Есеюге асықпаңыз!

Олардың құрбы-құрдастарының ойлағанындай, ерте бой жеткен қыздардың жағдайы онша жақсы емес. Арта түскен әйелдік қасиеттің өтеуі тым қымбат – ерте есею депрессиялармен, ас қорытудың бұзылуларымен және денсаулыққа байланысты басқа ауытқулармен бірге жүреді дейді америкалық дәрігерлер.
Мұның нәтижесі – мектептегі нашар үлгірім, есірткі мен алкогольді тұтыну, темекі шегу, сондай-ақ жыныстық қатынасты ерте бастау. Тек көңілді тең санауға болатыны – жасөспірім жасының аяқталуына таман олардың және құрбыларының арасындағы ерекшеліктердің білінбей кететіндігі.
«ЭКСТРА-ПРЕСС» материалдары бойынша

http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан

Сіз – көшбасшысыз ба?

Айналасындағылармен қатынаста кері шегінуді білмеу және әңгімелесуде өзін міндетті түрде бірінші орынға қоюға ұмтылу денсаулық үшін аз емес қауіптерімен қатерлі. Басымдық (доминанттық) еркектерді зерттеген Дьюк университетінің америкалық психологы солай деп есептейді.
20 жыл бақылаудан алынған оның деректеріне сүйенсек, мұндай мінез-құлық негізінен жүрек-қан тамыр кеселдерінен ерте дүниеден өтудің мүмкіндігін 60 процентке арттырады екен.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан

Дәрігерлер мен наркомафия үшін аңыз

«Жаңа Сібірдің» сұрақтарына
«Транс» психотерапия орталығының
директоры Алексей Дериев жауап береді.
«Жаңа Сібір» №35 18 қыркүйек 1998 ж.

Оқырман, ЕСІҢІЗДЕ МЕ, бір кездері біздерді: «Қоғамда өмір сүріп және одан тыс болуға болмайды». Біз шындығында да тәуелдіміз: ұзаққа жалғыз қалдыруға болмайтын мысықтан да, майды төгіп алған Аннажаннан да. Өмір – тәуелділіктер тізбегі. Біздің. Бізден.
«Транс» психотерапиялық орталығының директоры Алексей Дериев есірткіге психологиялық тәуелділік сәттерімен жұмыс істеу барынша күрделі деп есептейді.
- Денелік тәуелділікті алып тастаумен проблемалар болмайды. Есірткі тұтынатын адамдар мұны қалай істеуді біледі: дозаны (мөлшерді) біртіндеп азайту, мүмкін шарап, спирт ішу. Күрделілігінің мәні мынада, қайсыбір уақытқа ұйқы бұзылады, адам морт сыну деп аталатын жағдайды бастан кешіреді. Бірақ морт сынуды алып тастайтын, абстиненттік синдромның бетін қайтаратын, ұйқыны қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер жеткілікті.
Есірткіден психикалық тәуелділікті терапиялау – өте нәзік зат. Алкогольден айырмашылығы, есірткіні жек көруді қалыптастыру мүмкін емес.
Психологиялық тәуелділікпен жұмыс істеудің күрделілігі сонымен қатар есірткінің спецификалық әсеріне байланысты, айталық тұлғаның ішкі екіге бөліну (қақ айрылу) жағдайы болатындығынан: біреу тастағанды, екіншісі жалғастыруды қалайтындықтан туындайды. Маман негізінен тастауды қалайтын бөлігімен жұмыс істейді. Оған есірткінің зияны туралы ештеңе түсіндірмеу қажет бөлігімен. Оның өзі барлығын жақсы біледі. Басқа шаруа, оның тұлғасының есірткіні тұтынатын қай бөлігі (мен «нашақор» деген сөзді ұнатпаймын) кабинеттен тыс жерде «іске қосылатындығы».
– Алексей, кабинеттен тыс жерде тұлғаның қай бөлігі «іске қосылатындығына» кепілдік болмаса, нашақорлық – демек, бақилық (фаталды) диагноз болды ғой. Және оны емдеудің не қажеті бар?
– Нашақорлық емделе ме немесе емделмей ме, мен білмеймін. Алкоголизм (маскүнемдік) те сол сияқты. Егер оған сырқат ретінде келетін болсақ, болып өткен өзгерістер, қайтымсыз және диагноздың өзі – өмірлік. Егер кесел ретінде емес, есірткіні немесе алкогольді тұтыну проблемасы ретінде қарасақ, онда проблеманы шешуге болады. Мұны мен анық білемін.
Мен есірткіге психикалық тәуелділік проблемасымен жұмыс істеу барысында адамға бірнеше идея берудің маңызды екендігін де анық білемін. Тым құрығанда мынаны: уақыт сығымдалуы және адамның қай кездері бәрібір өз проблемасынан асып өсетіндігі.
Әдетте мен клиентке былай деймін: «Мен сенімен егер сен тоқтап қалғаныңды білетін болсаң, жұмыс істей аламын. Егер сен сенімсіз болсаң, қандай да бір уақыт ине шаншып көр. Бұның жұмыс істеуді бастағанда приципі жоқ. Ең бастысы сенің тежелуің. Қай кезде шешім қабылдасаң, сол кезде бастаймыз». Әдетте бұл оның жанды жеріне тиеді.
Маған адамның тастау шешімін қабылдауы маңызды. Мүмкін мен қазір қарқынды психотерапияның техникасына үлкен үміт артармын: әмірлі (директивті) гипноз емес, холотроптық тыныс алу. Олар есірткімен қош айтысуға шешім қабылдаған кез келген адамға көмектесе алады деп ойлаймын.
– Кез келгенге?
– Маған клиенттің өз проблемасын қазір шешкендігі жағымды болар еді. Менің көзімше. Менімен. Бірақ тіпті бұл қазір болмаса да, идеяны түсінетін болсын: ол тастай алады. Және өзінің нәтижесінде ол ешкімнен бағыт алуға міндетті емес. Өзіне басқа. Ол басқа адамның киімін киюге міндетті емес және егер әлдекім есірткіден қайтыс болса, өлуге міндетті емес. Және ол егер әлдекім есірткі бастаса, өзіне есірткіні қайтадан тықпалауға міндетті емес. Мен клиентке былай деймін: «Сенде сенің және тек қана сенің нәтижең болады». Әрине, терапияны жүргізген дәрігерге де және клиентке де бұл жұмыс алғашқы кезде онша берік еместігіне есеп беру қажет. Ал егер оны беріктікке тексерсе ше … Бірақ көз алдыңызға қолдан жасалған нәзік вазаны елестетіп көріңіз. Әдетте оны қолға оның беріктігін тексеріп көру үшін алмайды. Егер оған мұқият, ыждағатты қараса, ол ұзақ қызмет етеді және антикварлық (ескі) жасқа дейін өмір сүреді. Қайталаймын. Есірткіден психологиялық тәуелділікті терапиялаудың маңызды принципі: адамның артығырақ өсуі қажет: біршама уақыт өмір сүруі және проблемадан артуы керек. Бірақ орыс адамының менталитетінде – тез нәтижеге, кереметке, таңғажайыпқа деген сенім бар.
… Маған мамаша жүгіріп келді. Оның ұлымен біз әр айда үш тәулік жұмыс істедік. Әйел енді ықпалды емес деп есептеді: «Бұл тек ақша алып, қалта қағу. Ұлым есірткіні қалай тұтынса солай тұтынып келеді».
Бозбаламен сөйлестім. Анықталғаны ай бойына есірткі үш рет қолданылған. Терапияға кірер кезінде ол тәулігіне үш мәрте өзіне ине қадайтын. Ұл нәтижеге риза, жұмысты жалғастырғысы келеді. Анасы өзгерісті байқамайды. Оған айтуға тура келеді: «Егер сіз айына үш рет есірткіні тұтынуды, тәулігіне үш рет есірткі тұтынуға қарағанда – қасірет деп санасаңыз, шындығында терапияны жалғастырудың мәні жоқ. Ғажайыпты күтіп жүре тұрыңыз. Мен болсам, жұмыс жеткілікті жақсы жүруде деп есептеймін».
Иә, біздің адамдар тез нәтижеге ниет артқан. Дегенмен, бір күнде, бір сағатта сауығуға уәде беретін жарнаманы тыңдай отырып, өзіңе бұл тек жарнама ретінде есеп беру керек. Ұзақ демеуші терапияның уақытының қандай тез келетінін мен білмейтін. Бірақ әзірше, өкіншке орай, нашақорлық толқыны есірткіні ұзақ тұтынатын адамдармен жұмыс істеуге бейім әзірлігі бар психологтар мен терапевтердің толқынынан тезірек өсіп келеді.
– Жүйкесі тоза тез нәтижені күтетін туысқандарын түсінуге болады. Олар есірткімен қоштасатындарға қалай реалды (нақты) көмектесе алады?
– «Туысқандық демеу» не үшін қажет? Елес (иллюзия) тудырмас үшін, адамның өте елеулі қадам жасайтындығын есте ұстау үшін: оған өз өмірінде көптеген нәрсені өзгертуі қажет. Есірткілер психологиялық ересектенуді тоқтатады. Адам тұтыну басталған жаста кідіріп қалады. Ал егер есірткінің дәмін 12-13 жаста татып көретінін ескерсек, онда … Жиырма жастағы жас жігіт жасөспірім деңгейіндегі интеллектті, психологиялық ұйымдастыруды сақтап қалуы мүмкін. Дәл сондай мінез-құлықтық реакцияларды көрсетеді. Өтірікші болады. Және де жалған сөйлеудің бір адамдағы екі тұлғаның біреуге бірігуі үшін тиылуы қажет. Бірақ проблема проблема түрінде қалады. Егер оны шешуді қалауды ойын білдірсе. «Мен жақсы баламын. Мен жақсы қызбын. Мен сізге керек сөздерді айтамын». Бірақ бақылауды бәсеңдетсеңіз – қашып кетемін және ине саламын» деген деңгейдегі ойын. Ойындардың ішіндегі ең белгілісі, танымалы «Мені тоқтатып көр».
Тағы бір қызықты афоризм бар: «Адамға арақты тастауға көмектесу үшін, оған көмектесу керек». Есірткімен де сол сияқты. Өз жолынан адасқан баланы «жаман айналасындағылардан» сақтауға барлық өмірді арнауға болады. Оған ешкімнің келмеуі үшін, ол ешқайда бас сұқпас үшін әдістемелі түрде жүруге және қорғаштауға болады. Баланы ешкім есірткімен алдаусыратпауы үшін. Бірақ бәрібір проблеманың бұл бөлігін ата-ана мойнынан клиенттің мойнына ауыстырған дұрысырақ. Және клиент білетін болсын: есірткі тұтынуды жалғастыру немесе оны тыю – бұл тазалай оның проблемасы. Ақыр соңында ата-ананың ақшасы мен шыдамы түгесілуі мүмкін. Және де олардың: «Қымбаттым, бар өзің өмір сүр» деп айтуға құқығы бар. Адамға «Егер сен бір рет инеге отырсаң, онда сенде тәуелділік қайтадан пайда болады» деген бағдарлама орнатылған кезде, ол бұл бағдарламаны орындайтын болады. Жақсы. Адам есірткісіз бір жарым жыл өмір сүреді. Ал одан соң бір рет дәмін татып көрді. Неліктен ол кенеттен міндетті түрде өзінде нашақорлықты қайтадан қалпына келтіруі керек? Неліктен адам бұған дейін бір жыл ішпесе екі-үш күндік салынып ішуден трагедия жасауы керек? Үзілуді (қайта бастауды) мынаны айтып тоқтауға болады: «Сен тағы да қайтып оралып және бәрін жаңадан бастағың келеді ме? Принципінде қауіпті ештеңе болған жоқ. Мұндай үзілулер (қайта оралулар)- тексерулер болады. Бірақ қазір сен тек тоқта. Тоқтау тәжірибесі сенде бар. Бұл үшін саған не керек?
– Алексей, егер мінез-құлықтың бір және сол түрі тек арқылы берілетін болса, онда бір және сол отбасында бір-біріне ұқсамайтын тұлғалар неге өсетін болады?
– Бір және сол отбасында балалар арасында бәсеке болады. Көшбасшы «Мен – жақсымын, мен ата-ана үмітімін» рөлін ойнауы қажет. Аутсайдерге «нашардың» рөлі тиіседі. Ал егер оның төменгі өзін бағалауын көтерсе, ол рөлге толығымен енуі мүмкін.
Менің клиентімнің отбасында үлкен ағасы тектік мақтаныш болды. Ол мұғалім, мектеп оқу ісін басқарушы болды. Кішісі салынып кеткен адамның рөліне өте жақсы енді. Біз онымен тікелей тәрбиелеу тақырыбы жөнінде әңгімелестік: «Сен нұсқауларды орындауға бел буып және нашар, ешкімге қажетсіз болғың келеді ме?» Бұл адам қазір кейде салынып ішеді, бірақ өзі қалпына келеді.
– Алкогольдік тәуелділік мысалы тек арқылы беріледі. Бірақ мүмкін «тек бойынша» ұрпақтан ұрпаққа бір және сол нұсқау берілетін шығар? Ересектер жас баланың миына құятын сол нұсқаулар? Балалар 13 жасқа дейін өте гипнобельді және бұл нұсқауларды тікелей бойына сіңіреді. Және ұлмен немесе қызбен сөйлескенде, қатынас жасағанда «нашар» сөзімен оның тұлғасы емес, қылығы белгіленуін қадағалау аса маңызды: «Сен жақсы ұлсың, бірақ сен жаман сөздер айтасың». Ал егер анасы ұлдың миына ұдайы: «Ішетін болсаң – сол сияқты боласың» дегенді құятын болса, бұл нұсқау мысалға сыраның алғаш рет дәмін татып көргенде іске қосылады. Ол ішті және демек, мас ата-ананың мінез-құлқын көрсетуі қажет. Дұрысы «Байқап көруге ұсынатындардың барлығына өте абайлап және сақтана қарау керек» тақырыбындағы нұсқауларды миына құю керек. Милтон Эриксон әмірсіз (директивтік емес) гипноздың негізін қалаушы «Әке, бұл не?» деген бала сауалдарына «Ал сен байқап көр» деп жауап берді. Және балалар санадан тыс деңгейде оларды байқап көруге ұсынғанның бәріне өте абаймен қарайтын болды. Эриксондар отбасында маскүнемдікпен, нашақорлықпен, шылымқорлықпен сабақтас проблемалар ешкімде де болған емес.
– Мен сізді түсінсем, есірткінің құлы болуды тыюға болады. Бұл реалды ма?
– Есірткіні тастау мүмкін емес деген аңыз есірткіні саудалаушылар мен оларды … емдейтіндер үшін ыңғайлы. Терапевт терапиядан өткен клиентке былай деуіне болады: «Сенің денің сау, бар жұмыс істе, өмір сүр. Сенімен болғанды тезірек ұмыт. Және саған байқап көруге ұсынылатынға өте абай бол». Терапевт адам есірткілер жөніндегі әңгімелерді қолдауға, есірткілер жөнінде хабарларды қарамауға тиым салуы мүмкін. Өйткені олар адамның ішкі жадын іске қосады, сол естеліктерге тереңдетіп батырады. Бірақ терапевт басқа сөз тіркесін айтуы мүмкін: «Үш айдан соң маған қайтып кел. Өйткені нашақорлық емделмейді және мәңгі бақи кетеді». Анасы тағы да терапияға ақша іздейтін болады.
Мен оқырмандар: ережелердің, нұсқаулардың – бұл бар болғаны сөз екендігін есте ұстауын қалар едім. Бар болғаны әлдекімнің пікірі. Мен адамның нашар нұсқаулар мен нашар прогноздардан қорғануды үйренуін қалар едім. Жақсыны таңдауды және оларды қолдануды.

Татьяна Бекишева, арнайы «Жаңа Сібір» үшін.
http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан

Ұпайға ойнау

– Өркениет әзірше кідірген жерде әйелдер жеңіл босанады. Өйткені өркениет пен жердің бұл бөлігін экологиясы, онда өмір сүретін адамдардың экологиялық таза санасы еш бұзылмаған. Босанудың ауырсынумен өтетінін әйелдерге түсіндіретін ешкім жоқ. Және де босану табиғи үрдіс (процесс) ретінде қабылданады. Дәрігерлер де, прессалар да жоқ … Алайда егер босанатын әйелдерді алдын ала, оларға ауырған кезде, өте қатты ауырған кезде, төзгісіз ауырған кезде тууға алдын ала дайындап, не істеу керектігін түсіндірсе, олар айқаймен және асқынулармен туатын болады.
Мені есірткіге тәуелділердің көбейгені еш таңдандырмайды. Мені нашақорлықтан құтылудың жолы жоқ екендігі туралы аңызды мықты айтқанына қарамастан есірткіні тастайтын адамдардың бәрібір табылатыны таңдандырады, деп есептейді Жалпыроссиялық кәсіби психотерапевтік лиганың мүшесі, нарколог Алексей Яковлевич Дериев.
– Бірақ бізде үгіт-насихат, есірткілік емес, есірткіге қарсы ғой…
– Ол маған «Жиырма бір» ойынын еске салады. Егер адам жиырма бір ұпайдан артық иеленсе, ол жеңіледі. Оның ұпайды көбірек жинағаннан, азырақ жинағаны жақсы.
Россияда нашақорлықтың емделмейтіні туралы аңыз белсенді түрде миға құйылады. Одан мынадай аңыз-әфсана тарайды: бір рет егілсең, сен енді нашақорсың. Одан әрі адамдар, көбіне көп бұл аңыздарға шынайы сенетіндер мынадай түрдегі: «Ол есірткі дозасына айырбасқа баласын сатып жіберуге дайын болды». Ықпалды мақалалар тарады. Мақалаларда ауырғандардың тек аз ғана пайызы жазылады деген ақпарат беріледі. Және де шаруа бітті! Мен нашақорлықтың аса күшті құдіретті жөніндегі аңыз есірткі саудасымен айналысатындарға тиімді деп болжам жасай аламын. Бірақ пресса наркологтар, қоғам… Олардың басқа мақсаты бар … Есірткі тұтынушылардың өсуін төмендету. Қисынсыз парадокс. Мақсат әр түрлі, ал ақырғы нәтиже көбінесе бірдей болып шығады.
Әдетте прогноздар – сақтандырулар кімді тоқтата алсын. Жақсы, егер жалпы есірткінің дәмін татпауға батылдық жетсе. Ал егер адам мұны бәрібір жасаса ше. Ал, егер үгітке сенсек, жазылмастай ауру ғой (мәңгі бақи кететін)?
«Морт сынуды», абстиненттік синдромды бастан өткерген адамдардың азабы драмалық түрде сипатталады. Бірақ «морт сыну» неге ұқсас? Суық тиюге ме, тымауға ма? Бойды қалтыратады, буындарды сырқыратады. Және де мұнан торығуға (депрессияға) түсетін адам аз. Үш тәуліктен, бір аптадан соң бұл өтеді. Суық тиюге организм үшін сындарлық жағдай ретінде реакция беру қабылданбаған. Мен психологтар мен пресса қызметкерлерінің өз сөздеріне аса мұқият қадағалағанын қалар едім. Есіңізде ме, Балашиханың терезеден құлаған үш қызы туралы жақсы тебірене жазылғаны? Жақын арада сол Балашихадан екі құрбы қыз соны жасады…
Дарынды адамның қаламынан шыққан жарқын мақаладан әсер әрқашан болады. Қандай, бұл басқа мәселе?
Елена Васильевнаның «Тезірек өл, ұлым» очеркі талантты жазылған. Қиып түсердей. Бірақ … онда нашақордың тұйықтан шығу жолы барынша нақты білінеді? Терезеден секіру, оқиғаның басқа кейіпкерлері, олардың жақын туыстары да қырылады. Оқырманға тұтқиылдан бір ғана ой сендіріледі: «Демек, үйде нашақор пайда болса, ондағы өмір бітті, бәрі көгілдір отқа оранды». Жалпы алғанда барлығы тұйыққа тірелген. Ұпай жиырма бірден астам алынған. Білесіз бе, Александр Иванов «Қызыл Пашажанды» оқиды. Людмила Увароваға пародия. Кейіпкерлері өледі, ал зал … әрбір сәтте күлкіге оранады. Өйткені экзотикалық жазылмайтын кеселдер және трагедиялық кезейсоқтықтар тізбегі барынша құйындай және барынша шындыққа жанаспайтындай бір-біріне ілінген. Очерк бойынша, екі нашақор бақуатты отбасында өмір сүреді. Бірақ егер отбасы шындығымен бақуатты болса, егер ата-аналар өз мансабын жасауға үлгірсе және мұнда балаларын және бір-бірін сүйсе … Олардың балалары ұрлыққа, қылмыс әлемімен байланысқа барады деп ойламаймын.
Тілшінің отбасылық бақуаттылықты анасының сөзінен құрастыратыны анық. Және де анасы оның ұлдарына үйде жақсы және ыңғайлы, жайлы болды деп шынымен сене алады. Және де бұл, оның пікірінше. Балалардың ата-ана үйіндегі ау-жайды басқаша бағалауы ықтимал. Оған қоса, адам өзі туралы беруге қажет деп санайтын ақпаратты ғана береді.
Очеркте тағы да бір кең тараған аңыз еске салынады. Есірткіге мәжбүрлеп отырғызуға болатындығы жөнінде.
Уақыт өте келе мұндай оқиғаларды есітуге және оқып алуға болады. Бірақ нарколог болып жұмыс істеген он үш жылда мен инеге күштеп таңылған нақты (реалды) адамды көрмедім. Және әріптестерімнен де мұндай адамдарды олардың білетіндігін сұрадым. Жоқ!
Мүмкін егер бақытсызды алкоголикке, оған алкогольді аузына күштеп құю, шылымқорды оның өкпесіне түтінді күштеп үрлеп айналдыруға болады деп әдістемелі түрде жазылса, онда адамды бұл оймен туыстастыруға болады. Дегенмен, бізге күштеп таңылғандардың барлығы әдетте жағымсыздық шақырады. Зорланған қыз бәрінен бұрын нимфоманкаға айналмайды. Ең алдымен онда еркектермен қатынаста проблемалар болады. Және проблемалар тек сексуалдық бағытта емес.
Есірткіге күштеп отырғызу мүмкіндігі туралы аңызды кез келген ата-ана қанағаттана қарсы алады. Тек өйткені, оған оның баласының кінәлі болмауы үшін. Менде өзінің он жеті құрбысын героинге отырғызған қыз терапиядан өтті! Есірткі бизнесінде маркетингтің өз жүйесі бар. Бұл қыз төрт адамды тартып және героиннің өз мөлшерін тегін алды. Ол коммуникабельді, тартымды және тек құрбыларының қызығушылығымен ойнады. Ал бұл, келісіңіз, зорлау емес.
– Мұндай алдаусыратуға баланы «Жоқ» деп айтуға үйреткен кезде барынша көңілге қонымды. Бірақ Лев Толстой «жоқ» деп айтуға өмір бойы үйренді.
– Әміршіл (директивтік) емес гипноздың авторы Милтон Эриксонның жеті баласы болды. Олардың «Папа, ал бұл не?» деген барлық сауалына Эриксон: «Ал сен байқап көр» деп жауап берді. Баудағы тыңайтқыш, дәмге жағымсызболды делік. Және де балаларда біріншіден байқап көруге ұсынылған нәрселерге өте абаймен қарау қалыптасты. Ерте балалық шақта «шегуді» байқап көруге тырысқандар, көбіне көп жалпы темекі шекпейді. Өйткені алғашқы сигарета жағымсыз естеліктермен сабақтас: түтіннен болған жөтел, жүрек айну, құсу. Теріс (негативтік) реакциялар әдетте ұзақ сақталады.
– Ал мына, аналар жиі айтатын тіркес «Ішпе, сен әлі кішкентайсың!» баланы болашақтағы алкогольмен сабақтас проблемаларға бағдарлауы мүмкін. Бұл тапсырманың логикасы бойынша спирттік ішімдікті тұтыну –ересек адамның белгісі. Қай баланың есейгісі келмейді?
– Сексуалдық дебют те бар кезде жоғары ләззатану сезімін бермейді. Бірақ бұл адамның етегіне намаз оқып жүретіндігін (тақуа болуын) білдірмейді.
– Неліктен бірнеше рет ине салған жас жігітке міндетті түрде: «Сен нашақорлықтың емделмейтіндігін білесің бе?» деп құлағына құю қажет. Және одан соң … оны емделуге жолдау қажет. Мұнда қандай мән бар?
Әдетте емге (терапияға) келген адамға мен: «Сен өзіңнің емделмейтін дертке шалдыққаныңды білесің бе?» деп сұраймын. Әрқашан өздері қойып кететін адамдар табылады. Тіпті терапевтердің көмегінсіз. Бірақ неге бұл туралы жазу дәстүрге енбеген …
– Айтыңызшы, егер қаласа есірткіні тастауға болады деген аңыз несімен нашар?
– Үмітті естіледі. Бірақ барлық үміт ақталмайды ғой.
– Дерт ретінде нашақорлық емделеді ме, емделмейді ме, мен білмеймін. Денелік (физикалық), психикалық деңгейде болып өткен өзгерістер шындығында қайтымсыз болуы мүмкін. Апиынның немесе кокаинның кез келген инъекциясы тіпті бірнеше жылдан соң сол тәуелділікті қалпына келтіруі мүмкін.
Алайда нашақорлыққа дерт ретінде қарамаса … Мен үшін кеселді науқас адамнан ажырату маңызды. Және қабылдауға келгеннен науқас адамды емес, клиентті көремін. Есірткі тұтынуға байланысты проблемалары бар дені сау адамды. Дертпен емес, проблемамен жұмыс істеуге болады. Проблеманы шешуге болады. Бастысы, адам идеяны: ол есірткісіз өмір сүре алады деген ойды түсінуі. Мен әрқашан клиентке: «Сенде сенің және тек қана сенің нәтижең болады. Және де өз нәтижеңде сен ешкімге де жалтақтамауың қажет. Өзіңнен басқа. Егер біреу артық мөлшерден өлетін болса, сен өлуге міндетті емессің. Егер әлдекім қайтадан ине салса, сен бастауға міндетті емессің».
Адамды басқалардың пікірінен қорғануға және өз өмірімен өмір сүруге үйрету маңызды. Тағы да кең тараған аңыздардың бірі: егер есірткіні бірнеше жыл тұтынбай, ал одан соң үзіліп кетсе (қайта бастаса) – бұл бітудің басталуы. Бірақ үзілу қасірет емес. Оны былай деп айтып тоқтатуға болады: «Сен егер есірткілерді тастасаң, бәрі сенде жақсы болады дегенге имандай сенесіз бе? Сенде полициямен, денсаулықпен проблемалар болмайтындығына? Қорқатын ештеңе болған жоқ. Ешқандай жаңаны сен білген жоқсың. Мұндай үзілулер –сынақтар болады. Бірақ қазір сен тоқта. Тоқтау тәжірибесі сенде бар. Және бұл – сенің тәжірибең».
Мен есірткіге психологиялық тәуелділік проблемасымен жұмыс істеу бұл идеяны адамға беру қандай маңызды екендігін нақты білемін, уақыт қосылуы, сығымдалуы мүмкін. Және адам, бүгін немесе ертең, бірақ бәрібір өз проблемасынан әрі өседі. Ақыр соңында кез келген ересек адам кезінде балалар бәтеңкесін киді. Ал одан соң олардан әрі өсті. Және оған бір кездері үлкен болған қырық екінші өлшемді бәтеңкелерде жеңіл және жайлы болды. Және де «барлық өмірді ұл есірткілерді тастауы үшін арнаудың тіпті де міндетті емес. Білесіз бе оған шешесінің қандай болашақ дайындайтынын? Ұл сол кезге, мамасы … өлгенше ине шаншуы қажет болып шығады!
– Сіздің көзқарасыңызша есірткіге қарсы нәтижені қандай ақпараттың беруі мүмкін?
– Дегенмен кез келген жағдайда кезекті нашақор туралы кезекті қорқыныш құбыжық емес. Дұрысы адамның өлімін күту емес. Егер ол әзірше тоқтауға дайын болмаса, өмірдің бұл үзігінде нақтымен сақтандыру. Мысалы, «Кристеллден» соңғы көз қызаруын «Байзин» тамшыларымен алып тастауға болмайтындығы туралы. Әйтпесе бірнеше жылдан соң соқыр болуы қиын емес.
Дегенмен сөйткенде көбісі артық мөлшерден қайтыс болатындықтан, мөлшерді арттырмау маңызды және жасанды тыныс алдыру мен жүректі тура емес массаж жасауды білген маңызды.
Алайда өйткені галлюциногендер кеңістікті қабылдауды бұзатындықтан ЛСД, «Спешел-кей»-ді тұтынғаннан кейін 1,5-2 сағат бойына рөлге отырмау маңызды. Егер адам есірткімен қош айтысу қалауына келсе – проблеманы кім, қай жерде және қалай көмектесетіні жөніндегі мәліметтерді құпияламау қажет. Қандай әдістемелер қолданылатынын. Терапияның ақылы немесе тегін болатындығын.
Адамға оның есірткісіз болған мезгілі туралы есіне салудың мәні бар. Бұл тәжірибе онда әлі тірі. Тек ол ұмытылған «мұрағатқа салынған». Және клиенттің оған әзірше қолы жетпейді. Бірақ бұл тәжірибеге қол жеткізу барынша реалды. Мұрағатты сапырыстыру керек. Әлдекімнің сөзімен, әлдекімнің айтып тұруымен жағымсыз прогноздар жазылған папкаларды алып тастау керек. Егер басқа бөлімдердің теріс (негативті) жүгі салмақ түсірмесе, адам өзімен өзі келісімді болып қалады. Ал біз өзімізбен келісімде болсақ, салынып ішу және есірткілік мастану бізге қажет емес.
Есірткіге қарсы насихаттағы елеулі қадам –есірткілерді мәртебесіз ету. Көптеген психологтар: Клинтонның ең басты еңбектерінің бірі оның темекі шегудің мәртебелі еместігіне қол жеткізгендігі. Америкада темекішегушіге әлдекімнен жаман иіс шығатындай, әлдекім адамдардың көзінше мұрнын шұқып немесе еденге түкіруге өзіне ерік беретіндерге қарағандай қарайды.
Шылымқорлықпен күресудің көптеген тәсілдері бар. Міне нақты тәжірибе. Темекі шекпейтін адамдар жалақыны жүз сомға артық алады. Сома, әрине бюджетте төңкеріс жасаған жоқ. Дегемен өзіңмен күреспей-ақ темекіні тастауға жақсы ынталандыру болды. Өкінішке орай, қазір бізде денсаулықты сақтауға ынталандыру жоқ. Жұмысқа тұру күрделі. Жасөспірімге тым қиын.
Мемлекеттік деңгейде бір емес, бірнеше елеулі профилактикалық бағдарламаларды енді қабылдауға болады. Егер тұрғындардың денсаулығына шынымен қамқорлық болса, мынадай қызықты суреттер бар. Бір және сол суретте екеуі жасырылған. Дегенмен олардың бірі алдымен қалқып шығады. Әлдекім кәрі кемпірдің суретін алдымен көрсе, әлдекім –жас әйелдің суретін көзі шалады.
Татьяна Бекишева, Новосибирск.
(Жаңа Сібір), «Россиялық газеті» үшін.
3 наурыз 1999 жыл.

http://kzp.ucoz.ru/ сайтынан

Лұқпан Хәкімнің айтқаны

Лұқпан Хәкім айтты деген бір сөз бар. Ол қартайған кезде ұлы өзінше ғұламалық танытпаған адам болса керекті. Сонда баласы менің өміріме қажетті бір ұлағатты сөз айтсаңыз деп өтініпті.
Сонда Лұқпан Хәкім: ұлым бозың ұдайы жанында болсын, әр қалада бір үйің болсын, күнделікті ішкен асың тәтті болсын, әрбір әйел сенің әйелің болсын депті. Әрі ойлап бері ойлап басы қатқан ұл данышпан қарияға келіп, бұл сөздердің мазмұнын айтып беруді сұрапты. Сонда қария: «жарықтық айтқандай айтыпты ғой» деп сөзін жалғастырыпты. Бозың ұдайы қасыңда болсын дегені, қиналған кезде ақылшы адамың болсын дегені. Күнделікті ішкен асың тәтті болсын дегені адал еңбек етіп тәтті болсын дегені – адал еңбек етіп тапқан асың, адал болып бойыңа сіңеді, дәмі тәтті болады, арамдықпен жиған дүние мал, жақсылық әкелмейді дегені, әр қалада бір үйің болсын дегені – әр қалада бір досың болсын дегені, әрбір әйел сенің әйелің болсын дегені өз әйеліңе жаңадан үйленгендей қара, құрметте дегені деген екен. Сонда сенің өмірің мағыналы, әрбір күнің нұрлы болады депті.

http://qazpsi.ucoz.kz/ сайтынан

БЕС НЕГІЗГІ ӨМІРЛІК МАҚСАТ

Жүйке-тіл бағдарламасының білікті маманы, атақты психолог Гарри Алдер бес негізгі өмірлік мақсатты былай көрсеткен:
- білім;
- әрекет;
- иелену;
- қатынас;
- тұрмыс. Қандай бір мақсатты алсаңыз да қайта айналып осы негізгі мақсаттарға келіп тіреледі. Ал сіздің бұл туралы пайымдауларыңыз қандай?

ЖАРНАМАДАҒЫ ДӘРІ – ДӘРМЕКТЕР

Теледидардан, радиодан, газет пен журналдардан кейбір дәрі-дәрмекті кереметтей мадақтап, қасиетін жарнамалап жатады. Маған бұл адамға ауру «тілеп» тұрғандай көрінеді. Сіздіңше қалай?

АДАМДАҒЫ ЕКІ «МЕН» СЕЗІМІ

Кез-келген адамның ішкі дүниесінде екі «мен» өзара таласып күн кешеді. Бірінші «мен» жасаған іске, тірлікке қарсы болып тұрса, екінші «мен» оны қалайды. Мұны коучинг ғылымында «ішкі ойын» деп атайды. Сіздің «ішкі ойыныңыз» қай дәрежеде?

АДАМНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ КҮШТЕРІ

Адам сыртқы күшін көрсету үшін бұлшық еттерін шынықтырып, денесін сәндейді, немесе семіреді. Біреулері орасан зор «джип» тәрізді көлік мініп, басшы орында, жоғарыда отырғанды қалайды. Ал оның ішкі күші қандай деген сауал туады. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Жеті негізгі рухани сауал.

Жеті негізгі рухани сауал.

[Тимоти Лири "Құдайдың жеті тілі"]

1.Құдірет күш туралы.
Ғаламдағы әсер етуші негізгі қуат, галактика мен атомдық ядроларды қозғалысқа келтіретін жоғарғы күш қандай? Мұның бәрі қай жерде және қалай басталды? Ғарыштық жоспар қандай? Космология.

2. Өмір эволюциясы туралы сауал.
Өмір деген не? Ол қай жерде және қалай басталды? Ол қалай эволюцияға ұшырайды? Қайда бағытталады? Биология, эволюция, генетика.

3. Адам туралы сауал.
Адам деген кім? Ол қайдан келді? Оның құрылымы қандай? Оның қызметі неде? Анатомия және физиология.

4.Сана туралы сауал.
Адамның дүние танымы қандай, ол қалай сезінеді, ойлайды? Гносеология, нейрология.

5. Эго туралы сауал.

Мен кіммін? Бұл ғарыштық жоспарда маған қандай рухани, психологиялық, социалдық рөл берілген? Менің не істеуім керек? Социалдық (әлеуметтік) психология.

6. Эмоциялар туралы сауал.
Бұған байланысты менің не сезінуім керек? Психиатрия. Тұлғалық психология.

7. Финалдық (ақырғы) дүниеден өту туралы сауал.
Бұл жерден мен қалай кетемін? Анестезиология (қызығулық және кәсіби). Эсхатология.

 

Тимоти Лиридің бұл сауалдарында өмірлік маңызды мәселелер жатыр. Және де бұл сауалдарға жауап беретін ғылымдар сауал соңында келтірілген. Ал сіздің бұл тұрғыдағы өз пайымдауларыңыз қандай?

« Older entries Newer entries »