Тренинг

Шілде 31, 2010, 1:50 тк | Posted in Санатталмаған | Пікір қалдыру

«Тренинг» психологиялық термині ағылшынның «to train» – оқыту, баптау, жаттықтыру сөзінен шыққан. Бұл оқу құралында «семинар» және «тренинг» терминдерінің мәні бірдей. Сол сияқты «бапкер/тренер» және «жетекші», «микротоп» пен «кіші топ» та сондай.

Тренинг – аса қызғылықты процесс! Өмірінде тым болмаса бір рет тренингке қатысқан адам бұл оқиғаны ұзақ жадында сақтайды.

КЕҢ МАҒЫНАДАҒЫ ТРЕНИНГ БҰЛ:

–         Өзін және қоршаған әлемді тану;

–         Қарым-қатынас арқылы «Менді» өзгерту;

–         Сенімді ау–жайда (атмосферада) және формалды емес жағдайда қатынасу;

–         Білімді бойға сіңіруге арналған ықпалды жұмыс түрі;

–         Ептіліктер мен бейімділіктерді қалыптастыру үшін құрал.

Егер адамды оқыту интербелсенді өтсе, ақпаратты тезірек бойына сіңіреді. Бұл кезде ол ақпаратты алумен бір мезгілде түсініксіз тұстарды талқылау, сауалдар қою, сол тұста алған білімін бекіту, мінез-құлық ептіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктерін иеленеді. Мұндай тәсіл қатысушыларды процеске еліктіреді, ал оқыту процесінің өзі жеңіл және қызғылықты болады.

Өз тәжірибесін иелену тренинг кезіндегі таным процесінің негізі болып табылады.

Қарым-қатынастың формалды емес жағдайын тренингте жетекші қамтамасыз етеді. Ол қатысушылармен тең дәрежеде қатынас жасайды: ол – барлығы сияқты, ол – топтың бөлігі. Ол топпен бірге жұмыс ережесін орнатады. Ол топты алдағы мақсатқа жетелейді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі тренингті дәстүрлі сабақтардан ерекшелендіреді. Одан басқа тренинг үшін қатысушыларды аудиторияда ерекше орналастыру тән – олар шеңбер бойымен отырады. Шеңбер, немесе оны тағы тренингтік шеңбер деп те атайды, мұндай сабақтар үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан тренингке арналған аудитория кең, жиhаздары еркін жылжытылатын болуы тиіс. Одан адамдарды бір-бірінен көлегейлейтін ешқандай кедергілердің (столдар, парталар, артық орындықтар) болмағаны жөн. Шеңбер сенімді ау–жайдың (атмосфераның) туындауына ықпал етеді, қатысушыларға бәрін көруге, бір-бірімен және жетекшімен еркін араласуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шеңберде болу адам санасында қауіпсіздікпен, сенім сезімімен, қызығушылық пен зейіннің болуымен теңестіріледі (ассоцирленеді).

Тренингтің тағы бір ерекшеліктерінің біріне қатысушылардың аздаған тобымен жұмыс істеу үшін көп уақыт жұмсауды жатқызуға болады.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Шілде 31, 2010, 1:21 тк | Posted in Санатталмаған | Пікір қалдыру

 Қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы ақпарат алмасу. Қарым-қатынастың бес негізгі құрамдас бөліктерін жеке қарастырады:

– хабарлама беруші,

– ақпарат,

– ақпаратты беру тәсілі,

– хабарламаны қабылдаушы,

– жауап.

Қарым-қатынасты жеңілдететін факторлар:

– әңгімелесушілердің бір-біріне оң ниет танытуы,

– олардың арасындағы өзара түсіністік,

– қарым-қатынасқа жеткілікті уақыт,

– тақырыптан ауытқымай, айқын және жинақы сөйлей білу бейімділігі.

WordPress.com-дағы блог.
Entries and пікірлер feeds.