Мақсат қою ережесі.
February 6, 2010 at 12:24 pm | In Адам психикасының құпиялары | 3 CommentsTags: Адам психикасының құпиялары
Психологтардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген проблемалар адамдардың өз алдына мақсатты дұрыс қоя білмегендегінен туындайды. Демек, егер мақсат нашар анықталса, оған қол жеткізу тым қиын. Әзірше, мақсат қоюдың екі ережесі беріледі, толық нұсқасында бұл тоғызға жуық.
1. Мақсат оңды құрастырылуы қажет – яғни бұл сіздің қаламайтыныңыз емес, алғыңыз келетініңіз болуы міндетті. Мысалы, «мен өзімді мазақ еткенді қаламаймын» емес «мен өзімді өзіме сенімді адам ретінде көрсеткім келеді». Демек, мақсатты құрастыру аз, оны дұрыс құрастыру маңызды.
Кезінде генерал Эйзенхаур өз жауынгерлеріне «Егер бізге ештеңе бөгет болмаса» емес, «Біз табысқа жеткен кезде» дейді екен.
2. Сіз мақсатты көз алдыңызға жақсы елестетуіңіз қажет. Өзіңіздің бұл мақсатқа қол жеткізуіңіз нені білдіреді? Сіз нені сезінетін, сіз нені көретін, сіз нені еститін боласыз. Өзіне сенімді… (есіміңізді қойыңыз) қалай көрінетінін елестетіңіз, ол қалай сөйлейді, қалай қозғалады, мұнда не сезінеді. Егер өзіңізге қажетті нәтижеге басқа адамдарға байланысты болса, олардың реакциясы қандай: олардың бет-әлпеттерінің қандай болуы қажет, олар не дейді, қандай интонациялар болады және с.с.
Алғашқы бапты – барынша саналы, вербалдық бөлік, ол екіншісін – бейсаналық, вербалдық емес бөлік деп айтуға болады.
Сезімталдық. Сізге өзіңіздің мақсатыңызға жылжығаныңызда немесе жылжымағаныңызды білу үшін барынша аңғарымды және сезімтал болуыңыз қажет. Мысалы, сізге өзіңіздің әрекетіңізге жауап ретінде өзіңізде немесе басқа адамдарда болатын өзгерістерді оларды өзіңіздің мақсат туралы пайымдауларыңызбен салыстырып көру үшін байқай білу қажет.
Икемділік. Өз мінез-құлқыңызда жеткілікті икемді болыңыз. Әрбір жағдайда сізде әрекет ету нұсқалары көбірек болса, мақсатқа жету ықтималдылығы соншалықты үлкен. Ал егер мақсат бағыт, ал сезімталдық ең алдымен кері байланыс берсе, онда икемділік – бұл мүмкіндіктердің кеңдігі.
Сонымен, мақсатқа қол жеткізу үшін мыналар қажет:
- мақсат ептілігі;
- сезімталдық;
- икемділік.
Табысқа жету сырлары
February 5, 2010 at 1:18 pm | In 1 | 7 CommentsҚандай адам болмасын табысқа жеткісі келеді. Бұл тұрғыда практикалық психологтар мынадай нұсқау береді. Оны қабылдау, қабылдамау әркімнің өз еркі. Кез-келген арман жоба болып табылады. Сонымен, жобамен жұмыс істеу кезінде негізгі 4 аспектті бөліп қарастырылады:
1. Мақсатты құру. Оның талдануы мен визуалдануы, бұл мақсатты қол жетімділігіне, анықтығына (реалдылығына) және экологиялығына тексеру.
Бұл кезеңде ең маңызды коучингтік сауал деп мынаны есептеуге болады.:
Мен шын мәнінде нені қалаймын?
Бұл шабытты құру үшін қажет, бұл армандау кезеңі. Өйткені егер нені қалайтыныңды білмесең, қайда тап болатының белгісіз! Сіз мүмкін ешқашан ештеңеге қолы жетпейтін, өйткені қарапайым нақты мақсатты жоқ адамдарды білетін боларсыз. Екінші жағынан алғанда, біздің бәрімізге күнделікті, апта сайын, ай сайын алдына нақты мақсат қойып және барынша сезілетін нәтижелерге қолы жететін адамдар белгілі. Олардың табыстары нақты сызылған қол жетер мақсаттарға көңіл бөлу бейімділігімен түсіндіріледі. Адамдар көбіне тек қана өздерінің армандауына тиым салады. Көбісі нақты мақсаттарды қоюға қорқады. Және бұл кезеңде коучтың міндеті – клиентке бұл күйреткішті – шабыттану қорқынышын жеңуге және мақсаттарды қоюға үйренуге көмектесу.
2. Жобаны жүзеге асыру.
Бұл әрекет ету жоспарын құру кезеңі, бұл сонымен жылжу қажет болатын жол. Бұл кезеңдегі маңызды сауал:
Менің бұған қалай қолым жетеді? сұрағы болып табылады.
Адамды бұл кезеңде екінші күйреткіш – жеңілу қорқынышының күтіп тұруы мүмкін. Кейде адамдар өздерін басқалармен салыстыра бастайды. Және көбіне бұл салыстыруда жеңіліске ұшырайды. Бұл кезеңдегі коучтың міндеті клиентке өз күштеріне сенуге көмектесу, қажетті қабілеттердің барлығын табуға жәрдемдесу (ал олар онда бар!). Бұл жерде мінез-құлықтық икемділікті дамыту өте маңызды. Өз мақсаттарымызға қол жетудің көбірек тәсілдерін білген сайын, біз соншалықты тез және қарапайым оларға жетеміз!.
3. Түрткі (мотивация). Бұл жобаны өмірге ретімен енгізу кезеңі. Бұл жерде өте маңызды сауал:
Бұл сізге неге керек?
Бұл сарапшыларды және командамен жұмысты модельдеу, өзіңізді және басқаларды одан арғы жұмыс үшін ынталандыру. Бұл кезеңді жобаның жұмысшы бұлшық еттері деп атауға да болады. Және бұл кезеңде адамды тағы бір күйреткіш – өзіңе де, басқаларға да түңілу қорқынышы күтіп тұруы ықтимал. Бұл кезеңде адам, еш уақыттағыдай емес, өз көшбасшылық қасиеттерін дамытып және толық көлемде көрсете алуы мүмкін. Өзіңді және басқаларды түрткілеу ептілігі – кез-келген адам үшін маңызды қабілет. Және бұл коучтың басты мақсаты.
4. Аяқтау. Бұл кезеңде мына сауалды қою өте маңызды:
Мен нәтижеге қол жеткенімді қалай білемін?
Жобадан шығу мен аяқтау – өте маңызды кезең. Бұл кезеңде адамда ішкі дау (конфликт) (төртінші күйреткіш) пайда болуы мүмкін: алайда жалпы алғанда аяқтау қажет пе, одан әрі не болады, бәлкім мен бірдемені жасамаған шығармын, мүмкін соншалықты өзіме жүк арту керек емес шығар… Дәл осы кезеңде коуч клиентке өз творчестволық бастамасына, шеберлігіне және түйсігіне (интуициясына) «Иә» деп айтуға көмектесе алады. Аяқтау кезеңі – бұл ішкі тұтастыққа өту.
Ғалымдар бастыққа ашуыңды көрсеткеннің – пайдалы екендігін анықтаған!
January 25, 2010 at 11:26 am | In Адам психикасының құпиялары | 5 CommentsБритандық ғалымдар өз бастығыңа ашуыңды көрсеткеннің және оған кейістік білдіргеннің компания денсаулығы мен жұмыс ұжымындағы ау-жайға пайдалы екендігін анықтады. Осылайша жұмысшы ойындағысын түгел айтуға мүмкіндік алып, басшы өз қарамағындағылардың неге риза еместігі жөнінде сурет құрастыра алады.
Ғалымдар британдық психологтардың Конференциясында жария етілген эксперимент нәтижесіне сүйеніп осындай тұжырымға келді. Эксперимент бастамашылары әр түрлі компаниялардың 150 менеджерін шақырып, оларды екі топқа бөлді және қарамағына 500-ден жұмысшы берді. Эксперимент шартына сәйкес бірінші топ ұдайы қарамағындағылардың сынына ұшыраса, екіншісінде – мұндай болған жоқ.
Эксперимент нәтижесінде басшыларды лайықты сынау – прогрессті дамытудың керемет қозғаушы күші екендігі анықталды. Басшылар өз қызметкерлерінің жұмысын қалай өнімді және ұнамды ететіндігін білді, ал жұмысшылардың өздері өзіне ызаланып және риза болмайтындармен салыстырғанда стресске аз ұшырайтынын және қан қысымының қалыпты болатындығын аңғарған.
Бірақ мен мұның біздің елдегі түрін елестете алмадым.
КОУЧИНГ ІЛІМІ ТУРАЛЫ
January 25, 2010 at 5:09 am | In Адам психикасының құпиялары | Leave a CommentКоучинг ілімі қазір әлемнің көптеген елдерінде табысты қолданылады. Тимоти Голви, Джон Уитмор, Мерлин Аткинсон, Томас Леонард және басқалары сияқты жетекшi әлем коучтары өз практикасымен адамдарға қызмет етуде. Менің блогымда коучинг мынау деп көрсетілмегенмен, оны элементтері көрініс береді. Елімізде де коучингтің алғашқы қадамы жасалған. Алайда қазақ тілінде бұл туралы мағлұмат беруді жөн көрдім.
Коучинг (ағылш. соасhing – бапкерлік) – бұл адамға өзінің жеке мақсаттарын айқындау мен оған қол жеткізуге кәсіби көмек. Бұл анықтаманы жасаған коучингтің негізін қалаушы Джон Уитмор.
Коучингтің халықаралық федерациясының анықтауына сәйкес кәсіби коучинг – бұл клиенттерге өз жеке және кәсіби өмірінде нақты нәтижелерге қол жетуге көмектесетін үзіліссіз қауымдастық. Коучинг процесі арқылы клиенттер өз білімдерін тереңдетеді, өз ықпалдылығын және өмір сапасын арттырады.
Ағылшын тілінің қысқаша Оксфордтық сөздігі “соасh” етістігінің мынадай анықтамасын береді – “жаттықтыру, оқыту, ақыл қосу, бағыттау, деректермен қамтамасыз ету”.
Коучинг – бұл серіктестердің өмірде, мансапта, бизнесте ең жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал ететін кәсіби қатынастар процесі. Коуч кеңес беретін консультант есебінде емес, мәселелердің шешімін іздеудегі кәсіби дем беруші рөлінде болады. Коуч әрбір клиенттің творчестволық мүмкіндігін ашады, клиент өмірінде жеткілікті өзгерістердің болуын қамтамасыз ететін оңды нәтижелерге қол жетуді демейді және ықпал жасайды.
Коучингтің басты мақсаттары мыналар болып табылады:
- мынадай құралдар: ықпалды сауалдар, мұқият тыңдау, түйсіктер (интуициялар), өмірлік тепе-теңдікке (балансқа) оқыту және оны бірлесіп табу көмегімен клиенттің проблемалық жағдайларын шешу;
- клиенттің ақырғы шешімді қабылдауы;
- өздігінен оқуды ынталандыру;
- клиент мүмкіндігін ( потенциалын) толық ашу;
- клиент түрткісін (мотивациясын) арттыру.
Қазіргі кезде бұл тәсілді қолдануға болатын бірнеше басымдылыққа ие аумақтарды жеке бөліп қарастыруға болады:
- корпоративтік коучинг;
- маркетингтегі коучинг;
- кіші бизнестегі коучинг;
- өзара қарым-қатынас коучингі;
- жетістікке жету коучингі;
- әдемілік және денсаулық коучингі;
- оқытудағы коучинг.
Ресурстар
December 13, 2009 at 7:49 am | In Адам психикасының құпиялары | 6 Comments
Жалпы жұртта психологияны абстрактты, ұғынылуы қиын, керегі шамалы деген жалған пікір орын алады. Алайда, психология өмірмен етене байланысты. Біздің айтқан сөзіміздің, жасаған әрекетіміздің және т.б. түпқазығы – психология. Бірақ біз осы өмірде бұл керемет мүмкіндікті қалай пайдаланамыз.
Төменде мен ЖТБ-дағы ресурстар жөнінде ұғымдарды келтіріп отырмын. Мүмкін қажетіңізге жарар.
- материалдық;
- ақпараттық;
- жеке тұлғалық (бейімділіктер, ептіліктер);
- қарым-қатынастық (коммуникативтік);
- уақыт.
Бұл ресурстарды әркім өзінше түсінеді және оған еркі бар. Ол – ол, ал мен – мен. Алдыңғы төртеуінің орынын толтырып, бүгін болмаса, ертең иеленуге болады. Бірақ уақыттың орынын толтыру мүмкін емес. Сондықтан әрбір күнімізді тиімді пайдалану жолдарын қарастырайық.
Менің блогымдағы жазбаларды ақыл айту деп емес, ой салу деп ұғынған жөн сияқты.
Балаби шешен кезінде айтқан екен: “Үгітті – ұққанға, ақылды – жұққанға айт” деп. Бізде психолог, психотерапевт деген мамандықтар туралы сөз қозғағанда тек осы кезеңді еске аламыз. Арғы аталарымыздың бұл мамандықтарды білмегенімен, мықты психолог, мықты психотерапевт болғаны көрініп тұр. Бір ғана сөзімен, кез-келген дауды, болғалы тұрған соғысты тоқтата білген.
Шіркін, сол сөздерді қазіргі заманға бейімдесе ғой. Тіл де көгерер еді, адамдардың санасы да басқа деңгейден көрінер еді.
Кешегі мен бүгінгі және ертеңгі
December 13, 2009 at 6:56 am | In Адам психикасының құпиялары | 4 CommentsКешегі көрген бүгін жоқ,
Ұшып кеткен көбелек.
Қашаған КҮРЖІМАНҰЛЫ
Бүгінгі таңда батыс психологиясының өмірімізге еніп келе жатқанын аңғаруға болады. Дегенмен, оның қаншалықты пайдасы бар? Еліміз капиталистік даму жолына түсті. Кешегі кеңестік психологиядан біртіндеп арылып келе жатырмыз. Менің ойымша адамзат ойлап тапқан барлық игіліктерді пайдаланумен қатар қазақтың да психологиясын ұтымды қолдануға болатын сияқты. Бұл жерде мүлдем пайдаланбай жатырмыз деген ұғым тумауы керек. Тек кеңірек жаңа заманға бейімдеп жасаған тиімді.
Өмір – өткінші. Мәңгілік жасаған ешкім жоқ.
Жоғарыдағы өлең жолдары бұдан бірнеше бұрын жазылған. Алайда онда психологиялық терең ой жатыр. Практикалық психологияда, оның ішінде ЖТБ-да уақыт жөнінде айтқанда кешегі, бүгінгі және ертеңгі деген ұғымды қолданады. Кешегі мен ертеңгі немесе алдағы – бұл қиял. Адамға дәл осы сәтте керегі бүгінгі, яғни дәл қазіргісі. Сондықтан кешегі өтіп кеткен, ешқайда кетпейді, біздің төменгі санамызда қалады. Жақсы болса, көңілімізді жадыратады. Жаман болса, көңілімізді құлазытады. Бұдан шығатын түйін – бойымызға тек оңды (бұл жерде позитивті деген дәл келеді) құбылыстарды жинайық. Өткен өтіп кетті, оны өзгерте алмайсың, бірақ төменгі санадан оны алып тастау мүмкіндіктері бар. Мысалы, қорқыныш, үрей және т.б. Мұны мамандар жасай алады. Тек сіздің көмегіңізбен.
Бүгінгіміз көбірек позитивті болсын! Сол кезде алдымызда да позитив молырақ күтіп тұратын болады. Позитивті иелену жолдары жеткілікті. Тек көңіліңе ұнағанын ала біл. Сіз мұны қалай жасар едіңіз.
Сөздің, әрекеттің экологиялығы туралы
December 12, 2009 at 3:24 pm | In Адам психикасының құпиялары | 2 Comments
Адам адаммен сөйлескенде, олардың негізгі ақпарат беру құралы сөз. Бұл музыкадағы нота сияқты. Әрбір сөздің мағынасы, мәні бар. Бірақ сол сөзді айтқанда кейде қарсылыққа ұшырап, әңгімелесушімізді ренжітіп алып жатамыз. Әрекетте де сондай. Бұл неден?
Мүның басты себебі – біз кейде сөздің немесе әрекеттің экологиялығы туралы естен шығарып аламыз. Бұл – сөздің немесе әрекеттің басқа адамға зиянының тимеуі және қолайсыздық тудырмауы.
Мәселен, көпшілік пайдаланатын көлікке мас адам мінді делік. Оның көңіл-күйі көтеріңкі. Былапыт сөз айтып, айналасындағыларды итере, өңмеңдеп келеді. Өзіне жайлы, ал айналасындағыларға ше?
Міне, басқа адамдардың экологиялығы бұзылады. Олар өздерін жайсыз сезінеді. Мас адам көліктен түсіп кеткенше, әре-сәре болады. Бұл бір ғана мысал. Мұндай оқиғалар өмірде көп емес пе…
Сіз өз әрекетіңізде сөз, әрекет экологиялығын қалай сақтайсыз?
Сенім туралы
December 12, 2009 at 3:10 pm | In Адам психикасының құпиялары | 2 Comments
Сенімге әркім өзінің анықтамасын берері анық. Мен бұл жерде ол туралы блогшылардың пікірін білгім келеді. Әрине, сенбесең ешқандай жаңа білім, ептілік иелене алмайсың. Алайда адамның сеніміне кіріп оны алдап, пайдаланып жатырғандар көп емес пе?
Жалпы саналық сенім және санадан төменгі сенім деп бөлінеді. Алдыңғысы санамен сезінетін сенім, ал екіншісі сананың төменгі бөлігіндегі сенім. Соңғысының ықпалы басым.
Өйткені адамның санасы шектеулі. Бір мезетте ол бар болғаны (-) (+) 7 ақпаратты ғана қабылдай алады. Яғни 5-9 ақпарат қана. Ал төменгі сананың мүмкіндігі мол. Барлық ақпараттар сонда сақталады.
Бір қызығы төменгі сана кез-келген ақпаратты, ол жағымды болсын, жағымды болмасын, егер сана рұхсат берсе қабылдай береді.
Сондықтан кейбір алаяқтар, төменгі сананың сырын білетіндер, мұны тиімді пайдаланады. Абай болыңыз!
Сіз психологиялық денсаулық туралы не білесіз?
December 12, 2009 at 2:56 pm | In Адам психикасының құпиялары | 2 Comments
Адамның жаны мен тәні болатындығы белгілі. Жаны ауырса – психиатрға, тәні ауырса – терапевтке, хирургқа және т.б. мамандарға барады. Ал психологиялық тұрғыда жайсыздықтар болса ше? Онда психологқа бару керек деген ұғым туындайды. Бірақ осы мүмкіндікті пайдаланып жүрміз бе…
Тән – бұл дене, жан – бұл мидағы құбылыс, түсінікті болу үшін мен мойынды осы екеуін байланыстыратын ағзаға теңедім. Демек, тән саулығы да, жан саулығы да, мойын байланыстыратын, алдыңғы екеуінің көпірі - психологиялық денсаулық та адамға қажет.
Тек мұны сіздердің біліп жүрулеріңіз үшін айтқаным ғой. Ал психологиялық ауытқулармен әрқайсымыз күнделікті кездесеміз және жайсыздықтар, қолайсыз көңіл-күйлерді және т.б. бастан кешеміз.
Жүйке-тілдік бағдарлама (НЛП) жөнінде қысқаша
December 12, 2009 at 2:21 pm | In Адам психикасының құпиялары | Leave a CommentЖүйке-тілдік бағдарлама өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-ның Санта-Круз қаласында пайда болды. Оның негізін қалағандар математика мен есептеу техникасына маманданған жас ғалым Ричард Бэндлер мен гештальт-терапия маманы Джон Гриндер.
Бұл екі ғалымның бірлескен зерттеулері нәтижесінде ЖТБ (НЛП) деп аталатын психологиядағы жаңа құбылыстың негізі қаланды.
Біз өз сезім ағзаларымызды сыртқы тәсілмен, әлемді қабылдау үшін және ішкі тәсілмен, күйзелістерді өзімізге өзіміз «репрезинтерлеу» (қайта пайымдау) үшін пайдаланамыз.
ЖТБ-да біздің миымыздағы ақпаратты алатын, сақтайтын және кодтайтын жолдар: суреттер, дыбыстар, сезімдер, иістер және дәмдер – репрезентативтік жүйелер ретінде белгілі. Репрезентация біздің тәжірибеміздің қалай ұйымдастырылғанын және әлемді қалай суреттейтінімізді анықтайды.
Бұл сезімдермен (кинестетикалық жүйе), образдармен (визуалдық жүйе), дыбыстармен (аудиалдық жүйе), білім жинағы ретінде (рационалдық немесе дискреттік жүйе), немесе сирек қолданылатын иіс пен дәм түріндегі сенсорлық сезімдермен білінеді.
Біздің әлемді ішкі суреттеуіміз қатынаста, біздің ым және ишараттарымызда қолданылатын сөздерде өз көрінісін табады. Сондықтан жаңа ғасырда бұл ілімді кез-келген адам иегере алады және ол ықпалды қарым-қатынасқа, табысқа, жетістікке жетелейді.
Бұл жаңа киім сияқты өзіңізге шақтап көресіз, ұнаса киесіз, ұнамаса шешіп тастай саласыз. Бірақ оны үйрену үшін аздап тер төгуге тура келеді. Мен жаңа сайтымда қазақ тілінде осы мәселелерді қозғап, қанадастарыма пайдасы тисін деген мақсатпен материалдарды жариялаймын. Бұл блогта да ЖТБ-ның кейбір тұстары әңгімеленетін болады. Сайт мекен-жайы: http://zhtb.ucoz.kz/
Blog at WordPress.com. | Theme: Pool by Borja Fernandez.
Entries and comments feeds.





