Мұхамеджан ҚАРАТАЕВ

Тамыз 8, 2010, 1:18 тк | Posted in Санатталмаған | 8 пікір

Күйзелтетін, күйіндіретін бір жай – қоғам ортасында құлық пен пиғыл өзгерісінің қырсыққа өршуі: пайдакүнемдіктің, маскүнемдіктің, анаша азғындығының арандауы, қылмыстың, қырынқабақтың етек алуы, Абай айтқан: бүгін дос, ертең қас…

Бұл мәселе Сізді күйзелтеді ме?

Advertisements

Шыдам мен еңбек, бәрін де жеңбек

Тамыз 2, 2010, 5:44 тк | Posted in Санатталмаған | 5 пікір

Мен адамның жалқау тіршілік иесі екендігін білемін, дегенмен саған бір парақ қағаз алып және менімен бірге жұмыс істеу еш қиындық келтірмейді. Мен алынған ақпараттарды ешқандай жүйелеуді ұсынбаймын. Өйткені сенде өзіңдікі бар екендігін білемін. Қандай да бір өзгерістерді жасау үшін олардың мақсатын пысықтау қажет.

Сондықтан өзіңе бұл мақсаттарға қатысы бар сауалдарды қойған жөн. Айталық: Мақсат – бай болу. Мақсатты анықтау мен жүзеге асыру үшін болжамды, жорамал сауалдар: – Өзіңді бай деп санау үшін қанша ақша керек: 1000 теңге, 1000 доллар, 1 миллион доллар, 10 миллион? –

Керек соманы (қаржы көлемін) жұмыс істеп табуға саған қанша уақыт қажет: 1 тәулік, апта, жыл, ондаған жылдар? – Ойлағаныңды жүзеге асыру үшін саған қандай білім керек: компьютерлік технологиялар, автокөлік жүргізу, ядролық физика, аспаздық (кулинария), педагогика және т.т.?

– Сенің мақсатың қоғамның экологиялық жақтауларына қаншалықты «сиысады»?

– Бұл мақсаттың жүзеге аса бастауы үшін бұл сәтте қандай анық (реалды) мүмкіндіктер бар: қаржылық құралдардың, идеялардың, білімдердің және с.с. болуы?

– Мен өз мақсатымды барынша кіші мақсаттарға қалай бөле аламын: оқып-үйрену, старттық капиталды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды реттеу?.. Тізімді әрі қарай жалғастыруға болады.

Өзіңе көбірек позитивті сауалдарды қаншалықты қойған сайын, саған соншалықты бұл уақыт теліміндегі мақсаттар АНЫҚТЫЛЫҒЫ түсінікті болады. Өзіңнің жеке тілектеріңе байланысты мақсаттар мен сауалдарды ойластыр және өзгерт.

Тізімді құрастырып, жаса:

1. Менің қолымнан не келеді?

2. Не істей алмаймын, бірақ істегенді қалаймын?

3. Маған мәселені шешуге кімнің жанымда болғаны көмектесе алады?

4. Мен ертең нені иеленгенді қалаймын?

5. Менде қандай оңды қасиеттер бар және оларды ахуалдың дамуында қалай қолдануға болады?

6. Өз мақсатыңды қалай дұрыс ойластыру керек?

Менің тағы да есіңе салғым келеді, Сен бұл мақаланы өзің үшін оқып отырсың, және тек қана өзгерістер сол қалпында қалады. Олар секунд сайын өтеді. Дәл қазір өзгер. Ұзақ дайындықты талап етпейтін кішкентай мақсатты дәл ойластыр.

Мысалы, мақсат – лас ыдысты жуу. Жуумен айналысудан бұрын, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қадамдарды мұқият жаз. Орныңнан тұру, жуғышқа жақындау, суды қосу, шүберекті алу… Бірақ сен, шарт бойынша мұндай заттар туралы ойламайсың, не қажеті бар? Өйткені сен оларды білесің. Қиын емес. Осылайша бәрінде де, егер сен өзіңе не қажет, не қажет еместігін білсең, бақыт құсы саған мәңгілікке қонды деп есептей бер.

Тек ұмытпа: саған ТЕК ӘНШЕЙІН ешкім ешқашан ештеңе істемейді. Егер бірдеңеге қол жеткізгің келген тілегің болса, сен оқиғаның дамуында өзің белсенді қатысуың керек.

Миды ширату

Тамыз 2, 2010, 5:40 тк | Posted in Санатталмаған | 5 пікір

Адамның мазасыздану себептерін сілтеме сауалдар көмегімен анықтау.

ТЕЗИС. «Мені бәрі ызаландырады». Реакция берудің тәсілдерінің бірі. Сені не немесе кім ызаландырады. «ӘНШЕЙІН бәрі ызаландырады». (ЖӘЙ ҒАНА, ӘНШЕЙІН сөзі есіңде ме?). Өтіп жатқан оқиғалардың арасында қандай факторлар сенің ашуыңды келтіреді? «Білмеймін».

Сені қаржылық проблемалар ызаландырады ма? «Жоқ, менде олар жоқ».

Отбасы ше? «Мүмкін, солай болар».

Сенің отбасылық өміріңде дәл не нәрсе сенің ойыңнан шықпайды? «Біздің отбасылық жұптағы қарым-қатынас».

Бұл қарым-қатынаста сен нені өзгерткің келеді, сіздің бірлескен өміріңізге қандай өзгерістердің енуін қалайсыз? «Менің ойымша, әйелім мені сүймейді».

Сен бұл туралы қалай білдің? «Болжам жасап, аңғардым».

Сен мұны қандай белгілер бойынша анықтадың? «Ол маған уақытын аз бөледі және бұрқылдап ұрысады».

Оның еш себепсіз бұрқылдайтыны сені ызаландырады ма? «Себебі бар».

Объективтік пе? «Иә».

Ол саған өз талаптары туралы айтқандағы дауысының үні (тоны) ұнамайтын шығар? «Мен оған көндіккенмін».

Ал сені Жердің дөңгелек екендігі ызаландырады ма? Теңізде құстар емес, балықтардың тіршілік ететіндігі ызаландырады ма? Композитор Бахтың бейсбол ойнамай, музыка шығарғаны ызаландырады ма?

Мұндай сауалдар шектен тыс бірбеткейлікке, «БӘРІ» сөзіне қатысты. Әйеліңнің саған қанша уақыт бөлуін қалар едің? «Мен білмеймін, мүмкін соншалықты, бірақ басқаша шығар».

Қалайша басқаша? «Аялылау».

Сенің түсінігіңде «аялылау» деген не? «Жиірек күлу мен ұнамды сөздер айту».

Күткен әрекеттің жүзеге асуы үшін сен не істедің? «Ештеңе, мен: өзіме көңіл бөлу керектігіне оның өзінің көзі жетер деп ойладым».

Ал ол бұл жөнінде қалай біледі? «Білмеймін».

Егер сен бұл туралы онымен сөйлессең, онда не болуы мүмкін? «Қорқынышты ештеңе емес».

Сен қалай ойлайсың, егер сен әйеліңе өзіңді алаңдататынды дұрыс түсіндірсең және одан мұны ұғуға көмек сұрасаң, ол сені түсінер ме еді? «Егер дұрыс түсіндірсем…».

Ширатудың басталуын: «Мені бәрі ызаландырадыны» ЕСІҢЕ ТҮСІР. Өзіңмен өзің сұхбаттас, өз эмоцияларыңның жетегінде кетудің орнына ішкі келісімге кел.

ӘЛЕМ ЭКОЛОГИЯСЫ

Тамыз 2, 2010, 5:34 тк | Posted in Санатталмаған | 4 пікір

Мен автобусқа ендім, әлдекімнің аяғын басып кеттім. Одан әрі аяқтармен, сөмкелермен жүріп келемін. Бұл жолаушыларда реніш дауылын шақырады, дегенмен, шындығында оларға қарсы ешқандай жаман ойым жоқ.

Алайда мен алға жүріп келемін. Олар менен жайсыздық, ауырсыну мен қолайсыздық алады, сондықтан мені дөрекі жүріп келеді деп есептейді. Бұл менің сол адамдардың экологиялық жақтауларын (рамкаларын) ескермегенімді білдіреді. Олардың мәдениетін, олардың территориялық теңдігін (құқығын), олардың эмоцияларын ескермедім деген сөз.

Іс мынада, адам – бұл жеке әлем. Оның тәртіп сезімі мен бағалау критерийлері сенің елестетулеріңнен ерекшеленеді. Егер сен өзіңнің қандай да бір әрекеттеріңмен қайсыбір адамға жақсылық жасадым деп сенімді болсаң, ол бұл кезде тіптен басқаны ойлауы мүмкін. Жоғарыда келтірілген және соған ұқсас жағдайларда даулы оқиғалардың орын алмауы үшін шын мәнінде ол жаққа қаратып жасайтын сенің әрекетіңнен жаман немесе керісінше жасамасаң жақсы болады ма, соны алдын ала пысықтау, келістіру, кеңесу қажет.

Расында мұны қысқаша да жеткізуге болады: басқаға өзің турасында сынап көргің келмеген нәрсені жасама. Бұл үшін кері байланысты пайдалану қажет. Әрекетті жасамау ғана емес, сонымен қатар олардың әлдекімге зияны тигенін байқай білу. Бақылау да күнделікті өмірде маңызды фактор.

Адамның қандай бір мақсатқа бара жолында белгілі бір әрекеттер қатарын жасауы мүмкін. Егер бұл әрекеттер оны қоршаған адами әлемдерге зиянын тигізбесе, онда экологиялық сақталған. Егер бірдеңеде экологиялық жақтаулар бұзылса, адамда проблемалар туындайды.

Нақты мысал: қоғамдық көлікке мас адам енеді, бар дауысымен барқырап сөйлей бастайды, бәріне тиіседі, боғауыз және былапыт сөздер қолданады. Бәлкім оның еш жамандық істегісі келмеген болар. Бірақ сол сәтте ол өзімен бірге сол автобуста келе жатқан адамдар әлемінің экологиялық жақтауларына сиыспайды. Олар өздері үшін бұл түрінде сау, мас емес жағдайда болу және басқаларға тиіспеу дегенді ұстанымға алған.

Поручик Ржевскийден сұрайды:

– Поручик мырза, Сіз күні кеше ғана үйлендіңіз, ал бүгін енді ажырасып жатырсыз. Бұл қалай? Не болды?

– Біріншіден, ол әйел баяу қозғалып қимылдайды, екіншіден, күнде тамақ жейді.

Экологияны қадағалап, сақтау – көріпкелдік тартуының бірі. Демек, сен қоғамда өмір сүрсең, онда сен өзіңе бағытталған әрекеттер бойына өз қылығыңа басқа адамның қалай реакция беретіндігін алдын ала байқауға міндеттісің. Кейде, адал әрекет етіп, бұл қылықтың өзінің ішкі әлемінде қаншалықты көрініс табатындығын ғана ойлап, оның басқа адамға кесірі тиетініне мүлдем бас қатырып жатпайды. Міне бұл жерде сондай-ақ тұлғалық проблемаларға жетелейтін даулар өтеді.

Міне, кейбір адамдар жөнінде: «Менмен!» деп айтады. Шын мәнінде оның менмендігі қоғамның экологиялық жақтауларын қаншалықты қамтитындығын қарау керек. Егер қоғам адам қимылсыз және қоғамдық мәні бар қандай бір істер жасамайды деп есептесе, сондай-ақ сол үшін оны менмен деп атаса, онда бұл адамның шын мәнінде менмен екендігін білдірмейді. Мұндай мінез-құлықтың жасырын себептерінің болуы да мүмкін ғой: жәй ғана бұл қоғамда жұмыс істегісі келмеу, дене кеселі және солар бойынша адам сол немесе басқа әрекетті орындағысы келмейтін тағы өте және аса көп себептер. Алайда адамның сол немесе басқа әрекетті орындауы үшін, оны бұған аса қатты қызықтыру қажет. Басқа сөзбен айтқанда адамды бұл әрекетті жасауға мәжбүрлейтін бірдеңені ойлап табу керек. Егер адамға бұл тақырыптың қатысы болмаса, егер онда бұған қызығу жоқ болса, онда ол бұл әрекетті немесе өзінде таңдау болмауы себепті жасайтын болады (ол мынадай тұйыққа тірелген – оның қатынасты бұзғысы келмейді немесе басына дау қаламайды, немесе жұмысынан айрылу қауіпі бар), немесе тіпті оны жасамайды.

Әйелі күйеуіне келіп, «Менің теңізге барғым келеді» деуі мүмкін. Ал ол жауап ретінде: «Ал менің барғым келмейді» дейді. Әйелі бұған: «Міне әрқашан осылай болып шығады – сен әлдекіммен теңізге барасың, ал менімен барғың келмейді». Бұл бір адамның – әйелдің позициясы. Егер ол «теңізге қандай себеппен барғың келмейді?» немесе «саған қазір теңізге баруға не кедергі?» сияқты сұрақтар қоя бастаса немесе мұндай сапар үшін өзі жағдай жасаса, онда көбіне-көп ахуал сол жаққа қарай оңды шешілер еді. Бұл мысал әр түрлі адамдардың тілектерінің келісілмегендігін көрсетеді. Нәтижесінде: әйелі күйеуінің жәй ғана бұл әрекетті жасағысы келмейтіні туралы ақпаратты қабылдаудың орнына болған жағдайды жеке реніші ретінде қабылдайды. Егер бұл келіспеушілік созылмалы сипат иеленсе, іс басқа. Онда жұптардың бірінің басқаның әйелімен байланыс орнатуға деген тілегінің қаншалықты екендігі туралы айту қажет.

Шектеулер мен таңдау

Тамыз 2, 2010, 5:28 тк | Posted in Санатталмаған | 2 пікір

Прериямен екі ковбой – Джон және Билл атпен құйғытып келе жатыр. Биллде жүз доллар бар, Джонда ақша жоқ. Джон жолдасының қаржысының өз қалтасына ауысқанын армандайды. Қараса: жолда бір үйме боқ жатыр.

Ол: – Билл, менің мына бір үйме боқты жейтініме жүз долларға бәстесесің бе? – дейді. – Жей алмайсың? Бәстеседі. Ол үймені әп-сәтте «жоқ қылып», жүз бакс алады. Одан әрі шауып кетеді. Биллдің өз ақшасын қайтарғысы келеді. Сол кезде жолда боқтың екінші үймесі кездеседі.

Ол: – Джон, менің де мұны жей алатындығыма жүз долларға бәстесейік. Бәстеседі. Ковбой өз ақшасын кері қайтарады. Өздерінше мәз болып олар әрі қарай жортады.

Сол тұста Джон ат басын іркіп, Биллге таңдана қарайды: – Достым, Билл, осы біз боққа қазір ғана тегін тойғандай көрінбейміз бе?

Мүмкіндік жақтауын қалай кеңейтуге болады? Проблемалық жағдайға реакция берудің де мыңдаған тәсілдерінің бар екендігін сенің білуің қажет, және де оны шешудің қандай тәсілдерін таңдау өзіңе байланысты. Егер сен бірде бұл мәселеге тек осылай және ешқандай басқаша емес қарау керектігі туралы ақпарат алсаң, онда бұл бұған ұқсас қатынасқа барлық өз өміріңде сиынып өт дегенді білдірмейді. «Өзіне мықты (принципиалды) адам» деген, «шектеулі адам» деп естіледі. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерді қарастырайық: «Менің қолымнан ештеңе келмейді, адамдар мені түсінбейді». «Мен – жолы болмаған адаммын». Сенің қолыңнан ештеңе келмейтіндігін сен қалай білдің? Сен азанмен тістеріңді тазалайсың, және де бұл процедураны жасау сенің қолыңнан келеді ме? Сен асты шайнағанда, бұл жүзеге асады ма? Кітапты оқыған кезде, сен әріптерді ажыратып, оның мағынасын ұғып, беттерді парақтай аласың ба? Демек, міне, ал сен: «БӘРІ қолымнан келмейді!» дейсің. Сенің қолыңнан келуі үшін сен дәл нені қалайсың? Бәрі орындалуы үшін қалай жасау керек? Қандай нақты адамдар сені түсінбейді? Айналаңдағылардың бәрі сені түсінбейді ме? Басқалардың сені түсінуі үшін нені қалайсың? Ақпаратты қалай түсінікті етіп жеткізуге болады? Өмір жолыңа кесе көлденең тұрған қиындықтардың сәтсіздіктерге айналмауы үшін қалай істеу керек? Сәтсіздіктен оңды нәтижені қалай жасауға болады? Тек «ҚАЛАЙ» деген сауалды қой. Және оған жауап бер, оқы, сұра, қара, назар сал, үйрен. Есіңде болсын, егер әлдекім бірдемені жақсы жасаса – мұны ӘРҚАШАН қайталауға болады. Миыңды өзіңе көмектесуге мәжбүрле. Ол одақтас. Сен әмір бердің, ол орындады. «Қалай бақытты болуға болатындығы» туралы көптеген кітап оқып, оған қол жеткізе алмауың мүмкін. Теорияны практикада қолданбасаң, ол сол кезге дейін өлі жүк болып жата береді. Дерек. Менің көзімше, ТАҢДАУ мүмкіндігін уысына түсірген адамдар өз өмірлерін жетілген, бай етті. Алдымен олар өз ісінде үздіктер – чемпиондар болды. Тәжірибе жинақтау барысында олар сиқыршыларға, оқиғаларды алдын ала сезе алатын және кез келген қиындықтарды жеңе алатын Адамдарға айналды.

Сана деңгейінде жүріп үйренеміз

Тамыз 2, 2010, 5:16 тк | Posted in Санатталмаған | 2 пікір

Егер проблемалық жағдай, өмірлік қиындық туындаса, ешқашан өзіңе «неге» деген сауал қойма. Неге бұл орын алды, неге бұл дәл менімен болды, неге менің жолым болмайды, неге ол мені сүймейді, силамайды, бағаламайды және с.с. «Неге» сұрақ-сөзі, шарт бойынша өз бойында теріс (негативтік) реңк ұстайды немесе проблеманың мәні туралы теріс пайымдау әкеледі. Қарастырылған оқиғалардың қаншамасы «неге» сөзі талдаудың құрамдас бөлігі екендігі тек қана АҢЫЗ болатындығы дәлелдеген. Егер адам бірдемені керемет орындаса, оған сен «Сен мұны қалай істедің?» деп сауал қоясың.

Сонымен егер теріс бірдеме өтсе немесе қалаған оқиға болмаса, онда шарт бойынша, «неге» деген сұрақ қойылады. Көптеген өмірлік проблемалардан, қиындықтардан, кедергілерден өзіңе «ҚАЛАЙ» немесе «не істеу керек» деген сауал қойып, олардан бой тасалауға болады. Сенде бәрі орындалуы үшін қалай істеу керек, қалыптасқан жағдайды өзгерту бағытында қандай амал қолданған жөн.

Тренинг

Шілде 31, 2010, 1:50 тк | Posted in Санатталмаған | Пікір қалдыру

«Тренинг» психологиялық термині ағылшынның «to train» – оқыту, баптау, жаттықтыру сөзінен шыққан. Бұл оқу құралында «семинар» және «тренинг» терминдерінің мәні бірдей. Сол сияқты «бапкер/тренер» және «жетекші», «микротоп» пен «кіші топ» та сондай.

Тренинг – аса қызғылықты процесс! Өмірінде тым болмаса бір рет тренингке қатысқан адам бұл оқиғаны ұзақ жадында сақтайды.

КЕҢ МАҒЫНАДАҒЫ ТРЕНИНГ БҰЛ:

–         Өзін және қоршаған әлемді тану;

–         Қарым-қатынас арқылы «Менді» өзгерту;

–         Сенімді ау–жайда (атмосферада) және формалды емес жағдайда қатынасу;

–         Білімді бойға сіңіруге арналған ықпалды жұмыс түрі;

–         Ептіліктер мен бейімділіктерді қалыптастыру үшін құрал.

Егер адамды оқыту интербелсенді өтсе, ақпаратты тезірек бойына сіңіреді. Бұл кезде ол ақпаратты алумен бір мезгілде түсініксіз тұстарды талқылау, сауалдар қою, сол тұста алған білімін бекіту, мінез-құлық ептіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктерін иеленеді. Мұндай тәсіл қатысушыларды процеске еліктіреді, ал оқыту процесінің өзі жеңіл және қызғылықты болады.

Өз тәжірибесін иелену тренинг кезіндегі таным процесінің негізі болып табылады.

Қарым-қатынастың формалды емес жағдайын тренингте жетекші қамтамасыз етеді. Ол қатысушылармен тең дәрежеде қатынас жасайды: ол – барлығы сияқты, ол – топтың бөлігі. Ол топпен бірге жұмыс ережесін орнатады. Ол топты алдағы мақсатқа жетелейді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі тренингті дәстүрлі сабақтардан ерекшелендіреді. Одан басқа тренинг үшін қатысушыларды аудиторияда ерекше орналастыру тән – олар шеңбер бойымен отырады. Шеңбер, немесе оны тағы тренингтік шеңбер деп те атайды, мұндай сабақтар үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан тренингке арналған аудитория кең, жиhаздары еркін жылжытылатын болуы тиіс. Одан адамдарды бір-бірінен көлегейлейтін ешқандай кедергілердің (столдар, парталар, артық орындықтар) болмағаны жөн. Шеңбер сенімді ау–жайдың (атмосфераның) туындауына ықпал етеді, қатысушыларға бәрін көруге, бір-бірімен және жетекшімен еркін араласуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шеңберде болу адам санасында қауіпсіздікпен, сенім сезімімен, қызығушылық пен зейіннің болуымен теңестіріледі (ассоцирленеді).

Тренингтің тағы бір ерекшеліктерінің біріне қатысушылардың аздаған тобымен жұмыс істеу үшін көп уақыт жұмсауды жатқызуға болады.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Шілде 31, 2010, 1:21 тк | Posted in Санатталмаған | Пікір қалдыру

 Қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы ақпарат алмасу. Қарым-қатынастың бес негізгі құрамдас бөліктерін жеке қарастырады:

– хабарлама беруші,

– ақпарат,

– ақпаратты беру тәсілі,

– хабарламаны қабылдаушы,

– жауап.

Қарым-қатынасты жеңілдететін факторлар:

– әңгімелесушілердің бір-біріне оң ниет танытуы,

– олардың арасындағы өзара түсіністік,

– қарым-қатынасқа жеткілікті уақыт,

– тақырыптан ауытқымай, айқын және жинақы сөйлей білу бейімділігі.

Бақытты болу

Маусым 10, 2010, 3:03 тк | Posted in Санатталмаған | 2 пікір

Бақытсыз адамдар өздерін бар тұсынан жетілгенбіз дейтін, өз айтқанының бұлжымас дұрыс екендігіне мүлтіксіз сенетін, өз ойларының толығымен пісіп жетілгеніне, өз позицияларының шынайылығына имандай ұйыйтын адамдар. Олар өздерінің стереотиптер әлемінде өмір сүреді, бірақ әр күні анықтықпен (болмыспен) бетпе–бет келіп, олардың қателескені дәлелденеді. Сондықтан олар бақытсыз.

Бақытты адам өзінің әлі жетілмегенін қабылдау ережесі бойынша өмір сүреді. Мен өзімнің жетілмегенімді, шектеулі екенімді, өзімнің құдіретті емесімді, қолымнан бәрі келмейтіндігін білемін. Менің қателесуге құқығым бар. Мен басқалар сияқты бақытты адам екендігімді түсінемін. Олардан ештеңемен ерекшеленбейтін, жеке дара, қайталанбас, жетілмеген тұлғамын, өз бойымдағы қабілетімді, табиғат берген талантты жүзеге асырып, бақытты болуға ұмтылған жанмын.

Айналадағы адамдар жөнінде

Маусым 9, 2010, 2:34 тк | Posted in Санатталмаған | 4 пікір

Адамдар – айна. Олар біздің байқамағанымызды көруге және қабылдауға жәрдемдеседі. Сіз оларды көргенде ызаланатын, ашу буып, теріс эмоциялар пайда болатын адамдардың бар екендігі рас. Олардан нені қаламайтындығыңыз туралы ойланыңыз. Сол кезде сіз өзіңізден немесе айналадағы адамдардан сол нәрсені көресіз. Адамдар айна тәрізді. Олар біздің санамызды кеңейтуге, стереотиптерден арылуға, әлемге барынша ашық болуға және әлемнің бізге өз есігін айқара ашуына көмектеседі.

Адамдар – жаттығу құралдары. Біз адамдарды сүюді, шыдамды болуды, жауапкершілге айналуды үйренгіміз келген кезде оларды сүю, оларға шыдамды болу, олар үшін сөзіңде тұру мүмкін емес адамда пайда болады. Не үшін? Өйткені олар жаттығу құралдары. Егер біз өз бұлшық еттеріміздің қуатын арттырып, күштірек болғымыз келсе, онда біз жаттығамыз. Демек, бұл адамдар бізге сүюге жаттығуға ықпал етеді. Оларсыз біз сүюдің не екенін білмес едік, оларсыз біз жетілмеген, дамымаған болар едік, адамдар әлемін онша жақын қабылдай алмас едік.

Енді соңында періште адамдар туралы. Олар – хабаршылар. Олар біздің өмірімізде маңызды хабар беру, менің жолымды қысқартып, жетер мақсатыма, өз өмірлік жолымызда пайдалы істер атқару үшін болатын адамдар. Олар келіп, бізге ақыл–кеңесін айтады, бірақ таңдау өзіңде қалады. Оны қабылдауымыз немесе қабылдамауымыз мүмкін, немесе теріске шығаруымыз ықтимал. Бірақ кейін «Бізге айтып еді ғой!» деп есімізге түсіреміз. Демек, біздің адамдарға барынша зейін қоюымыз, өмірде басы артық, қажетсіз адамдардың болмайтындығын түсінуіміз керек.

Келесі бет

Create a free website or blog at WordPress.com.
Entries and пікірлер feeds.