білдіреді. Сол кезде құпия құпиялығын жоғалтады.

Ньютонның басына алма құлады – және ол Бүкіләлемдік Тартылыс заңын ашты. Архимед ваннаға кіріп – Архимед заңын тапты.

Оларға дейін көптеген адамдар ваннаға кіріп және олардың басына көптеген заттар құлады, бірақ жаңалықтарды Ньютон мен Архимед ғана ашты. Тек олар басқалармен салыстырғанда барынша байқампаз, аңғарымды және ашық болды. Олардың қолынан оқу келді. Өйткені олар жаңадан ештеңе ойлап тапқан жоқ. Олардың айналасында бұл әлемде барлығы болды, олар жәй ғана бұған назар аударып, көңіл бөлді. Сол сияқты сіз де барынша байқампаз, ашық бола аласыз және бұл әлемді жаңаша түсіне бастайсыз. Кез келген тәжірибеден бірдемені ала білуді үйрену мықты мәселе. Бұл тұжырым жасауды үйрену.

Сіздің айтқандарыңыздың – бәрі дұрыс. Бұл сіздің тұжырымыңыз, түйген түйініңіз, бұл сіздің жұмысыңыз. Сіз бұл білімді тер төгіп алдыңыз. Бұл жердегі менің міндетім – сізді оқуға үйрету. Сіздегі бар тәжірибеге оқыту анық (реалды) өмірден ажыраған сабақ өз бетінше керексіз болуы мүмкін. Оны пайдалану үшін сіз оны өзіңізге бейімдеуіңіз қажет. Егер мен сізге бірдеңені айтсам немесе оны бір жерден оқысаңыз – бұл ойдағыдай болмайды. Сіз тәжірибе емес, білім аласыз. Ал бұл барынша әр түрлі заттар мен сіздің бұл білімді өз жеке тәжірибеңізден алуды, оны жұмыс істеп иеленуіңізді қалар едім. Бұл оқу және басқаларды тыңдау зиян дегенді әсте білдірмейді. Кітапшалар – бұл өзгенің тәжірибесі, бұл өзгенің жұмысы, өзгенің білімі. Алайда мен сіздің өз тәжірибеңізден де оқуды үйренгеніңізді тілер едім. Өз жеке тәжірибеңізді иелене отырып басқаның бұл тәжірибесін жақсы қабылдауға болады. Себебі сіз оны бағалап, салыстырып және одан не керек, не қажет еместігін түсіне білуге.

Өте тез үйренетін адамдар бар. Олар әдеттегі және байқаусыз сияқты нәрселерден керемет тұжырым жасауға қабілетті. Және бұл олардың қабылдай білуіне, олардың ептілігіне және шеберлігіне байланысты.

ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ: ӨЗІҢЕ БАСҚА КӨЗБЕН ҚАРА

Ақпан 21, 2010, 3:54 pm | Posted in 1 | 10 пікір

Өкінішке орай, бүгінде жас адамның кейбіреуі есірткі тұтынатын ең кемі бір танысының есімін атай алады. Олардың көбісі енді тірілер санатында емес. Мұның бәрі қалай басталған еді? Сіз бірге өстіңіз, оқыдыңыз немесе тек қана көрші болып тұрдыңыз. Уақыт өте келе адамда алдымен стресске, шаршауға жатқызуға болатын кейбір оғаш қылықтарды байқай бастайсыз. Бірақ кейін мұның бәрінің қарапайым еместігін түсінесіз. Адамға тереңірек үңілсеңіз, оның бұрынғы дос және жолдас еместігін аңғарасыз. Ол ызақор, көңіл-күйі жиі өзгеріске ұшыраған, көбіне аса озбыр адам. Сен онымен мұндай нәрсенің неге болғанын түсінбейсің. Оның өтілі бар нашақор екендігіне сену қиын.

Есірткінің зияны жан түршігерлік, оны алдын ала болжауға болады. Мұндай нәрсе қай кезде және қалай болды? Жастарды есірткі еліткішіне жетелейтін негізгі түрткі қызығушылық және еліктеу болып табылады, ал кейде есірткі тұтынуға оны барынша тәжірибелі достары үйретеді және мәжбүрлейді, олар бағалы қымбат у «сыйлап» жаңа адамдарды өз торына түсіреді. Жастар арасында мынадай кереғар пікір қалыптасқан: егер есірткіні сынап көру үшін бір рет қабылдасаң, онда тұрған ешқандай қауіп жоқ. Алайда бұл қатерлі қателесу, өйткені есірткі зиянының негізгі проблемаларының бірі бойдан кешірген есіру сезімін қайталау тілегі. Бұл оны есірткіге құлдық тәуелділікке жетелейді. Жасөспірімде бұрыннан бар қызығушылықтар мен әуестіктер жоғалады. Әлсіздік, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, жүдеу пайда болады. Есірткі уын тұрақты тұтынатын адамның бет-бейнесі тартымдылықтан аулақ жатыр: шіріген тістер, ерте шаш түсу, сарғыш-сұрғылт тері, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән портрет.

Есірткінің зияны міндетті түрде адам психикасының өзгеруімен сабақтас, ол дөрекіліктен, айналысындағыларға бей-жайлықтан, қатыгездіктен, қарым-қатынас қиындығынан білінеді. Нашақордың қылығы бұл осы сәттегі ләззатқа тәуелді болғаны соншалық, оны төніп келе жатқан қатерді ойлауға мәжібүрлеу мүмкін емес. Белгілі бір уақыттан соң есірткі оған көтеріңкі көңіл-күй үшін емес, салыстырмалы түрдегі қалыпты өзіндік сезімді ұстап тұру үшін қажет болатын сондай сәт туады. Оларсыз өмір мүмкін емес болады. Өйткені есірткіге бойы үйренген бейшара ауру адамдар бір мөлшер (доза) үшін кез-келген ақша беруге әзір. Есірткіге жан-түршігерлік тәуелділік адамды тек қана есірткі іздеп табу үшін бәріне – алдауға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге итермелейді. Бұл тек есірткінің көзге көрінер зияны.

Есірткі заттарының адам организміне, оның тіршілігіне және қызметтеріне әсері үш әртүрлі аспектілерден көрінеді.

Біріншіден, есірткі тәуелділік синдромының дамуын шақырып белгілі бір жүйелер мен ми құрылымына спецификалық ықпал етеді.

Екіншіден, олар организмінің барлық ішкі азғалары мен жүйелеріне спецификалық әсер қылады.

Әр түрлі ағзалардың токсикалық зақымдалуы тәуелділік синдромының білінуімен тікелей сабақтас еместігін атап көрсету керек. Алайда бұл есірткінің зиянының ең күйретер аспектісі. Адам іштей іріп-шіри бастайды, бауыр, жүрек, ішек және басқалары сияқты барлық маңызды ағзалар зақымданады. Адам организмінің ең қажет қызметтері (функциялары) қалыпты жұмыс істеуін тияды, алайда нашақорға «кәйіпте» жатып бұл проблемаларды ойлауға еш уақыты жоқ. Сондықтан оны өзінің сыртқы бейнесі аз қызықтырады.

Сонымен бірге, ақыр соңында, үшіншіден, ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері еш талас тудырмайды.

Көптеген медициналық-генетикалық зерттеулер арқылы ата-аналары араққұмарлыққа және нашақорлыққа шалдыққан балаларда аталған кеселдердің даму қауіпінің барынша жоғары екендігі дәлелденген. Сондай-ақ мұндай балалардың көбісінде сол немесе басқа мінездік және қылықтың ауытқулар болады! Жоғары қозу, озбырлық, торығу (депрессивтік) жағдайлардың дамуына бейімділік және басқалары. Әйелдің жүктілік кезінде есірткі тұтынуы қалыптасқан есірткі  тәуелділігі бар баланың дүниеге келу себебі болуы мүмкін.

Есірткінің зиянының мынадай заңын құрастыруға болады: нашақор кезекті есірткілік мастануды күтумен ғана айналысатын қатігез менменге (эгоистке) айналған тұлға ретінде азып-тозады.

WordPress.com-дағы блог. | Келбет: Pool by Borja Fernandez.
Entries and пікірлер feeds.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.